I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет9/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

19. Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Эмпирикалық әдіс: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, интервью, іс-құжаттарды талдау, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау.
Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде “құбылыс” деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер “мәні” деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәнінің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірі мен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас - емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді.
20. Бақылау әдісі ғылыми талаптарының сақталуы.
Бақылау ғылыми болу үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет:
1. Мақсатқа бағытталу – бақылау балаға емес, нақты жеке тұлғалық ерекшеліктердің пайда болуына жүргізіледі.
2. Жоспарлау – бақылауды бастамас бұрын белгілі бір міндеттерді (нені бақылау керек) белгілеп, жоспарын (мерзімі мен құралдары) көрсеткіштерін (нені жазу керек), мүмкін болатын есептерді (қателер) және оларды алдын ала ескерту жолдары мен алдын ала болжамды нәтижелерін әбден ойлау керек.
3. Өзін-өзі бөлу – бақылау жанама міндетті емес, өз алдына бөлек болу қажет. Мысалы, балалармен орманға экскурсияға бару олардың сапасын көрсетуде озық әдіске саналмайды, өйткені мұндай жолмен алынған мәліметтер кездейсоқ болады, сондықтан басты назар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
4. Табиғилық – бақылау балаларға табиғи жағдайларда жүргізілуі керек.
5. Жүйелілік – бақылау оқиғадан-оқиғаға емес, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек.
6. Объективтілік - тәрбиеші өз пайымдауын растауда «өзі көретіндей емес», объективті фактілерді жазу керек.
7. Фиксация /жазу/ - мәліметтер бақылау барысында немесе одан кейін сол мезгілде жазылу керек.
Бақылау әдісінің тиімді емес жағы кездеседі:
- Кездейсоқ факторлардың әсерін жою мүлде мүмкін емес.
- Бәрін жазу мүмкін емес.Сондықтан маңыздыларын жіберіп, маңызды еместерін белгілеуге болады.
- Бақылау барысында зертелуші өзінің табиғи жағын өзгертіп жіберуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет