I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет5/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

Зерттеу міндеттері – зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру. 
Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
9. Педагогикалық диагностика
Диагностика- белгілі мазмұны мен күрделірек деңгейіне қарай қандай да бір әрекетке дайындық деңгейін анықтау процедурасы.
Педагогикалық диагностика – педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтің кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. Педагогикалық диагностика - педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау процесі және оның әрекетінің және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.
Пед-қ диагностика – білім беру процесінде туындайтын диагностикалық мәселелерді шешу.
10. Психологиялық диагностика
Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеугде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндіктерін анықтау.
Педагогтың іс-әрекетінде балалардың жеке тұлғасын зерттеу негізгі орын алады. Бұл зерттеу әрбір баланың психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты реттеуге және оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді.балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функциональдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлыө жағынан даму қиындықтьарын анықтау үшін қажет.


11. Педагогикалық диагностиканың аспектілері
-​зерттеу;
-​мәліметтер жинау;
-​салыстыру;
-​түсіндіру;
-​талдау,
-​болжау; 
-​балаларға диагностикалық әс-әрекет нәтижелерін хабарлау.
12. Зерттеу проблемасының шынайылығы
Педагогикалық зерттеулер - оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады.
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет