I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Зерттеу әдістерін талдау принциптері



бет7/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

15. Зерттеу әдістерін талдау принциптері
Пед-қ зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары.


Зерттеу әдістерін талдау принциптері:
-бірнеше зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде кең көлемді материал алынады. Педагогикалық құбылыстар мен процестер өте күрделі болғандықтан зерттеу нәтижесі түрлі факторлар мен шарттардың әртүрлі болуына ықпал ететіндей болуы керек.
- Зерттеу әдістерін талдауда зерттеуші мен зерттелушінің мүмкіндігін және құбылыстың мәніне қарай таңдау қажет. Мысалы,бастауыш мектеп балаларына жазбаша сұрай түрлері анық, түсінікті болып, 2-3 топта бастап қолдану керек.
- Зерттеу әдістері адамгершілік нормаларға қайшы келсе, зерттеуге қатысушыларға және оқыту-тәрбиелеу процесіне зиян келтіретін жағдайда тоқтату керек.
16. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері
Теориялық талдау – педагогикалық қбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады. 
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу - бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алупроцесі.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Тарихи-педагогикалық зерттеулерде диалектикалық-материалистік, талдамалық, дедуктивтік және индуктивтік әдістер қолданылады.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет