Орта мектептің химия курсында зат құрылысын оқыту әдістемесі
Зат құрылысы жайлы мәселелерді орта мектептің химия курсында оқытудың мақсаты мен міндеті.
Зат құрылысы туралы бейорганикалық және органикалық химия курсында теориялық білімнің берілу деңгейі.
Әр түрлі бейімді мектептерде тақырыпты оқыту реті мен көлемі.
Атом молекулалық ілімді, электрондық және энергетикалық түсініктерді оқыту кезеңінде зат құрылысы жайлы түсініктердің берілуі. Электрондық көзқарас тұрғысынан валенттілік пен тотығу дәрежесі жайлы түсініктерді қалыптастыру.
Оқушылардың химиялық байланыс табиғаты жайлы және зат құрылысы туралы жалпы білімдері, зат қасиетінің құрылысына тәуелділігін ашып көрсету. Органикалық химияны қабылдауға тірек базасын құру. Г.И.Шелинскийдің зат құрылысын оқыту әдістемесі жайлы еңбектері.
Химиялық реакция жайлы түсініктерді қалыптастыру және дамыту
Химиялық реакция түсінігінің мазмұндық құрылымы: белгілері,мәні, реакция механизмі, түзілу және жүру заңдылықтары, жіктелуі, сандық сипаттамасы, сарамандықта қолданылуы және зерттеу әдістері.
Химия курсында химиялық реакция жайлы білімнің орны.
Электрондық теория негізінде химиялық реакция түсінігінің даму бағыты мен принциптері. Г.И.Шелинскийдің реакция энергетикасын зерттеу әдістемесі жайлы жұмыстары. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар және химиялық тепе-теңдік жайлы түсініктерді қалыптастыру.
Кинетикалық көзқарастар: химиялық реакция жылдамдығы, реакция жылдамдығының әр түрлі жаңдайларға тәуелділігі, катализ. Химиялық процестерді меңгеру.
Химиялық реакциялар жайлы білімді қорытындылау.
Жүйелеу білігі химиялық реакция түсінігі болатын химия курсын құру. Оны химиялық зат түсінігіне негізделген курспен салыстыру.
Электролиттік диссоциация теориясын IX сыныпта оқыту әдістемесі
Тақырыптың мектеп химия курсында алатын орны. Тақырып құрылымы. Ерітінділер, химиялық байланыс, валенттілік, тотығу дәрежесі, тотығу тотықсыздану реакциялары, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсініктердің электролиттік диссоциация тақырыбын оқытуда негізгі тірек білім екендігі туралы.
Физикамен пән аралық байланысты иондардың зарядталған бөлшек ретінде әрекеттесуін қарастыруда және электр тогын химиялық экспериментте қолдану мүмкіндігі.
Электролит қосылыстар, иондар, иондық реакциялар және олардағы заңдылықтар жайлы түсініктердің қалыптасуы оқушылар бойында заттар және химиялық процесс жайлы түсініктің қалыптасуының жаңа кезеңі ретінде. Химиялық тіл жайлы түсініктің дамуы. Электролиттердің электролиттік диссоциациясы және оның мәнін ашу жайлы түсінікті қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері. Әлсіз және күшті электролиттердің қасиеттері. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан оқушылардың қышқылдар, негіздер және тұздар жайлы білімін дамытып, тұжырымдау. Электролиттердің сулы ерітіндлердегі реакциясын жіктеу. Гидролиз жайлы түсінікті қалыптастыру, оның табиғаттағы мәнін ашу. Химияның қорытындылау кезеңіндегі электролиттік диссоциация теориясының заттар мен құбылыстар мәнін түсіндірудегібілім негізін тереңдетіп, жалпылау. Қышқылдар мен негіздер теориясы жайлы мағлұмат беру. Химияны тереңдетіп оқытатын бағдарламалардағы осы тақырыптардың берілу деңгейі. Тақырыпты оқытудағы көрнекілік пен эксперименттің алатын орны.
Достарыңызбен бөлісу: |