I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химияның жүйелеу курсында химиялық элементтерді оқыту әдістемесі



бет64/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

Химияның жүйелеу курсында химиялық элементтерді оқыту әдістемесі.

Химиялық элементтер жайлы түсініктер жүйесі және оның негізгі компоненттері. Химиялық элементтердің жіктелуі және табиғатта таралуы. Д.И.Менделеев периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер жайлы мәліметтердің жүйеленуі.
Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау жоспары. Химиялық элементтерді оқытудағы индуктивті және дедуктивті тәсілдер. Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту жолдары.
Бейметалдарды оқыту әдістемесі.
Оттек топшасы. Күкіртті және оның қосылыстарын оқытудың жалпы жоспары. Сабақ жоспары мысалдары.
Азот және оның қосылыстары. Азот топшасын оқытуда жалпыхимиялық және политехникалық түсініктерді ашу әрі тереңдету. «Азот топшасы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары.
Көміртек топшасы. Тақырыпты оқытуда дедуктивтік тәсілдің рөлі. Тақырып мазмұнының әр түрлі химиялық түсініктерді қалыптастырудағы алатын орны. Көміртек пен кремнийдің әр түрлі қосылыстарының табиғат пен техникадағы мәнін ашу.
Металдарды оқыту әдістемесі.
Металдар жайлы оқу материалдарының білімділік және тірбиелік мәні. Әр түрлі типті мектептердегі металдар жайлы білімнің көлемі мен деңгейі.
Периодтық заң мен электрондық көзқарас тұрғысынан металдарды оқытудың жалпы әдістемелік жоспары. Металдарды оқытуда дедуктивті тәсілді қолдану рөлі. Элементтер арасындағы байланыс пен химиялық байланыс табиғаты жайлы түсініктеің металдарды оқытуда дамытылуы. Металдар жемірілуі мен тотығу - тотықсыздану процесі жайлы ілімнің қалыптастырылып дамытылуы.
I-III негізгі топ металдарын оқыту әдістемесі. Негізгі топ металдарының сипаттамасы. Қосымша топ элементтері өкілі ретінде темірдің және оның қосылыстарының сипаттамасы. Химияның қорытынды бөлімінде металдар жайлы білімнің дамытылуы.

Химия өндірісі негіздері мен ауыл шаруашылығын химияландыру сұрақтарын оқыту. Өндірістік өнеркәсіп және экология мәселелері.
Химия өндірісі мен ауыл шаруашылығын химияландыру мәселелерінің мектеп бағдарламасында қарастырылуы. Химия өндірісі негізі және оның компоненттерінің политехникалық білім берудегі маңызы, шикізат және оның қасиеттері, өндірісте қолданылатын химиялық реакциялар, технологиялық режим және оның оптимализациясы.
Аппараттар жобалары, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өндіріс өнімдері, жұмысшы мамандықтары жайлы түсінік.
Химиялық өндірістер жайлы мәліметтерді мектеп курсы үшін іріктеу ерекшеліктері.Орта мектеп химиясында оқытылатын химиялық өндірістер. Оқушыларды кәсіпке бағдарлау. Аймақтық факторды ескеру.
Нақты химиялық, металлургиялық өндірістерді оқыту жоспарының үлгісі.
Оқушыларды ауылшаруашылығын химияландыру, тыңайтқыштар оларды қолдану мәселелерімен таныстыру.
Химиядан өндірістік топсеруендер. Топсеруен өткізетін өндіріс орындарын таңдау. Химиялық өндіріс орындарына топсеруен ұйымдастырудың әдістемесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет