I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Мектепте органикалық химияны және қазіргі кезеңдегі органикалық қосылыстар құрылыс теориясын оқыту әдістемесі



бет40/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

2.7 Мектепте органикалық химияны және қазіргі кезеңдегі органикалық қосылыстар құрылыс теориясын оқыту әдістемесі


Органикалық химияның оқу тәрбиелік мәні
Органикалық химия курсы бейорганикалық химия курсынан кейін оқылады және оқу тәрбие мәселелерін шешуде елеулі орын алады. Оқу пәнінің мектеп жүйесінде берілуі алдымен оқытылатын ілімнің сипатымен анықталады.
Химия - табиғат жайлы ілімдердің бірі. Ол зат, оның элементтік құрамы, ішкі құрылысы және өзгерістер жайлы оқытады. Бейорганикалық химия арқылы ол геологиямен, минералогиямен және заттардың бейорганиклалық табиғаты жайлы басқа ғылымдармен шекараласады. Органикалық химия тұрғысынан ол тірі табиғат жайлы ілім биологиямен байланысады. Сондықтан химия саласындағы білімсіз әлемнің ғылыми бейнесін көзалдымызға елестету қиын. Осылайша химия жалпы білім берудің ажырамайтын бөлігіне айналды.
Органикалық химия өсімдік, жануар, адам ағзасын құрайтын заттар жайлы түсініктерді қалыптастырып, ол заттардың бейорганикалық заттардын түзілуі жайлы, оларда болатын өзгерістер жайлы түсінік қалыптастырады.
Органикалық химияны оқу барысында әрі қарай заттар табиғатына үңілу, яғни молекуладағы атомдардың орналасуын, химиялық байланыстың электрондық табиғатын, микроәлемдегі өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы айтылғандар органикалық химияның танымдық мәнін, оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасының қалыптасуын анықтайды. Табиғаттағы заттардың алуан түрлілігі, органика мен бейорганиканың бірлігі, заттардың табиғаттағы айналу процесінің өзіне тән заңдылықпен өтуі, оның материалдық процесс екендігі, атом молекулада өтетін өзгерістер т.б.
Теориялық білімді тереңдетумен қатар химия курсының тәрбиелік мәнін арттыруда оның дәлелдігі де үлкен роль атқарады. Оқу пәні жүйесінде тек химиялық құрылыс теориясы дәлелді түрде қарастырылып қоймай молекулалық кеңістік құрылысы мен химиялық байланыстың электрондық табиғаты да қарастырылады. Атомдардың өзара әрекеттесуі химиялық байланыс сипаты мен электрондардың ығысуы арқылы түсіндіріледі; ал электрондық құрылыс негізінде заттардың әрекеттесу қабілеті жайлы пікір айтылады. Осыдан оқушылардың ғылыми танымы қалыптасады.
Басқа ғылымдар сияқты органикалық химия тек табиғатты түсіндіріп қоймай, оны қоғам сұранысы негізінде өзгеру үшін адам баласына жағдай туғызады. Заттардың өзгеруі заңдылығын білу химиялық процестерді меңгеруге, осының негізінде қажетті матерталдарды өндіру өндірісін жетілдіруге жағдай жасайды.
Органикалық химияға тән өзгерістер: жанғыш пайдалы қазбаларды өңдеу, негізгі органикалық синтез, полимер материалдар өндірісі, ауыл шауашылық өнімдерін өңдеу, бояғыш заттар алу, дәрілік препараттар өндіру т.б.
Қазіргі кезде отанымыздың өндіріс күштерінің дамуында органикалық химияның маңызы кеңінен ашылуда. Адамзат өз өмірінде бейорганикалық химияға қарағанда органикалық химия өнімдерімен көбірек таныс (мұнай өнімдері, полимерлер, сірке қышқылы, спирт т.б.).
Сондықтан органикалық химияны оқыту кезінде оқушыларды химия өндірісімен таныстырудың, өндірістік материалдармен таныстырудың кең мүмкіндіктері ашылады. Нәтижесінде оқушыларға жан-жақты политехникалық білім беріледі.
Политехникалық білімнің тәрбиелік мәні де үлкен. Оқушылар химияның маңызына жете көз жеткізіп, ғылыми білімнің сарамандық мәнін түсінеді. Химиялық өзгерістер мысалында химияның қоғамдағы маңызын анықтайды.
Органикалық химия курсы оқушылардың ақыл ойының дамуына үлкен мүмкіндік береді. Бейорганикалық химияда заттар қасиетін оқу барысында химиялық реакция кезіндегі атомдар мен иондардың топтасуы, тотығу дәрежесінің өзгеруі қарастырылса, ал органикалық химияда микроәлемге тереңірек үңілуді қажет етеді. Заттардағы өзгерістерді бақылай отырып оқушылар тікелей бақыланбайтын құбылыстарды көз алдына елестете білуі керек: молекулада атомдар қандай ретпен байланысатынын, олардың кеңістікте орналасуын, химиялық байланыс түзілгенде, үзілгенде қандай электрондық процестер жүзеге асып, атомдардың өзара әсері қалай байқалатынын т.б. Заттың әртүрлі құрылымы деңгейінде өтетін құбылыстарды талдай келе микроәлем категориясын үнемі талқылау арқылы ойдың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Органикалық химия курсының бастапқы бөлігінде теориялық сұрақтарды талдау оқытуда дедукцияның рөлі артуына себепкер болды. Дедукция тәсілінің индукциямен бірлесуі ойлау дағдысының өркендеуіне кепілдік береді. Оқытылған теорияларға сүйене отырып оқушылар өз бетімен болжам жасауға, алған білімдерін эксперимент нәтижесінде тексеруге мүмкіндік алады.
Әсіресе оқушылардың талдау синтездеу әрекеті сан қырлы әрі мазмұнды болып, әртүрлі салыстыру процестері, себеп-салдар байланысын іздеуі, абстракциялауы, тұжырымдауы және басқа логикалық операцияларды жүзеге асыруы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет