I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет20/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

Олимпиадалар мен конкурстар

Оқытудың бұл формасы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, жарысу серпінін туғызады. Мектеп деңгейіндегі олимпиадалар жыл сайын барлық пәндер: математика, химия, физика, информатика, шет тілдері, бойынша өтеді.

Олимпиадаға оқушылар алдын – ала дайындалады, өзіндік жұмыс түрлері жүзеге асырылады. Мектеп олимпиадасы аудандық, обылыстық, республикалық олимпиадаларға жалғасын табады.

Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың максималды өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын формасы арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру практикасында оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Іскерлік ойындар – кейбір педагогикалық жағдайдың, сабақ фрагментінің модельденген түрі.

Іскерлік ойындардың педагогикалық және дидакдикалық мәнінің жоғары екенін белгісі. Оның негізгі белгілері:


  1. Шешімін күтетін мәселелердің болуы.

  2. Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында модельдеу.

  3. Ойынға қатысушылар арасында рөльдер болуы және рөльдеріне сәйкес бөлінуі, өзара әрекетімен және мұғаліммен байланысының болуы.

  4. Ойынға қатусушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымның шешім шығаруы.

  5. Шешімдердің көп нұсқалығы.

  6. Ойын соңында талдау жасау.

  7. Қатысушылардың жоғары эмоционалдық күйі.

  8. Оқушылардың әрекетіндегі импровизаторлық.

Іскерлік ойындардың тиімді жақтары:

  1. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.

  2. Қызығушылығын ояту.

  3. Білім мен білігін қалыптастыру, өз білімін қолдануға үйрету.

  4. Ойын соңында талқылау арқылы білімін бекіту.

  5. Оқушылардың шығармашылық өзіндік анықтау үрдісі кеңейеді, тереңдей түседі.

  6. Ұйымдастырушылық әрекеті жоғары дәрежеде болады.

Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.

  2. Оқуға деген қабілетінің артыуы.

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

  4. Басқа оқушылардың түсіндірулеріне сын көзбен қарау.

  5. Өз ойының дербестігі.

Оқушылардың өзіндік жұмыс түріне: баяндама, реферат, шығарма, бақылау жұмыстары жатады. Реферат – белгілі бір тақырып бойынша өз бетінше қысқаша жазылған еңбек. Бұл оқушының ғылыми зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселенің мәні, түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірлері айтылады. Рефератты бағалауда мынандай шарттар ескерілуі қажет:

  1. Зерттелген тақырыптың көкейтестілігі.

  2. Тақырыпқа сай мазмұнның болуы.

  3. Материалды мұқият, терең өңдеу.

  4. Қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы.

  5. Рефераттты көркемдеудің стандартқа сай болуы.

Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырда, танымдық қызығушылығын кеңейтуде, пікір айтуда маңызды. Баяандама жазуда берілген тақырып бойынша жоспар құрылып, қажетті әдебиеттер іріктеледі.

Сыныптан тыс жеке шығармашылық оқыту

Сыныптан тыс – жеке шығармашылық оқыту

Оқу – оқушының жеке басы танымының ерекше түрі. Оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту үрдісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана обьект емес, оның оқу әрекеті мен өзінің психикалық үрдістерін басқару, ұйымдастыра білуі оқытудағы субьект екенін анықтайды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін жаңаша арттырудағы жеке оқыту формасы: сыныптан тыс репетитор, тьютор, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу арқылы жүзеге асытуға болады.
3-кесте Сыныптан тыс өзіндік жұмыс жасауда оқушылардың оқу біліктерін қалыптастыру

Өзіндік жұмыс түрлері

Танымдық іс - әрекет

Оқушының біліктері

Зерттеу – іздену жұмыстары

1.гипотеза ұсыну.

2.жоспар жасау

3.эксперимент, тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеу.

4.қортындылар, нәтижелер жасау заңдылықтары.



1.материалды талдау білігі.

а.салыстыру, бекіту білігі.

б. Жұмыс формасын таңдау және ұйымдастыру білігі.

2. ғылыми жетістіктерін пайдалану білігі.

3. өзін – өзі бақылау, өзін бағалау білігі.

4. теориялық білімді практикада қолдану білігі.



Реферат, баяндама, шығармашылық жұмыстар




Ең көп тараған жеке оқыту түріне – репетиторлық жатады. Көбінесе репетитор оқушыны мектептен кейін жоғары оқу орынына түсу емтихандарға, сынақтарды тапсыруға, олимпиадаға дайындайды. Осындай жеке оқытудың негізінде оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды орындауға қажетті біліктер мен үздіксіз білім алу жүзеге асады.

Тьюторлық және менторлық шет елдерде кеңінен тараған. Көптеген педагогтардың пікірінше ментормен жұмыс жасаған дарынды балалар өздерінің құрбыларына қарағанда үлкен жетістіктерге жетеді. Сыныптан тыс оқытудың бұл түрі баланың жеке танымдық білігін артыруға, ғылымға, ізденіске қызығушылығының оянуна түрткі болады. Ментормен жұмыс жасау нәтижесінде балалардың жеке дамуын былай қойғанды, олардың танымдық деңгейі артып, шығармашылықпен жұмыс жасауда жетістіктерге жетеді.

Ментор – оқушының кеңесшісі әрі ұстазы. Ментор оқытылатын материалдардың мазмұны мен құрлымын терең түсіндіреді, сонымен қатар мантор оқушыға өз бетімен оқу жобасын жасауға, оны қазіргі кәсіби ортаға еңгізуге, мектеп пен өмірді байланыстыруға көмегін береді.

Тьютор – бұл сыныптан тыс ғылыми жетекшісі. Баланы мектеп қабырғасынан бастап ғылымға жетектейді. Ол шәкірттің шығармашылық жұмысқа қызығушылығын оятып, таңдаған мамандығына кәсіби даярлау жұмысын жүргізеді. Дарынды, ізденімпаз шәкірттің ғылыми зерттеу біліктерін қалыптастырады.

Білім берудегі жеке тұлғалық бағдарламашылықтың негізгі тәсілі – бұл оқушының қызығушылықпен оқыған пәндері мен білім алу аймағында өзіндік білім өнімдерін алу. Әр оқушының оқып жатқан пәндеріне қатысты алдарына қойған мақсаттарына жету үшін жағдай жасау тьютордың негізгі міндетті болып табылады, оқушыны ғылымға жетелейді, олармен бірігіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқушының оқу – зерттеу жұмыстарын орындау барысында қалыптасатын білік, дағдылары анықталды:



  • Оқушының білім деңгейі артады.

  • Білімдерін прпатикады қолдану дағдыларын бекітеді.

  • Оқушылардың өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады.

  • Зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді.

  • Оқу – зерттеу жұмыстарын жүзізе білу дағдысының қалыптасыуына әсер етеді.

  • Талдай білуге және күтпеген қиыншылықтардан шығуға жол таба білуге үйретеді.

Оқушының оқу-зерттеу білігі –бұл құбылыстарды бақылау және талдау біліктері, болжамды ұстау, эксперимент өткізу және оны талдау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және жалпылау, есеп, реферат,баяндама, әдебиеттерді пайдалану, ғылым жетістіктерін қолдану.

  • Сыныптан тыс оқушылардың өздігінен білім алу әрекеті олардан мейлінше дербестікте, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алу ісін оңтайландыру, күнделікті рухани қажетіне айландыру – орта мектептің қазіргі кездегі маңызды міндеті болып табылады. Өз бетімен білім алу бұл жоғары сынып оқушыларына тән, себебі бұл жастардың еріктік сапасы мен қажетті құндылық бағдарлаушылығы қалыптасқан және өз бетімен білім алуды.

  • Пәндік апталықтар – оқу жылында бір рет әр пән бойынша белгілі бір тақырып белгіленіп өтіледі. Пәндік аптаның жоспарлары оқушылармен бірлесе отырып жасалады.

  • Пәндік апталықтардың жоспары күні бұрын ілініп, оқушыларға алдын-ала тапсырмалар бөлініп берілуі. Апта бойы түрлі оқу-танымдық жұмыстар және сыныптан тыс іс-шаралар. Жыр кеші, ғалымдармен кездесу, мұражайға, көрмеге саяхат, сайыс т.б. Апта соңында апталық жұмыс қортындыланады. Қортынды әр-түрлі сипатта жүргізуге болады. Бұл шара мектептің жылдық жоспарында белгіленген мерзім бойынша өтіледі.

Пәндік үйірмелер. Әр пән сабақтарында сол пәнге қызығатын, уақытының көп бөлігін соған арнағысы келетін оқушылар анықталады. Нәтижесінде пәндік үйірмелер ұйымдастырылады. Мұндай үйірмелерге оқушылар өз еркімен жазылады және әр жастағылар болуы да мүмкін. Бұл жұмысты пән мұғалімі жүргізеді. Үйірмелерде пән бойыншы қызықты деген сұрақтар тереңдетіп оқылады, ғалымдар, жазушылар, мұғалімдер т.б. әйгілі қайраткерлердің шығармаларымен, еңбектерімен танысады. Белгілі бір жаңалыққа байланысты немесе ғалымның мерей тойына арналған кештерге қатысады, химия пәні бойынша зерттеу жұмыстарын өткізеді, осының негізінде ғылыми қоғам құруғу болады.

  • Жоба – сыпыптан тыс жеке ұжымдық жұмыстың бір түрі. Оқушылардың танымдық біліктерінің және практикалық біліктерінің қалыптасуына, танымдық ізделімпаздығы арттыратын оқытудың тиімді түрі – жобалар. Бұл әдіс шетел педагогикасында кең таралған. Жоба – көп уақытты қажет ететін, көлемді оқушылардың өзіндік сарамандық жұмысы. Жобаның мазмұнындағы әр кезеңдік жұмысының құрылымы нақты жоспарлануға байланысты әртүрлі жұмыстарға оқушылардың қатысуымен олардың белсенділігі мен қызығушылығын байқауға болады. Жобаның ең негізгі кезеңдеріне мыналар кіреді:

1– кезең. Жобаның тақырыбын таңдау.

2– кезең. Жоба мақсаты мен міндеттерін алдын – ала белгілеп қояды.

3– кезең. Оқушылардың өзбетіндік жұмыс нәтижесінде жоба міндеттері біртіндеп орындалуы. Оқушылар бақылау күнделігі мен жұмыс дәптерін арнайды.

4– кезең. Жобаны қорғау.

Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде, алынған нәтижелерді түсіндіруге шығарылған қорытындысының себебін көрсетіп, дәлелдей білуге үйренуі тиіс. Окушылардын жобаны орындау кезінде мынандай танымдық біліктері қалыптасуы:

-ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз бетімен білім алу

-теледидардағы бағдарламалардан өзіне қажетті ақпараттарды алады

4-кесте Жоғары сынып оқушыларының зерттеу біліктері






Зерттеу біліктері

Біліктердің қосылған жүйесі

1


Түпдеректермен жұмыс істеу білігі

1.библиографиялық біліктер;

А.каталогтар түрлерін білу және олармен жұмыс істеу.

Б.кәсіптік баспа әдебиеттермен жұмыс істеу.

В.кәсіптік баспа әдебиеттерді бағдарлай білу.

2.оқығандары бойынша жазып алу.

А.материалдар құрлымын көру.

Б.материалды жүйелеу.


2

Құбылысты бақылау білігі

1.бақылау теңдеу.

2.бақылаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

3.бақылау жүргізу.

4.бақыланып отырған құбылысты дәл және толық сипаттау.

5.бақылау әдістерін таңдау.

6.өзіндік бақылау мен баға беру.



3

Құбылысты талдау(фактыны) білігі

1.зерттеліп отырған құбылысты құрамды бөліктерге жіктеу.

2.салыстыру беттестіру.

3.құбылысты ойша біріктіру және олардың өзара әдіс табу,


4

Болжамды құру білігі

1.болжамды құруда мәліметтерді тексеру және таңдау.

2.эксперементті

3.болжамды құрастыру.

4.болжамды дәлелдеу,тексеру.



5

Эксперимент өткізу және нәтижесін өңдеу,жалпылау білігі.

1.талдау.

2.эксперементтік әдістемелік жасау.

3.эксперемент өткізе білу.

4.эксперемент қортындысын шығара білу және өзіндік бақылау мен баға беру.



6

Оқу тәрбиелік шаралар түріндегі материаларды тағы басқа жалпылау білігі.

1.есеп, рефарат, баяндаманы жазу біліктері.

а.проблеманы көру.

б.материялды талдау.

в.тұжырым жасау.

2.оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері.

а) тәрбиелік міндет қою.

ә) тәрбиелік міндет толығымен жүзеге асатын ұйымдастыру формасын таңдау.

б) бірнеше әдебиетпен жұмыс істеу.

в) материалды талдау.

г) өзіндік бақылау мен бағалау.



7

Ғылым жетістіктерін қолдануға ұмтылыс жасау.

1. негізгі идеялары туралы білімі.

2.оқу-зерттеу әдістерімен танысу, қолдану.


-бақылау жүргізу және соның негізінде қортынды шығару

-өзбетімен эксперимент жасау және соның негізінде жаңа білім игеру

-өз білімі арқылы құбылыстың және бақылаған деректердің себебін түсіндіру, дәлелдеу

-сонымен бірге танымдық біліктермен қоса практикалық біліктерді

-әртүрлі құрал-жабдықтарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жобаны ұйымдастыру кезінде оқушы ғылыми ізденушіге айналады, зерттеу жұмысына деген қызығушылығы артыды. Оқушы алғаш рет зерттеу бақылау жұмыстарына экспериментке жүгініп жиналған нәтижелерге бірінші рет қортынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдерді қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырым жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін терендетіп, ойын бекітеді, білімін практикалык дағды біліктерімен байланыстырады. Бұл жұмыс түрі бүгінгі оқушының жоғарғы оку орнындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына үйретеді, мамандық тандауға септігін тигізеді. Оқушылардың ғылыми жоба орындау барысында қалыптасатын икемділік, біліктері 4-кестеде берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет