I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет18/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88
Топтық жұмыстардың негігі түрі – химиялық үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны 10-15 оқушыдан артық болмауы керек.

Орта мектепте химия үйірмелері сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдында қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Оқушылармен сабақ уақытынан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі – химия кештері. Химиялық кештер өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін терендетіп, дамыта түсу және сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыру, химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру және көңілді дем алуына көмектесу. Химиялық кештердің тақырыбын таңдап алуда оқу тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді. Химиялық кешті дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, кештің тақырыбы белгіленеді, баяндама жасауға дауыс ырғағы жақсы материалды жетік меңгерген, ойын дәлелдей алатын оқушылар алынады. Мұғалім оқушылардың дайындығын тексеріп, баяндамаға қажетті материалдарды реттеп, жоспар жасауға көмектеседі.

Кейде бір кеште 2-3 баяндама болған жағдайда оған бөлінетін уақыт та реттелуі керек, бір баяндама 15-20 минуттан артық уақыт алмағаны дұрыс. Кештің жақсы өткізу үшін мынадай педгогикалық талаптарды ескерген жөн.

Біріншіден, кештің тақырыбы, оның мазмұны оқушылардың бәріне бірдей қатысты, әрі түсінікті болу керек.

Екіншіден, кешті өткізудің бағдарламасы да оқушылардың білім алу жарысын дұрыс ұйымдастырып, оларды қызықтыратындай болғаны жөн.

Үшіншіден, кештің мазмұнына сәйкес тәрбиелік міндет дұрыс шешілу керек.

Кеш жоспары бірнеше бөлімнен құралады:



  1. Тақырып бойынша баяндама.

  2. Қызықты тәжрибелер көрсетілімі.

  3. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтар шешу.

  4. Қызықты химиялық ойындар, т.б.

Химиядан өткізілетін факультатив сабақтар.

Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырда жеке пәндер бойынша жүргізілетін факультатив курстардың маңызы өте зор. Жеке пәндерден жүргізілетін факультатив сабақтардың жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арнайы қабілеттіліктерді қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өткен жөн. Қабілеттілік проблемасы - теориялық және іс- жүзіндегі маңызы зор, ең көкейкесті психологоиялық және педагогикалық проблемалардың бірі қабілеттіліктер адамның іс-әрекеті барысында дамып, білінеді.

Оқушылардың жеке оқу пәндері бойынша қабілеттіліктерінің дамуы оқу материалын игеру барысында сол пәндерге деген ынтасы мен бейімділіктерінің қалыптасуына тығыз байланыста жүреді. Бұл үшін қазір мектептерде оқу бағдарламаларына факультативтік курстар, еңбек практикумдарының енгізілуі мен оқу пәндернің тыңғылықты оқытатын сыныптардың құрылуы негізінде зор мүмкіндіктер болып отыр. Егер оқушыдардың сабаққа ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, іскерлікті және дағдыны пайдалануына жағдай туғызылса, әр оқушымен олардың әрқайсысының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілсе, онда жалпы қабілеттілікті де, арнаулы қабілеттілікті де жоғарғы деңгейде дамытуға болады.

Факультатив оқушылардың өздері таңдап алған ғылым саласында білімдерін арттырудың бірден-бір жолы. Қазіргі мектептерде жүргізіліп келе жатқан факультатив сабақтар бұрыңғы КПСС Орталық Комитеті мен кенес одағының 1967-1968 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Қазақ орта мектептері 1972-1973 оқу жылынан бастап жүргізуде фаультативке қатысатын оқушы мектепті бітіріп, атаестат алғанға дейін өзі таңдаған ғылым саласынан кем дегенде 350 сағат көлемінде тереңдетілген білім алды. Факультатив сабақтары әдетте күндізгі сабақтардың соңында немесе кешкі уақытта өткізіледі. Факультатив сабақтардың мазмұнын алуан түрлі, оқыту материалдары да сан алуан: дәріс, рефераттады талқылау, сарамандық жұмыс, кинофильмдер көру, танымжорыққа бару қарастырылады.

Факультативтік оқу оқушылардың жалпы білімін көтеру мақсатын көздеумен бірге, әрбір оқушының ерекшелігін, өзінің талғамына, бейім қаблетіне қарай белгілі пән курсын таңдап алуына шек қоймайды. Факультатив сабақтардың тәрбиелік мәні - оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Факультатив кустар үш топта жүргізіледі:

1. Жоғарғы деңгейде факультативтер негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі.

2. Қолданбалы факультативтер «химия ауыл шаруашылығында», «химия өндірісте», «химиялық талдау негіздері».

3. Арнаулы курстар факультативі. Ол химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды тереңдетіп қарастыру мақсатын көздейді.

Егеменді еліміздің халық шаруашылығының барлық саласында химияландыру іске асыруда. Көптеген қуатты зауыттар қайта жабдықталып, химиялық әдістер барған сайын дамып, ауыл шаруашылығын химияландыру жүзеге асырылуда. Бұл үрдістер жедел дамып бара жатқан химия ғылымына сүйенеді де, өз тарапынан теориялық химияның, химиялық технологиялардың және т.б. даму қарқынын тездетуге себепші болады.



Оқушылардың химиядан жоғарғы үлгірімі – пәнге көбірек қызығудың басты көрсеткіштерінің бірі. Оқушылар зертханалық және сарамандық жұмыстарды әзірлеп, өткізуге жәрдем береді, үйірме жұмыстарына, химиялық кештер мен олимпиадаларға т.б. жұмыстарға белсене қатысады. Мұндай оқушылар үшін химиядан факультативтік сабақтар ұйымдастыра отырып, біз олардың белгілі бір салада еңбек ету даярлығына жан-жақты дамуына қажетті алғы шарттар жасаймыз. Химияны оқып үйрену кезіндегі оқушылардың жоғары белсенділігі арнаулы қабілеттіліктерді қалыптастыру мен дамыту факторы болып табылады. Химияны тыңғылықты оқып үйренгенде оған деген құштарлық тиянақты болады да, мектеп бітіргеннен кейін химиялық кәсіптерді біршама тез игерумен химия мамандықтарын оқып меңгеруді жалғастыра беру мүмкіндіктері пайда болады.

  • Факультативтік сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенді әрі тұрақты қызығушылықтарын арттыруға негізделген. Факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар – 60-70 жылдары оқыту формасы ретінде енгізілгені жайлы жоғарыда айтылды. Атаулы латын сөзінен fagultatis, мүмкін, міндетті емес, таңдауға мүмкін деген мағынаны білдіреді. Оқушылар факультатив сабақтарды өздері таңдай отырып, белгілі бір пән бойынша жұмыс істейді. Факультатив сабақтар мынандай міндеттерді шешуге тиісті. а) оқушыны қызықтыратын пән бойынша терең білім беру. б) оқу - танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту. факультатив сабақтар оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Демек, факультатив сабақтар міндетті оқу жұмысы негізінде оқу пәнін тереңдетіп оқытуды көздейді. Оқушылардың факультативтік курстарға белсенді қатысуы мұғалімның өзекті тақырыптар мен қызықты жұмыс түрлерін таңдай отырып, олардың ойлау қабілетін, зейінін, еске сақтауын, жеке қасиеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

Қазіргі мұғалімнің басшылығымен белгілі күн тәртібі немесе уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі формалары қолданылатыны белгілі. Осылардың ішінде сабақ оқытудың негізгі формасы деп есептеледі де, қосымша сабақ, консультация, танымжорық оқытудың қосымша формасына жатады. Оқу пәніне қызығып, оны сүйетін, білімін тереңдеткісі келетін оқушылар үшін кәдімгі сабақтан өзіндік өзгешелігі бар сыныптан тыс факультатив сабақтар ұйымдастырылады. Факультатив сабақтар кейбір жағынан алып қарағанда, кәдімгі сабаққа ұқсас жақтарыда бар, бірақ оқушылардың танымдық, өзбетінше іс-әректтеріне көбірек назар аударылады. Факультатив сабақтар оқытудың басқа формаларымен де толықтырылады: оқу танымжорықтары, үйде орындайтын сарамандық сынақ, тәжірибелік тәжірибелер, конференциялар, пікір-сайыс сабақтары, өндіріс мамандары мен ғалымдармен өткізілетін кездесулер. Сабақтардың кейбір түрлері материалдардың құрлысына қарай әр түрлі дидактикалық мақсаттарды көздейді. Химиядан өтетін факультатив сабақтардың төрт типі белгілі:

  1. Аралас типті сабақтар;

  2. Дәріс сабақтары;

  3. Сарамандық (зертханалық) сабақтар;

  4. Бақылау, есепке алу сабақтары (семинар, сынақтар, бақылау жұмысы);

Химияны тереңдетіп оқытуға байланысты факультатив сабақтарының мақсаты мен міндеттері өтілетін тақырыптардың мазмұны мен құрылысына байланысты әр түрлі сипатта болады. Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша таңдап алғанымен үзбей қатысуға және үлгіруге міндетті: мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет