I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет56/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
3.7 Галогендер
Хлор

1.Хлорды алу. Вюрц колбасына 20-30 г тотықтырғыш калий перманганатын салыңдар. Газ өткізгіш түтікті колбаға түсіріңдер.

Вюрц колбасына тамшылатқыш воронка қойыңдар. Бұған біраз концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Жасыл-сары түстің пайда болуынан хлордың түзілгенін байқайсыңдар.
2.Хлордың сутегімен әрекеттесуі.

А) Сутегінің хлорда жану. Тексерілген таза сүтегіні түтікшенің соңында жағыңдар. Хлоры бар ыдысқа сутегіні жіберіңдер. Сутегі ашық жалынмен жанады. Хлор толық біткенше сутегінің ағынын тоқтатпаңдар. Сосын ыдысқа көк лакмус ерітіндісін құйыңдар.Қызыл түске боялады.

Б) Сутегі мен хлор қоспасының қопарылысы. Екі бірдей цилиндрдің біреуіне сутегін (суды ығыстыру әдісі арқылы), екіншісіне хлорды (ауаны ығыстыру арқылы) жинаңдар. Цилиндрді шыны пластинкамен жауып, бірінің үстіне бірін қойыңдар. Пластинканы алып оларды бірнеше рет аударып-төңкеріп, цилиндрдің аузын жалынға апарыңдар. Қопарылыс болады. Көк лакмус ерітіндісін қосыңдар.

3.Хлорда сурьманың жануы. Келіде ұнтақталған сүрменің біраз ұнтағын хлоры бар банкіге салыңдар. Сонда сурьманың бөліктері сүрме(III)хлориді және сүрме (V) хлоридін түзе отырып жанады.

4.Хлорда мыстың жануы. Бес-алты жұқа мыс сымдарын қатты қыздырғаннан кейін, тигельді қысқышпен хлоры бар банкіге салыңдар. Мыс балқып, банкіні қоңыр-қызыл түтінге толтыра отырып жанады. Қатты бөліктерден мыс (II) хлориді және мыс (I) хлориді түзіледі.

5.Хлордың суда ерігіштігі Суық су арқылы желдеткіш астында 5-8 минут аралығында қатты ағынмен хлорды жіберіңдер. Қашан су сарғыш болады, сол кезде хлор жіберуді тоқтатамыз. Желдеткішсіз хлор суын аспаты пайдаланып алуға болады.(№1 тәжірибені қара)

6.Хлормен органикалық заттарды түссіздендіру.

1.Стаканға фуксинмен немесе көгілдір сиямен біраз боялған су құйыңдар. Түссізденгенше хлор суын қосыңдар .

2.Хлоры бар колбаға кішкентай түсі бар материал малып тығынмен жабыңдар. Бірнеше минут тосыңдар, материал түссізденбейді .Сосын 1-2 мл су құйыңдар ,материал түссізденеді .

7.Хлорлы сутек алу. Колбаға 15-20г натрий хлоридін салыңдар,тамшылытқыш сүзгі арқылы конц. Күкірт кышқылын құйыңдар.Реакция қыздырмай ақ жүре бастайды.Жылдамдату үшін қыздырамыз. Хлорлы сутекті мойыны жоғары қарап тұрған колбаға жиыңдар. Газ өткізгіш түтіктің соңын ыдыстың түбіне дейін жіберіңдер.Ақ тұманның бөлінгенінен ыдыстың газбен толғанын көресіңдер.

8.Хлорлы сутектің суда еруі.

Хлорлы сутек бар цилиндрді пластинкамен жауып,суға төңкеріп, пластинканы алып тастаңдар. Су цилиндрге толады. Ерітіндіні екіге бөліңдер. Бірінішісіне көк лакмус ерітіндісін тамызыңдар,боялады. Екіншісіне күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар, ақ тұнба түзіледі.



Йодтың ерігіштігі.

А)Йодтың суда ерігіштігі: колбаға аздап йод кристалдарын салыңдар. Үстіне 50мл су құйыңдар да шайқаңдар. Йод ериді. Ерітінді сары түске боялады.

Б)Йодтың органикалық еріткіштерде еруі: еріткіш бензол. Тәжірибені жоғарғы (а) бойынша жүргізеді. Малина түске боялады.

Йодты буландыру (айдау)

Стақанның түбіне йод кристалдарын салыңдар. Стаканды суы бар фарфор табақшамен жабыңдар. Асбест сеткасына қойып қыздырыңдар. Қыздырған соң көгілдір будың түзілгені байқалады. Стаканның қабырғаларында кристалдар түзіледі.



Йодтың металдармен әрекеттесуі.

Шыны пластинкаға тең қылып йод және алюминий ұнтағын салыңдар. Қоспаны кішкене төбешік қылып жиыңдар, үстіне қуыстап су тамызыңдар. Күшті реакция жүреді.Көп мөлшерде йод буы бөлінеді. Кейде бөлшек ұшқындар байқалады.



Галогендерде,йодидтерден йодты ығыстыру.

Пробиркаға калий хлоридін салып, хлор суын құйыңдар. Ерітінді қоңыр-қызыл түске боялғанын йодтың бөлінгенін көруге болады. Егер ерітіндіге бензол немесе басқа органикалық еріткіш құйса малина тәрізді сақина пайда болады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет