I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет11/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

Ақпараттылық құзыреттілік

Қажетті ақпаратты талдау оны өзгерте білу, сақтап екінші біреуге бере білу. Жаңа ақпараттық технологияны меңгере білу.



  1. Әр түрлі ақпарат көзімен жұмыс істеу (оқулық, анықтамалар, энциклопедия, католог, сөздік, интернет).

  2. Өздігінен ақпаратты іздеп алып, жүйелеп, талдап, өзіне қажеттісін іріктеу. Алынған ақпараттарды өзгертіп, сақтап, қажет болғанда басқаларға бере білу.

  3. Ақпарат ағынында бағдарлана білу. Ішінен негізгісін бөліп алып, қажетті ақпаратты саналы түрде тексеру.

  4. Ақпараттық құралдарды телефон, компьютер, көбейткіштер т.б. қолдана білу.

  5. Оқу міндеттерін шешуде ақпараттық және телокомуникацияларды қолдана білу (видео, электронды почта т.б.).

Денсаулықты сақтауға бағытталған құзыреттілік

Дене мен жандүниенің зияткерлік дамуы көңіл күйді реттей білу, жеке бас тазалығы. Денсаулығыңды сақтау, экологиялық мәдениеттілік қауіпсіздік тіршілік. Табиғат аясында бағдарлана білу. Экологиялық табиғатты қорғау әрекетінен хабардар болу. Қауіпті жағдайда өзіңді қалай ұстап, қалай қорғану керектігін білу. Өзіңнің денсаулығыңа дұрыс қарай білу. Дене тәрбиесін іске асырып, кезкелген жағдайда өзіңе-өзің ие бола білу. Өзіндік бақылаудың жоғары болуы.

Жеке бас гигиенасын дұрыс қолдана білу, өз денсаулығыңды сақтауға икемді болып, алғашқы медициналық көмек беру шараларын білу.

Психологиялық сауаттылық элементін меңгеріп, мінез құлықтың жиынтық тәрбиесін меңгеру. Демалыс пен көңіл көтеру шараларын игілікті іске бағыттау, әр түрлі спорттық ойын түрлерін меңгеру. Өзіңнің дене тәрбиесін жетілдірудің әдіс тәсілдерін талдай білу.

Модульды оқыту технологиясы

Пән модульдерге бөлінеді. Модульды оқыту технологиясы – оқушыларды өз бетімен (толық, жартылай) мақсатқа бағытталған жекешелендірілген бағдарлама бойынша ерекшеленеді. Оқу модульдерінен тұрады. Ақпараттың аяқталғаны оқушы әрекетінің мақсаттарын ұсынады. Сол ұсыныстар бойынша оқушы жүйелі түрде жүзеге асырады.

Модульды оқытуды жекешелендіреді. Ол оқыту мазмұны бойынша меңгеру жылдамдығына сай оқыту. Әдіс тәсілдерін бақылау, өзіндік бақылау сәйкес жүргізіледі. Модульды оқыту технологиясы басқа жүйелерден айырмашылығы келесідей.


  1. Оқу мазмұны аяқталған дербес кешендерден тұрады, ол кешендерді меңгеру алға қойылған мақсаттарға орай жүргізіледі. Оқыту мақсаты тек оқытылатын материалдың мазмұнын көрсетіп қоймай меңгеру деңгейінде көрсетеді, сонымен қатар оқушы оқытушыдан қандай тиімді кеңес алады.

  2. Оқушының оқытушымен тіл табысу формасы өзгереді, ол модульдер арқылы жүргізіледі, яғни жекеше тіл табысу бағыттаушы мен бағытталушының әсерлесу негізінде жүзеге асады.

  3. Оқушы оқу жұмысының көп уақытында өздігінен жұмыс істейді, өзіндік жоспарлармен, өзіндік ұйымдасуды жүзеге асырып, бақылауға үйренеді.

  4. Оқушыға жеке кеңес беру жоғалады.

Модульді оқытудың мақсаты: оқушылардың дербестігін дамытып, оқу материалын өңдеудің дара тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың дербестілігін дамытады.

Негізгі идеиялары:



  1. Модульді оқыту әрекеттік принципке негізделеді, оқу мазмұны саналы түрде меңгерілгенде ғана белсенді әрекетті негізі болып, табылады. Жүйелі түрде енгізіледі, жүргізіледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқыту құрамына сүйене отырып оқушыларды оқу әрекетіне бағыттайды. Оқушылардың өзіндік бақылау, оқыту процесін өздігінен басқаратын рефлекципті түрге ауысады.

  2. Модульді технология дамыта отырып оқыту идеяларына негізделген, егер оқушы оқытушының белгілі бір көмегімен тапсырма орындайтын болса, жеке бас дамуының аумағындағы орналасқан деуге болады. Осындай тәсіл оқушының психикасы жетіліп, ол бүгін басқа біреудің істеген әрекеттен ертең өз бетімен істей алады, оқушы өзекті аймаққа кіреді, жұмыс істеуі бір саты жоғарлайды. Ол мазмұнның сараланып берілуін, оқушыға көмектің шектеулілігімен және оқу әрекетінің ұйымдастыруынан көрінеді. Жекеше формада, топтық формамен және жұппен жұмыс істей алу керек.

  3. Модульді оқыту технологиясы негізінен бағдарланған оқытуға негізделген ондағы нақтылық әрекеттердің жүйелілігі оқушының дербестігі жұмыстың жекеше екпіні, нәтижелерді үнемі тексеріп отыру, өзіндік бақылау програмаланған тәсілге және модульді оқытуға сай келеді.

  4. Технологияның белсенді сипаты оқыту процесін тиімді етуді қажет етеді. Мақсаты жақсы нәтижеге аз күш, аз құрал жұмсап жету. Оқушымен оқытушының әрекеттер жүйесінің реттілігімен көрінеді.

Модульді құру кезіндегі әрекеттер негізі: модульді құрғанда бұрыннан белгілі қағидаларға сүйену керек. Жеке дидактикалық мақсаттар жинақтала келіп, модульдің интеграцияланған мақсатына жетуді көрсетеді. Осындай нәтиже модульді бағаның кешенді дидактикалық мақсатына әкеледі. Модульді құру кезінде кері байланысты жүзеге асыру білім меңгеру процесін бақылауға және меңгеруге негіз болады. Мұғалімнің жүргізетін кіру және қортынды бақылауы қатаң, ал аралық және күнделікті бақылау аса қатаң болмау керек. Оқу және дидактикалық материал нақты жеткілікті түрде диалогты формада жақсы мақаммен берілгені жөн.

Модульдарды құру кезінде оқушылардың білімді меңгеру логикасын қалау қажет. Логиканы қолдана отырып, қортып жүйелеу керек. Модульдің құрылымы оқу сабағына, оның логикасына сәйкес келеді. Оқушының әрекеті өзінің дамуының жақын аймағында өтетін болса өзіндік меңгерумен өзара меңгеруге бағытталған болады. Бір – бірімен тіл табысу қалыптасады. Рефлексті қалпын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Оқытушының әрекеті толығымен өзгереді. Модульдік бағдарлама құру ол модульді сабақтың үстінде мотивациялайды, ұйымдастырып кеңес береді. Модульді оқытудың мүмкіндігін қолданады.

Модульді оқытудағы шектеулер:


  1. оқушылардың дайындық деңгейі өз бетімен жұмыс істеуге жеткіліксіз болуы мүмкін.

  2. білім беру мекемесінің материалдық деңгейі төмен болуы мүмкін.

  3. модульге енгізген материал көлемі үлкен, нәтижесінде уақыттың жетіспеуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет