2.3.1 Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар тақырыптарын оқытудың әр түрлі әдістемелік тәсілдерінің сипаттамасы
Химияны оқыту әдістемесі тарихи мектеп дамуының әр кезеңінде осы сұрақты оқытудың әр түрлі тәсілдері қолданылғанын дәлелдейді.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жеке тақырып ретінде қарастыру XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында өтті. Бұл кезеңде химияның дамуы қауырт жүріп, бейорганикалық қосылыстарды жіктеу мәселесіне деген теориялық көзқарастар бірнеше рет өзгеріске түскен болатын.
Осы кезеңдегі А.Лавуазье, Я.Берцилиус, Ю.Либих, сынды ғалымдардың маңызды қышқылдар мен негіздер жайлы теоремалары ешқандай дидактикалық өңдеусіз мектеп курсына енгізілді. XIX ғасырдың аяғында мектеп химиясында Ю.Либихтің классикалық сутектік қышқылдар теориясы негізінде қосылыстар кластары қарастырылды.
XIX ғасыр аяғында бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметтер атомистика мен қышқылдардың сутектік теориясы негізінде жеке тақырып ретінде берілді. Таным көзі ретінде эксперимент алынды. Осы кезеңде бұл материалды ашу үшін «генетикалық тәсіл» де бекітілді. Ол өзінің басын Д.И.Менделеевтің «Химия негіздері» оқулығынан бастайды. Ондағы оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздар жайлы алғашқы мәліметтерді беру реті келесідей: жай зат металл және бейметлл, оттегімен тотығатын негіздік және қышқылдық оксидтерді түзеді; олардың гидраттану процесі негіздер мен қышқылдарды оқуға өтуге мүмкіндік туғызады, ал олардың бейтараптану реакциясы тұздарды оқуға әкеледі.
Д.И.Менделеевтің әдістемелік идеясын В.Н.Верховский қолданды. Ол оқулықтарда оксид, негіз, қышқыл және тұздарды генетикалық және эксперименттік тұрғыдан оқытуды қарастырады және символика мен бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасына көп көңіл бөлді. Дегенмен, генетикалық байланыс аса айқын білінбеді, себебі тұздарды алу бейтараптандыру реакциясы арқылы емес металдардың қышқылмен реакциясы нәтижесінде жүзеге асырылды. Бейорганикалық қосылыстардың нақты анықтамалары болмауы, олардың жалпы белгілеріне назардың аз аударылуы олар туралы білімді қорытындылап, бейорганикалық қосылыстардың жіктеуді қиындатты.
Д.И.Менделеев пен В.Н.Верховскийдің идеялары келесі оқулықтар мен бағдарламаларды құруда қолданылды. 1955 ж С.Г.Шаповаленко мен Ю.В.Ходаков өздерінің VII сыныпқа арналған оқулықтарында бейтараптандыру реакциясы қышқылдар мен негіздердің негізгі қасиеті және тұз түзудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Бірақ, бұл тәсілдің жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де болды. Оның бастысы оксидтердің гидротациясы арқылы негіз бен қышқыл түзілуі олардың басты қасиеті ретінде қарастырылғандықтан оқушылар жүзеге аспайтын реакция теңдеулерін де жазатын болды. (мысалы, мыс оксидінің сумен, кремний оксидінің сумен реакция т.б)
Д.М.Кирюшкин бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қышқылдар мен негіздерді оқытудан бастап, содан кейін оксидтер мен тұздарды оқытқан дұрыс деді. Аталған тәсіл экспериментальдық оқулықтарда 1953-1962жж жүзеге асырылды. Генетикалық тәсіл кейіннен де бағдарлама мен оқулықтар авторларының назарын өзіне аударды. 1968ж міндетті сегіз жылдық білім енгізілді. Сегіз жылдық мектепке арналған А.Д.Смирнов пен Г.И.Шелинскийдің бағдарламасымен оқулығында бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы білім негізгі екі тақырыпқа бөлінді. VII сыныпта нақты оксид, негіз, қышқыл, тұздар оқытылып, қосылыстардың жеке кластары жайлы мағлұмат қалыптастырылды. Генетикалық тәсілдің қолданылуы VIII сыныптың басында бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы жалпы түсініктер беріліп, олардың өзара байланысы қарастырылды. IX сынып химиясы осы білімдерді қайталауға негізделіп, оқулық басында берілді. Оларды оқытуда концентризм тиімді болмады. Тақырыптар фактілермен қайталауға толы болды. Оларда негізгі жүктеме химиялық тілді қалыптастыруға арналды, себебі алдыңғы материал бұл мақсатқа аса дәл келген. Химиялық тілді қатар қалыптастыру көп уақытты, әрі күшті қажет етті. Білім негізінің нашар қалануы мұғалімдерге сабақтардың материалын қысқартып, қосымша уақыт іздеуге әкелді. Осыдан әдіскерлер осы оқу материалын оқытудың басқа тәсілдерін іздестірді. К.Я.Парменов, Ю.В.Ходаков, Л.А.Цветков және т.б. Олар бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы материалды VII сынпта оқытуды ұсынды. Және артық фактілер қысқартылып, оқушыларды көп материалмен жүктеуді жеңілдетіп химиялық тілді біртіндеп меңгеруді қамтамасыз етті. Сонымен бірге VIII сыныпта қорытындылаушы тақырып сақталды. Осы тәсіл 70-жылдары бағдарламада жүзеге асырылды.
Дегенмен, мұндай тәсілдің де кемшілігі болмай қоймады. 1981 жылғы бағдарламада осы кемшіліктер ескерілді. Бұл бағдарламада оксид, негіз, қышқыл, тұздар жайлы материалдар түгелдей VIII сыныпта оқытылды. Тарауды «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметтерді қорытындылау» деген тақырып тәмамдайды.
Типтік реакциялар саны азайып (қосылыстардың химиялық қасиетін көрсететін) тұздар химизмі жайлы материал 9-сыныпқа көшірілді. Мұндай тәсіл көбірек тиімді. Ол басты мақсат білім мен біліктілікті бекітуге және периодтық заң мен жүйені оқытуға оқушыларды дайындауда қолайлы.
1986 жылы ұсынылған Рудзитис пен Фельдман оқулығында химия 8 сыныпта басталады. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары түгелдей осы сыныпта оқытылады.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстан мектептерінде жаңа еліміздің төл оқулықтары жарық көрді. Нұрахметов және Усманова оқулықтары да химияны оқытуды 8 сыныпта бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |