I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет54/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

3.5 Сутегі және оның қасиеті.
№1.Сутегінің физикалық қасиеті.сутегіні бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.

Сутегіні пробиркаға жинап, астына екінші пробирканы қойып, аудару. Жоғарыдағы пробиркада сутегінің бар екенін дәлелдеу.

№2 Сабын көпіршіктері.

Сабынның біраз бөлігін үгітіп, суда еріту. Көпіршік қабырғасы берік болу үшін біраз глицерин қосу. Кипп аппаратына ішіне мақтасалынған (қышқылдың буын ұстап қалу үшін) хлоркальций түтігін жалғау. Сабын көпіршігіне түтікті түсіріп, сутегін жіберу. Сутегімен толған көпіршіктер жоғары көтеріледі.

№3Сутегінің ауада жануы

Кипп аппаратына иілген түтік жалғау.Сутегінің тазалығын тексеру.Түтіктің ұшынан сутегін жағу. Егер түтік шыныдан жасалған болса сутегі сары жалынмен, егер металдан жасалған болса,онда сутегі көгілдір немесе түссіз жалынмен жанады.

№4Күркіреуік газ

3 бөлікке бөлінген сүт бөтелкесін алып сумен толтырып, аузын шыны пластинкамен жауып, суы бар кристаллизаторға төңкеру. 1/3 бөлігін оттегімен, 2/3 бөлігін суды ығыстыру арқылы сутегімен толтыру. Бөтелкенің аузын судың астында жабамыз.Бөтелкені орамалмен орап, аузын ашып жанған шыра апарамыз.

5 Мыс (II) оксидін сүтегімен тотықсыздандыру .

Құрылғыны құрастыру, (8 сынып оқулығын қара). Пробиркаға мыс (II) оксидін салып, штативке аузын төменірек етіп бекіту. Кипп аппартынан шығып жатқан сутегінің тазалығын тексеріп, газ өткізгіш түтікті пробиркаға салып, алдымен бөлме температурасында, кейін қыздыра отырып сутегін жібереміз.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет