I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет324/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4- 
мәтін 

I. Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда


ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне
чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал
телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы
жеделхат болып табылады.
II. Жеделхатты кез келген қызметкер кұрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда
жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың
бағасы да томен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.
III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде
жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген
немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып
үшке бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың
категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін,
қол.
IV. Жеделхат...
Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді
мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:
480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде
фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу
болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп
қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн.
Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда
етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім
қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында
колданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті
жок, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды
жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде
біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің
қызметі қоса корсетіледі.



301

13. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік
формасы
A) Қалау рай
C) Қалау мен ашық рай
E) Бұйрық рай
B) Ашық рай
D) Шартты рай
14. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр?
A) Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес.
B) Ел мен ел арасында жүретіи қүжатгарды «сыртқы» құжаттар дейді.
C) Халықаралық кұжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін.
D) Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады.
E) Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді.
15. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны
A) 200
B) 250
C) 100
D) 150
E) 300
16. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады?
A) сипаты
C) бланкісі
E) толтыру үлгісі
B) мәтіні
D) құрастыру үлгісі
17. Жеделхаттың бөлінуі
A) 5
B) 1
C) 3
D) 2
E) 4
18. Қандай құжат түрі ақпараттық-анықтамалық құжаттарға жатпайды?
A) Телефонхат
C) Акті
E) Құттықтау хат
B) Жеделхат
D) Түсініктеме
19. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі
A) 1 сағат
C) 24 сағат
E) 3 сағат
B) 10-12 сағат
D) Жарты сағат
20. Жеделхатта цифрлардың жазылуы
A) Цифрлар жазылмайды C) Жазбаша жазылады E) Бөлшек түрінде
B) Рим цифрымен
D) Арап цифрымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет