I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет358/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4-мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын



335

көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ,
денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған
айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп
алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған.
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері
бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығьш кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.
13. Мәтін стилін анықтаңыз
A)
Ic қағаздар
B)
Көркем әдебиет
C)
Ауызекі сөйлеу
D)
Ресми
E)
Ғылыми
14. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі
A)
Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі
B)
Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі
C)
Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі
D)
Бұрымды қыздар жиі кездеседі
E)
Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі
15.
Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?
A)
Қырқынан шығарған кезде
B)
Сүндетке отырғызған кезде
C)
Тәй-тәй басқан кезде
16.
Мәтінге атау беріңіз
A)
«Айдар» есімі туралы
B)
Қарын шаш
C)
Бүгінгі шаш үлгісі
D)
Тілі шықкан кезде
E)
Он жасқа толған кезде

D)
Тайландтық «Айдар»


E)
Айдар шаш
17.
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз
1.
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстуріміздің бірі.
2.
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.
3.
Наурызбай батырдың айдары болған.
A)
Үшеуі де бұрыс
B)
Үшеуі де дұрыс
C)
Біріншісі мен үшіншісі
D)
Екіншісі мен үшіншісі
E)
Біріншісі мен екіншісі
18.
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз
1.
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.
2.
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.
3.
Айдар кою дәстүрі басқа халықта да бар.
A)
Тек біріншісі
B)
Біріншісі мен екіншісі
C)
Тек үшіншісі
D)
Екінші мен үшінші
E)
Тек екіншісі
19.
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін кѳрсетініз
A)
Баланың дос-жарандары кѳп болады
B)
Tiл мен кѳзден сақтайды
C)
Бала аурудан тез сауығып кетеді
D)
Бала дәулетті, бай адам болады
E)
Бала болашакта ғалым болады
20. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?
A)
Жеті жасқа толған кезде
B)
Бала сырқатынан айыққан кезде
C)
Үйленген кезе
D)
Алғаш аңға шыққан кезде
E)
Мүшел жасқа келген кезде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет