I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет321/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4- 
мәтін 

Ертеректе, өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған


сән-салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл
құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен.
Сонау-сонау қиянда тұратын бір адам әлгі дана кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып жолға
шығыпты. Апталап сапар шегіп, шаршап-шалдығып бір күні келіп жетеді. Паңдықтан ада,
қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас суын ұсынып бұйымтайын сұрайды.
– О, қадірменді ақыл иесі! Алыс-алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық
сөздеріңізді тыңдасам деп едім, – дейді ілтипатпен.
– Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұрғаны, – дейді бай. – Ас ішіп, әл
жинасаң, былай істе. Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер сағат осы маңда
бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе?
– Келістік, – дейді жолаушы.
Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді.
– Жә, айта қойшы жарқыным, бағанадан бері не көрдің? Не білдің?
– Ештеңені көре қойғаным жоқ… Баққаным, қасықтағы екі тамшы май болды.
– Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр.
– Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзіңіз емес пе, майға қара деген…



297

– Ия, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты үйлер, анау жеміс-жидектері сыңсыған ағаштар,
онда сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің бе?! Алла Тағаланың
жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырыңды салғайсың…
– Мақұл, – дейді жолаушы.
Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді.
– Не көрдің, не білдің! Баянда?!.
– Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне қайран
қалдым! Таң-тамашамын… Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен өсірген
өскіндеріңізге Жаратқан иіп, мейірімін төгіп осыншама көркемдік пен келісімді сыйлаған екен!
– Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді.
Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен!
Рахмет, жолаушым! Ал қасықтағы май қайда?
– Ой-бу, қа-ап!.. Сән-салтанаты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп қасықтағы
майды төгіп алыппын!
– Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым! Әлбетте, он сегіз мың
ғаламның иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн! Сол арқылы Алланың
ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді! Сондай-ақ, Раббымыздың пенделеріне парыз еткен іс-
амалдарына да аса ұқыпты болғын! Ең ұлығы – Ұлы үйлесім разылығы үшін сәждеге бас
қойып, намазға жығылу екендігін есіңнен шығарма! Қасықтағы майға келер болсам, ол фәни
жалғандағы – тіршілігің, нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүниеуи тіршілікте де
орташа болғын! Отаныңды сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ
тәрбиелеу де адами міндетің! Осы айтқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа
кенелесің! Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! – дейді дана қария
батасын беріп.

13. Екінші кейіпкердің данакісіні іздеп келудегі мақсаты


A) Әнгімесін тыңдау
C) Ақыл сұрау
E) Кеңес беру
B) Батасын алу
D) Жақын танысу
14. Жолаушыны таңырқатқан үй иесінің касиеті
A) Жомарттылығы
С) Құдіреттілігі
Е) Шешендігі
B) Еңбекқорлығы
D) Асқан дәулеті
15. Дана қарияның батасы
А) Осы айгқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің!
В) Жортқанда жолың өзі арылып, Жалғыз жаратушы жар болсын!
C) Отаныңды сүю, жақсы сөзсөйлеу, жақсылық істеу міндетің!
D) Дінде де, дүниеуи тіршілікте де орташа болғын!
Е) Иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің!
16. Байдың даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну
себебі
A) Қонағының көңілін аулау
D) Майдың пайдалы қасиетін анықтау
B) Майдың шипалық қасиетін анықтау
E) Бойынан өткерген жағдайлар арқылы
ой түйгізу
C) Қонағының шыдамдылығын сынау
17. Мәтін мазмұны бойынша Алланың ұлылығы мен құдіреті
A) Сайраған бұлбұлдардың әуезді үні
D) Екі өмірде де бақытқа кенелу
B) Он сегіз мың ғаламды жарату
E) Инабатты ұрпақ тәрбиелеу
C) Жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу
I8. Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатыстынүсқа
А) Құрғақ cөзбас ауыртар,
D) Дүние бақыты тыныштық
Құрғақ қасық ayызды жыртар.
тапқан жүрек пен адал нәсіпте
В) Көп ішінде сөйлеген көсемдіктің белгісі.
Е) Ақылды адам жай-жай сөйлейді,
С) Енбектің қадірін білген адам бакытты адам

Жан-жағын байқай келеді


19. Дана қарттың екі тапсырманы қатар беруініңсыры
A) Асқан ақылың болсын, ақылыңа бақ-дәулетің сай болсын
B) Жаратушының құдіретіне таң қалумен қатар, несібеңді де ұмытпау
C) Бұлбұлдардың сайраған үніне құлақ түріп, рахат ғұмыр кешу
D) Уақыт аз кесілгендіктен, бос уақытыңды пайдалы іске арнау
E) Жаратқанға таңырқап, ұлылығы мен құдіретіне куә жеткізу
20. Адам несібесінің символы



298

А) Салтанатты шаһар
С) Ат шаптырым аула
Е) Бақша
ағаштары

В) Қасықтағы май


D) Сайраған бұлбұлдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет