I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет331/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2416 – Нұсқа 
1 мәтін 
Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауын 25-
30°С температурада жақсы өседі. Қауынның кұрамында қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин
қышқылдары, темірдің минералды түздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза
көміртектері бар. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып
кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған түрі егіледі. Жемістері қайта өңделген күйде
кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды
кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт
бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді.
1. Қауын дәнінен не дайындалады?
A) Қант түрлері B) Тәтті өнімдері C) Май өнімдері D) Түрлі дәрумендер
E) Қауынқақтар
2. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?
A) Қауынды баптау туралы B) Қауынның адам денсаулығына пайдасы туралы
C) Қауынның түрлері туралы D) Қауынның адам денсаулығына зияны туралы
E) Қауыннан жасалатын тағамдар туралы

2 мәтін 
1. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке — отбасы мүшелерінің
тірегі, асыраушысы, камқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі - ұл баланың көз алдындағы
үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі
немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға
сыншы» деген мақалдар осыны растайды.
2. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының ерескел мінез-
құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық
тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын
ойлайтыны анық.
3. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланын тәрбиесіне ерекше мән бергені
баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.



308



4. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.
3. Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді.
2. Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.
3. Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы.
A) Үшеуі де B) Екінші C) Бірінші мен үшіншісі D) Тек үшіншісі E) Бірінші
4. Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты
A) Қатарынан қалмауы B) Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі
C) Қатарының алды, өжет болуы D) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы
E) Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болуы
5. Бірінші азатжолдағы негізгі ой
A) Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны
B) Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады
C) Отбасында ананың орны жоғары
D) Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген
E) Отбасында балаға барлық жағдай жасалады
6. Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?
A) Үшінші B) Бірінші және екінші C) Бірінші D) Екінші E) Төртінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет