I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет359/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2368-Нұсқа 
1-мәтін 
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің



336



бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал
живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның
эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка
тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бүл ғылым, яғни
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге,
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға кұдіреті жетеді.
1.
Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?
A) Өнер - таусылмас азық
B) Еңбек ер атандырадьг
C) Жолың алыс болса, атынды қинама
D) Жігітке жетпіс өнер де аз
E) Кең пейілдіге ас көп
2.
Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі?
A) Қол өнері мен музыка үйлескенде
B) Сурет өнері мен музыка үйлескенде
C) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде
D) Тіл мен музыка үйлескенде
E) Спорт пен музыка үйлескенде

2- 
мәтін 
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп
жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан
жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны
абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары
секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті
көктемдегі жүзім егу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын
қолымен сипалап, «Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі
күбірлеп сөйлеп жүретін.
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мындаған
түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы
кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себспті ол бақты
аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен
жапырактарына дәрі сеуіп жүретін.
3.
Бұл кімге/неге айтылған сөз?
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой». 
A)
Жүзімге
B)
Әкеге
C)
Өрікке
D)
Алмаға
E)
Балаға
4.
Мәтінді жазудағы автордың басты ойы
A)
Жүзім түрлерін жарнамалау
B)
Әкесі туралы естелік
C)
Жеміс бағының пайдасы туралы айту
D)
Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау
E)
Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес
5.
Мәтінде не туралы айтылған?
1.
Әкенің бақты күту шеберлігі
2.
Бау-бақшаны баптау сыры
3.
Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі.
A)
Біріншісі мен екіншісі дұрыс
B)
Барлығы дұрыс
C)
Барлығы бұрыс
6.
Автордың бағбанға қатысы қандай?
D)
Біріншici мен үшіншісі дұрыс
E)
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс
A)
Інісі
B)
Немересі
C)
Ағасы
D)
Баласы
E)
Шөбересі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет