І. Жалпы ережелер



бет1/5
Дата12.09.2022
өлшемі31,02 Kb.
#38910
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ереже

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының  6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының қағидасы


І. Жалпы ережелер


  1. Осы қағида Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

  2. 2022 жылғы дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауы қазан айының 13-14 жұлдызында Түркістан қаласында өтеді.

  3. Республикалық «Ясауитану» байқауының Қағидасын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК жанындағы Ғылыми кеңес ұсынысымен музей директоры бекітеді.

  4. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1) Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;
2) Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;
3) Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;
4) Жас буынды елдік санаға баулу;
5) Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;
6) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;
7) Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.

2 Байқаудың өткізілу тәртібі.


2.1. Іріктеу турларына қатысу тәртібі
1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.
2.Сайысқа www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар қатысады.
3. www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған сұрақтар негізінде аудандық және облыстық іріктеу турлары өткізіледі.
І кезең орта мектептерде іріктеу сынынан жеңіп шыққан 3 оқушы аудандық іріктеу сайысына жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет