І. Жалпы ережелер


Қазақстан тарихы пәніне байланысты сұрақтар



бет4/5
Дата12.09.2022
өлшемі31,02 Kb.
#38910
1   2   3   4   5
4.4. Қазақстан тарихы пәніне байланысты сұрақтар
4.5 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында сұрақтар қамтылады.
4.6 Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұралар

5. Жұмыс органдары


5.1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру жұмыстарын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
5.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамына қорық-музейдің жауапты қызметкерлері, Ясауитанушы ғалымдар, т.б. тұлғалар кіреді.
5.3. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру комитеті:
1) Байқауды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) Байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) Байқау материалдарын баспасөзде жариялайды;
5) Байқау туралы толық мәліметтерді www.azretsultan.kz сайтынан алуға болады.

6. Байқаудың қазылар алқасы мен оқушыларға қойылатын талаптар


6.1 Қазылар құрамына қойылатын талаптар:
1. Қазылар алқасы 5 адамнан тұрады.
2.Ұйымдастырушы орган – «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары байқау қазыларының төрағасы болып табылады.
6.2 Байқауға қатысушы оқушыларға қойылатын талаптар
1. Әр облыстан және Астана мен Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларынан алдын-ала іріктеуден өткен 2 оқушы Республикалық байқауға қатысады.
2. Республикалық байқауға қатысу туралы өтініш облыстық және қалалық білім бөлімдері арқылы ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (төменде көрсетілген) 2022 жылдың 01 қазанға дейін жіберілуі тиіс.
3. Сайысқа қатысатын оқушылар сахнаға мектеп этикасына сай келетін формамен шығады.
4. Байқауға қатысушы оқушыларды жауапты (жетекші мұғалім болмаса білім бөлімінің маманы) бір өкілі бастап келуі керек.

7. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет