7 тарау. Авторлық құқықтар.
7.1. Байқауға қатысушы өзінде кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға болатын мүліктік және мүліктік емес (айрықша) авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді. Байқауға қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілік көтереді.
Қатысушы тапсырған және Байқауда пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың бұзылуына байланысты үшінші тараптардың талаптарын Байқауға қатысушы өз күштерімен және өз есебінен шешуге міндеттенеді.
Байқауға өз жұмысын жібере отырып, автор тапсырылған материалды Байқаудың ұйымдастырушысына олардың ұйғарымы бойынша шектеусіз мерзім бойында ақысыз (сыйақы төлеусіз) шарт қоймай пайдалану құқығын, Конкурсқа қатысқан бейнені жария тарату оның ішінде оны интернет желісіне, телебағдарламаларға орналастыру, шығармашылық жобаларға қосу, БАҚ-та жариялау, одан кейін тарату, шығармашылық өңдеу құқығын қоса алғанда (алайда олармен шектелмей) және т.б.) автоматты түрде береді. Байқауға жіберілген жұмыстар (бейне) рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Қатысушы Байқауға қатысуымен Байқау ұйымдастырушысына дербес мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, электронды почтасының мекенжайын, өзге дербес мәліметтерді) пайдалануға және өңдеуге өз келісімін береді.
Байқауға барлық қатысушылар өз аттарын, тектерін, әкесінің аттарын, Байқау ұйымдастырушысының сайтына орналастыруға, сондай-ақ баспасөз басылымдарына, радио- және телевизиялық хабарларға, Интернет-БАҚ-қа және ақпаратты өзге бұқаралық ақпарат құралдарында, You Tube, Facebook-ты қоса алғанда (шектеусіз) таратуға өз келісімін береді.
7.2. Бейне сабақты бағалау критерийлері
1. Мақсатты қою деңгейі. Мақсаты мен міндеттері білім алушылардың субъектілік тәжірибесін ескере отырып, бірлескен (немесе дербес) әрекетте диагностикалық түрде тұжырымдалған.
2. Оқу материалының мазмұны дидактикалық талаптарға сәйкес, мақсаттарға сайма-сай келеді, құндылықты (тәрбиелеуші) және дамытушы компоненттерді үйлесімді қамтиды.
3. Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру логикасы. Кезеңдер нақты, логикалық, аяқталған. Жаңа кезеңдерге көшу проблемалық байламдардың көмегімен жүзеге асырылады. Оқу әрекетін ұйымдастыру оңтайлы.
5. Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру нысандары. Нысанды таңдауда Білім алушылардың дербестігі. Іскерлік және шығармашылық белсенділікті көрсету.
6. Өткізілген сабақтың нәтижелері. Қойылған мақсаттарға сәйкес келуі, білім, білік, дағды аспектісін дамытуы.
7. Сабақ өткізу барысында педагогтың тұлғалық қасиеттерінің көрінуі: оқытушының пәндік құзыреттілігі және жалпы эрудициясы; сөйлеу мәдениеті мен сауаттылығы (дикция, екпін, бейнелеп сөйлеу, сөйлеудің жалпы және ерекше сауаттылығы); оқытушының жалпы мәдениеті.
8. Бейне сабақты сахналау сапасы: сюжеттік желіні құру логикасы, іріктелген фрагменттердің мазмұндылығы мен ақпараттылығы, оңтайлылығы және т. б.
9. Бейне сабаққа қоса берілетін түсіндірме жазба, сценарий, қосымшалар, өзін-өзі талдау материалдарының сапасы.
10. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |