Ы жалпы орта білім беретін мектептен ал



бет3/5
Дата13.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67456
1   2   3   4   5
Байланысты:
Математика апталығына. Ребус. Кроссвордтар.

Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.
Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
Жауабы Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
 Дана 12 жас


Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
Жауабы12 құс. (Тордан ұша алмайды)


2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 
Жауабы 2 сағат ойнайды

Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
Жауабы 34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12

Тапқыр тұтқын
Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?
Жауабы Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді.

Жаңғақтар
Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?
Жауабы Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі.

Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?
Жауабы 30 жылқы

Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? 
Жауабы 23 асық, 3 немере 


Қанша жаста
Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада? 
Жауабы Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.


Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? 
Жауабы Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.


Солтүстік полюстен оңтүстік полюске қарай жердің ортасынан өтетін бір тунел қазылды деп елестетейік. Осындай шұңқырға құлаған жағдайда соңы не болады? 
Жауабы Солтүстік полюстен құлаған кезде жердің тарту күшімен жердің ортасына қарай сағатына 8 км жылдамдықпен құлайды. Ортасына жеткен кезде де тоқтамай түсе береді. Бірақ жердің тартылыс күшіне қарсы бағыт болғандықтан жылдамдығы азайып, жер бетіне шығарда жылдамдығы нөлге түседі. Сол кезде сыртта қала алса оңтүстік полюсте қалады. Егер оңтүстік полюсте қала алмаса ортасына қарай қайтадан түсе бастайды. Солтүстік полюске жетер-жетпес қайтадан оңтүстік полюске қарай қайтады. Осылайша маятник сияқты барып келіп тұрады. Бірақ ауаның кедергісімен жылдамдығы азая келе, соңында жердің ортасында қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет