І. Жансүгіров атындағы Жетісу



Дата23.05.2023
өлшемі20,84 Kb.
#96268
Байланысты:
Қазиева Ақтілек іс тәжірибе есебі



І.Жансүгіров атындағы Жетісу
Университетінің «физика»
Мамандығының 4 -курс білімгері
Қазиева Ақтілектің оқу
Іс-тәжірибесі
Есебі
Мен Қазиева Ақтілек, Жетісу Университетінің физика мамандығынын 4 курс, ФПҚ- 411 топ білімгері, өз іс - тәжірибемді Алматы облысы білім басқармасының Үшарал қаласы бойынша С.Иманасов атындағы орта мектебінде өткіздім. Оқу практикасы 09.01..2023-13.05.2023 ж аралығында болды.
Педагогикалық практика негізгі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Тәжірибенің бірінші күні (09.02.23) студенттерге арналған конференция өтті. Бұл конференцияда оқушылар мектепке қалай киіну керек, бізге қандай құжаттар керек, мектеп ережелері мен басшыларымыз туралы білді. Бұл конференцияда студенттер өздерін тәжірибеде жақсы көрсетіп қана қоймай, өзін болашақ ұстаздай ұстау сияқты түрлі салаларды түсіндірді. Конференция барысында басқа да сұрақтар көтерілді, мысалы, студент-практиканттың мамандықты қаншалықты дұрыс таңдағаны, өзінің жеке қабілеттерінің болашақ мамандығына сәйкестік деңгейін қаншалықты дұрыс анықтай алатындығы ақпарттар берілді .
Студенттің кәсіби іс-әрекеті мазмұнды материалдар негізінде, өндірістік тәжірибеден өту барысында дамитындығы атап өтіледі. Бұл кезеңде оқушыларда іскерлік пен дағды қалыптасады, өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасай отырып, өз білімдерін дәлелдейді. Оның әрекетін саралай келе, тәжірибеден өткен студент бизнестегі мәселелерді шешетінін айтты.
Мектептегі бірінші практикалық күні (09.02.23 ж) мектеп директоры мен сынып жетекшісін кездестірдім. Маған бірінші ауысымда оқитын 8«б» сыныбы берілді. Бұл күні мен сыныппен таныстыруды ұйымдастырдым, сыныппен тез тіл табысып кеттік. Сыныптағы үшінші сабақ география болды. Сабақты олардың жетекшісі Айгерім Сламбекқызы жүргізді. Белсенді оқушылар көп болды, өзара жарысып, сабақты көрсетті.Оқушылар өте белсенділік танытты. Бұл күні мектептегі асхана, спорт залы сияқты ішкі тәртіп ережелерімен таныстық.Маған жетекші ретінде Айгерім Сламбекқызы бекітілді.
Іс-тажірибе кезінде барлығы 50 сабақты география оқу, пәндері бойынша жүргіздім .
Практика бізге 5 аптаға берілді, практиканың алғашқы аптасы мұғалім өткізген сабақтарды бақылап, қолданған әдіс-тәсілдерді үйрену үшін жұмсалды, ал екінші және үшінші апта өзімнің сабақ беріп, оқушылармен қарым-қатынас орнату үшін жұмсалды.
Алғаш сабақ география сабағынан басталды. «Географиялық пікірлер.Ақиқат жалған» сабаққа дайындалып келіп,ойдағыдай өткіздім.
Мен 8 б сынып 9 а және 10-11 сыныптарына сабақ жүргіздім 8 сыныпқа материктердің табиғи зоналары тақырып талданды жаңа тақырып өткіздім .
9 а- сыныптарына Қазақстанның табиғи мұрасы,Қазақстанның ірі табиғи кешендерін Табиғи аумақтық кешендерге антопогендік факторларға әсерін зерттейді және де қазақстанда қорықтар мен қорықшалар түсіндірдім .
10 а сыныбына Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторларын Дүниежүзі шаруашылықтың аумақтық құрылымы мен модельдерін,Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін тақырыптарын жетік түсіндірдім шарушылықты жүргізу оның түрлерін бизнес саласын дұрыс жетілдіру экномиканы қалай дұрыс дамыту Дамушы елдер ,дамыған елдер түсіндірм оқушылармен сабақ барысында кері байланыс алдым сұрақтар қойдым сұрақтарға жауап беріп сабаққа өз белсенділіктерін көрсетті .
Бұл менің екінші аптадағы, алғашқы күні өткізген сабақтарым,ал кейін Менің болашақ мамандығым атты тәрбие сағатын өткіздім онда мен оқушыларға мамандықты болашақта қалай таңдау керек екенін уйреттім.
Ал, үшінші аптада сабақ беріп біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ашық сабақ өткізідім.Ашық сабақ география пәнінен 8б сынып оқушыларына өтті. Ашық сабақ тақырыбы Саяси картадағы сандық сапалық өзгерістер ,саяси карта сандық өзгеріс сапалық өзгерістерді түсіндіріп өткіздім .Сабақ барысында алдымен «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қойылды. Әрі қарай әр топты топқа бөлдім,4 топқа бөліп жаңа сабақты түсіндірдім , Жеке жұмыс орындау үшін «Кім жылдам» әдісін,Сұраққа жетіп ал әдісін қолдандым. Сабақ соңында «Блоб ағашы » әдісі арқылы кері байланыс алдым және дискриптор парағы арқылы оқушыларды бағаладым.
Түрлі жаңа әдіс тәсілдермен танысып соны сабақ барысында қолдандым. Кері байланыс үшін Кластер әдісін ,Менің есімімнің тарихы әдісін ,Тұлғаны танып біл,Бағдаршам әдісі,Блоб ағашы секілді әдістерді танысып қолдандым.
Сабак жаңартылған бағдарламада болғандықтан сабақ кезінде топпен жұмыс, жұппен жұмыс,ақпаратты өз бетінше іздеу және талдау, Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау: Кері байланыс және әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар беруге көңіл аударылды. Оқушылар өздерін өте белсенді ұстап, сабакка бір кісідей ат салысты.
Өз сабағымда үйренген әдіс - тәсілдерді пайдалану негізінде оқушыларға тақырыпты түсіндіруге тырыстым.Бас кезінде қателіктер болғанымен жетекшімнің нұсқаулығына сүйене отырып қателіктерді тұзедім.Сабақ кезінде түрлі әдіс тәсілдер мен ойындарды қолдана отырып балалармен жақсы жұмыс жасадым. Және үлкен сеніммен алған тәжірибемді болашақта қолданамын деп сенемін.
Есеп беруші: Қазиева Ақтілек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет