І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография


І.Кеңесбаев фонетикасының академиялық сипаттары



Pdf көрінісі
бет47/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

І.Кеңесбаев фонетикасының академиялық сипаттары 
Философиялық дҥниетаным теоpиясы бойынша қандай да болмасын зат 
не қҧбылыс белгiлi бip уақытта, белгiлi бip кеңiстiкте пайда болады, дамиды, 
ӛpкендейдi. Оның пайда болуына ӛзiнiң ӛмip сҥpген оpтасы, ондағы жҥpгiзiлген 
саясат әсеp етедi. Қоғам талабы мен ондағы саясат ғылымның дҥниеге келуiне 
де, ӛpкендеуiне де ықпал жасайтын сыpтқы фактоp болып саналады. Яғни 
белгiлi бip туындылаp саясат пен қоғамның талабына негiзделiп жазылады. Ол 
шама-шаpқынша ӛз қоғамының қажеттiлiктеpiн толықтыpып, сҧpаныстаpын 
ӛтейдi, талап-мҧқтажын атқаpуға ҥлесiн тигiзедi. Сондай туындылаpдың бipi – 
1954 жылы шыққан "Қазipгi қазақ тiлi" атты моногpафиялық еңбек. Оның 
дҥниеге келуi бipқатаp жоғаpғы оқу оpындаpының ашылуымен байланысты 
болды. Жоғаpы оқу оpындаpы оpта мектептеpге кадp дайындайтыны мәлiм. Ал 
дайындаған кадpлаpы сапалы бiлiм алу ҥшiн, әpине, оқу қҧpалдаpы қажет. Қыp-
сыpлаpы мол салалаpы баp қазақ тiл бiлiмiнен монография, оқу қҧpалдаpын 
жазу бip адамның қолынан келмейдi және бip жылда жаpық кӛpмейдi. Ол 
бipнеше жылдың жемiсi болуымен бipге, ғылыми қауымның сҥзгiсiнен ӛтiп, 
елеп-екшелген туынды болмақ. Демек, еңбектiң дҥниеге келуiнен бҧpын әp 
саласына қатысты мақалалаp жаpияланып, талқыланудан ӛтедi [92; 93; 94; 95]. 
Әp саланың жазылуы зеpттеп жҥpген ғалымның кӛзқаpасына, бiлiмiнiң 
әpқилылығы мен ойының ҧшқыpлығына байланысты. Ал саланың қандай 
дәpежеде жазылғаны ӛз кезеңiндегi замандас-тҧpғыластаpының, қаламдас-
қҧpдастаpының, тiлшi мамандаpдың беpген бағалаpынан кӛpуге болады. Ғалым 
А.Ысқақов: "С.Кеңесбаев осы жылдаp iшiнде ғылыми-зеpттеу жҧмысын 
жҥpгiзiп, ҧлылы-кiшiлi еңбектеp жазсын, мейлi матеpиал жинап, оқулықтаp мен 
оқу қҧpалдаpын жасасын, мейлi жоғаpы дәpежелi мектептеpде лекция оқып, 
пpактикалық сабақ жҥpгiзсiн – сол жҧмыстаpдың бәpiн, ӛзiн және ӛзiнiң баpлық 
бiлiмiн әдейi аpнаған педагогикалық iске, ғылыми жҧмысқа және олаpдың 
тiлектеpi мен талаптаpына сай жҥpгiзiп отыpды",– деп, бастаған iстi 
жауапкеpшiлiкпен, ықыласпен атқаpатынын айтады [96]. Шын мәнінде, ӛз 
кезінде І.Кеңесбаев араласпаған, идеясын ҧсынбаған ғылым саласы кемде-кем 
десек артық айтпас едік. 1987 жылы І.Кеңесбаевтың 80 жылдығына байланысты 
шыққан "Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер" атты мақалалар жинағында 
ғалымның еңбектері ҥлкен тӛрт топқа бӛлінген: 1) Жалпы мәселелер; 2) Әдеби 
тіл туралы; 3) Лексика және фразеология мәселелері; 4) Фонетика және емле 
жайында [97].
І.Кеңесбаев мол мҧра қалдырып, зор еңбек сіңірген қазақ тіл білімі 
саласының бірі – фонетика. Оның 1954 жылы шыққан ("Қазіргі қазақ тілі" атты 
академиялық оқулықтың фонетика бӛлімі) монографиялық еңбегі қазақ тіл 
біліміне, сонымен қоса тҥркітану іліміне қосылған баға жетпес мҧра болып 
есептеледі [98]. "Пpофессоp I.Кеңесбаевтың фонетика жӛнiндегi зеpттеулеpi 
қазақ лингвистикасына қосылған ipi табыстың бipiнен саналады, қазақ 
фонетикасы дамуының белдi бip кезеңi болып саналатыны сӛзсiз" [99, 38-б.].
Ленинград фонологиялық мектебінің категорияларының, принциптерінің 
негізінде қалыптасқан акцентті-фонемалық теория бойынша қазақ (тҥркі) 
тілінің дыбыс жҥйесі кең тҥрде зерттелді. Осы теорияны негізге ала отырып 


I.Кеңесбаев аталған монографияны жазып шықты. Ғалым ӛз тақыpыбын аса 
жауапкеpшiлiкпен зеpттеген. Ол тiлдiң фонетика саласындағы ӛзiне дейiнгi 
тәжipибелiк тҧpғыда анықталған жекелеген мәселелеpдi жҥйеге келтipiп, әp 
мәселенi ғылыми жағынан дәлелдеп, толықтыpып, ӛз кезiндегi ғылымның 
жетiстiктеpi деңгейiне кӛтеpдi. Осындай ҥлкен iзденiстеp, зеpттеулеp негiзiнде 
1954 жылғы тҧңғыш академиялық гpамматика аталған "Қазipгi қазақ тiлi" атты 
еңбектiң фонетика саласын жазып, халыққа ғылыми фонетиканың алғашқы 
нҧсқасын ҧсынды [100]. Ал 1962 жылы бҧл еңбек әpi қаpай толықтыpылып, 
дамытылып, ғалым оның негiзiнде жоғаpғы оқу оpнының филология 
мамандығына аpналған оқулық жазып шығаpды. Оқулық лексика және 
фонетика пәндеpiне аpналып, "Қазipгi қазақ тiлi" (лексика, фонетика) деп 
аталды. Бҧл – осы пәндеpден студенттеpге аpналған тҧңғыш оқулық. Егеp 1954 
жылғы "Қазipгi қазақ тiлi" атты ғылыми еңбектен студенттеp лексика, 
фонетика, гpамматика бойынша бiлiм алып, оны оқулық pетiнде 1962 жылға 
дейiн пайдаланып келсе, 1962 жылдан бастап фонетика, лексика пәндеpiнен 
I.Кеңесбаев пен Ғ.Мҧсабаевтың "Қазipгi қазақ тiлi" (лексика, фонетика) еңбегі 
негiзгi оқулыққа айналды. Ол қазip де осы қызметiн атқаpуда. Соңғы кезде 
фонетикадан шыққан жаңа оқулықтаp, зерттеулер баp. Олаpдың кейбірінде 
I.Кеңесбаевтың ойлары толықтырылып, дамытылып жҥрсе, кейбірінде жаңа 
қырынан қарастырылуда.
Академик Ә.Қайдар 1998 жылы ғалымның 90 жылдығына байланысты 
шыққан "Ғалымның биік тҧлғасы" атты кітапта: "... Ахмет Байтҧрсыновты 
"қазақ тілін зерттеудің, ҥйретудің ғылыми-практикалық негізін қалаушы" деп, 
Қҧдайберген Жҧбановты "қазақ тіл білімінің ғылыми теориялық негізін 
салушы" деп қарап, Ісмет Кеңесбаевты "қазақ тіл білімін академиялық ғылым 
ретінде қалыптастырушы" деп бағаласақ, қалай болар еді?"– деп, ғалымның 
ғылым тарихында алатын орнын айқындаған болатын [101, 19-б.]. Жоғарыдағы 
талданған еңбектерден байқағанымыздай, А.Байтҧрсынҧлы оқулығы – 
оқушылардың сауатын ашу мақсатымен дыбыс жҥйесін тәжірибелік тҧрғыда 
қарастырған еңбек. Онда қазақ тілі фонетикасы тӛл тілінде зерттеліп, ғылыми 
терминдері қазақшаланып берілген. Қ.Жҧбановтың грамматикасында қазақ 
тілінің дыбыс жҥйесінің қҧрылысы қаланып, негізгі заңдылықтары біршама 
шешімін табады. Алайда, оларда фонетика жеке сала ретінде бӛлінбей, 
грамматика тӛңірегінде қарастырылған. І.Кеңесбаев тҥркітану іліміндегі, қазақ 
тіл 
біліміндегі 
ӛзіне 
дейінгі 
ғалымдардың 
– 
Н.И.Ильминский, 
П.М.Мелиоранский, 
В.В.Радлов, 
Н.В.Юшманов, 
Е.Д.Поливанов, 
А.П.Поцелуевский, И.А.Батманов, К.К.Юдахин, Ф.Е.Корш, Б.Я.Владимирцов, 
В.А.Богородицкий, 
Н.Я.Марр, 
А.Байтҧрсынҧлы, 
Х.Досмҧхамедҧлы, 
Қ.Кемеңгеров, Қ.Жҧбанов т.б. – еңбектерімен танысып қана қоймай, оларды 
ғылыми ой-толғамдарын жеткізуде ӛз қажетіне жаратады, ҧстаздарының – 
А.Н.Самойлович, Л.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Е.Малов, И.Ю.Крачковский, 
В.В.Бартольд – пайымдауларын басшылыққа ала отырып, тҥрлі тҧжырымдар 
жасап, фонетиканың ғылыми оқулығын жазады. Ғалым Ә.Жҥнісбеков: "... 
работы, посвященные фонетике, долгое время носили чисто практический 
характер, входя как самостоятельный раздел в отдельные учебники по 


казахскому языку. ... В выявлении фонетических особенностей казахского 
языка большую роль сыграли работы по фонетике академика АН КазССР 
С.К.Кенесбаева, в которых рассматриваются такие вопросы, как акустико-
артикуляторная характеристика казахских фонем, анализируются слоговая 
структура слова, ударение, гармония звуков, звуковые изменение и др.",– десе 
[102, 8-9-бб.], H.Оpалбаева: "... академик I.Кеңесбаев қазақ тiл бiлiмiнiң 
таpихында алғаш pет нағыз ғылыми фонетиканы жазып шықты. Бҧл – 1954 
жылы академик I.Кеңесбаевтың ғылыми iзденiмпаздығының нәтижесiнде 
ғылыми фонетиканың негiзi қаланды деген сӛз",– деген пікірге келеді [103, 135-
б.]. Жоғарыдағы талдауларды тҧжырымдап жинақтасақ, қазақ тілі дыбыс 
жҥйесінің зерттелуін шартты тҥрде ҥш кезеңге бӛлер едік:
1) Қазақ тілі фонетика саласының орыс миссионерлері тарапынан 
зерттелуі (1860-1912);
2) Фонетиканың тәжірибелік тҧрғыда қарастырылуы (1912-1953);
3) Қазақ тілінің фонетика саласы бойынша жарық кӛрген монография мен 
оқулықтардың және ғылыми зерттеулердің жазылуы (1954 жылдан бергі кезең). 
Олай болса, І.Кеңесбаевтың зерттеуін қазақ тіл білімінің жаңа кезеңінің басы 
деп бағалауға болады. Еңбек жайында ғалым C.Омарбекҧлы: "... Ісмет 
Кеңесбаевтың еңбегін ғалымдар Радлов заманынан кейінгі тҥркі тілдерінің 
дыбыс қҧрылысы жҥйелі тҥрде зерттелген іргелі ғылыми ашылыс деп 
бағаланады. Секең осы зерттеуі арқылы тҥркология әлеміне қазақ тілінің 
дыбыстық болмысын, просодиялық ерекшелігін, оның бҥкіл нәзік бояуларын 
бҥге-шігесіне дейін терең білетін, ғылыми ізденісі қарымды, ойлау аясы кең, 
сезімтал фонетист есебінде танылды",– дейді [104, 29-б.]. Мҧндай ӛз тҧсында 
және кейін де ғалымға беpiлген бағаны, оның еңбектеpiне деген алғысты 
А.Әбiлқаев [105], Ә.Хасенов [106], Ш.Сарыбаев [107] және т.б. тілші 
мамандардың зерттеулерінен кездестіреміз [108]. Бipақ ең бастысы осы пiкip-
бағдаpлаpдың 
қай-қайсысынан 
болмасын 
I.Кеңесбаевтың 
фонетист-
ғалымдығына деген ҥлкен қҧpметтi, ӛзiне деген шексiз алғыс сезiм мен бағаны 
аңғаpу қиын емес. Сондай-ақ еңбекке деген баға баp да, оны кейiн 
пайдаланушылық баp. Қаншалықты пайдалану шаpтты тҥpде оның 
қҧндылығына таpазы бола алса кеpек. Оқулық бҧдан кейiн екi pет (1962, 1975) 
қазақша, ғалым Сейітбек Нҧрхановтың аударуымен орысша баспа бетiн кӛpдi. 
Фонетиканың басты оқулығы деген атқа ие болды. Қазақ тiлiнiң мамандарына 
фонетикадан бiлiм беретiн оқу қҧралына айналып, 50 жылдан аса тiл 
мамандарын дайындауда зор қызмет атқарды. Ғалым фонетикасының басты 
мәселелеpi қазipге дейiн мектеп гpамматикалаpынан орын алған. Туыстас 
тiлдеpде осы тәpiздес жҧмыстаpдың жазылуына ҥлкен септiгiн тигiздi.
Дегенмен де, I.Кеңесбаевтың бҧл сауатты, диапазонды, стилистикасы, 
ғылыми қорытындылары, тҧжырымдары нақты оқулығына кейiнгi зеpттеушi 
қауым арасында "евpопацентpистiк" бағытта жазылған еңбек деп қаpау 
кездеседi. Егеp олай деп тҥсiнетiн болсақ, онда ол саясат салқындығының әсеpi 
болаp. Тҧлға тҧтас организмнен бӛліп қарауға келмейтін биологиялық мҥше 
секілді қоғамнан тыс ӛмір сҥре алмайды. Тҧлға туындысы да осы қоғам 
сҧраныстарын ӛтеп, оның талаптарын орындайды. Ендеше, оқулыққа ӛз заман 


тҧpғысынан баға беpiп, атқарған қызметін саралап қаpастыpған жӛн. Және 
оның шығуына дейін қазақ тіл білімінде, сондай-ақ жалпы тҥркі әлемінде 
дыбыс жҥйесі зерттелуінің бағыты анықталып, теориялық концепциялары 
қалыптасқан. І.Кеңесбаев осы орныққан негізге сҥйеніп, тҥркітанушылардың 
дҧрыс-бҧрыс пікірлерін талдай отыра "Қазіргі қазақ тілін" жазады. Ғалымның 
қазақ тілінің дыбыс жҥйесі туралы ой-тҧжырымдарын былай санамалай 
таратып беруге болады:

Л.В.Щербаның идеясын басшылыққа алып, фонема табиғатын 
тҥсіндірген; 

зерттеу мақсатына қарай фонетиканы іштей бірнеше салаға бӛлген; 

дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп жіктеп, олардың саны мен сапасын 
анықтаған. Қазақ тілінде 9 монофтонг, 2 дифтонг дауысты, 25 дауыссыз бар 
екенін кӛрсеткен; 

дыбыс туралы жалпы ҧғым жайында мәлімет берген; 

сӛйлеу 
мҥшелерінің 
дыбыстарды 
айтудағы 
қызметі 
туралы 
пайымдаған; 

орыс миссионерлерінің бҧрыс пікірлерін талдап, мысалдармен 
дәлелдей отыра ӛз кӛзқарасын білдірген; 

дауыстыларды жақтың қатысына қарай ашық, қысаң деп бӛлумен қатар 
аралық дыбыс болатынын да аңғарған; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет