І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік


ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН



бет3/7
Дата08.10.2024
өлшемі51,97 Kb.
#147128
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-лекция

ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН


ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап‚ орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзі қазақ халқының тілін‚ дінін‚ тұрмыс-тіршілігін‚ салт-санасын білуді бұрынғыдан да жандандыра т‰суге мәжб‰р етті. Осы мақсатпен орыс оқығандары бірсыпыра зерттеу жұмыстарын жариялады. Олардың ішінде к‰ні б‰гінге дейін ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар. Алғашқы қазақ газеттері д‰ниеге келіп‚ қазақ тілінде кітап шығару жандана бастады.


Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш пікір‚ зерттеулер‚ қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктер де осы тұста д‰ниеге келе бастады. Бұларда қазақ сөздері орыс графикаксымен (жазуымен) жазылды. Тілдің дыбыстық құрылымын‚ айту‚ жазу‚ нормаларын зерделеу ‰шін араб жазуымен салыстырғанда ‚ мұның маңызы зор.
Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссионер Николай Иванович Ильминский (1822-1891) еді. Ол 1860 жылы Қазанда “Материалы к изучению киргизского наречия”1 деген 162 беттік еңбегін жариялады. Оның 140 беті – қазақша-орысша сөздік. Сөздіктің бас жағында автордың қазақ тілі‚ оның дыбыстық‚ гармматикалық ж‰йесі жөніндегі пайымдаулары баяндалған. Араб жазуын орыс жазуымен алмастыру жайында алғашқы пікір


1 Êå»åñáàåâ I., ̽ñàáàåâ ±. ²àçiðãi ºàçຠòiëi. Ëåêñèêà, ôîíåòèêà. Àëìàòû. 1-áàñûëóû, 1962; 2- áàñûëóû, 1975.
2 Ïàíîâ Ì.Â. Ñîâðåìåííûé ðóñêèé ÿçûê. Ôîíåòèêà. Ì.‚ 1979; Ìàòóñåâè÷ Ì.È. Ñîâðåìåííûé ðóññêèé ÿçûê. Ôîíåòèêà. Ì.‚ 1979; Ðóññêàÿ ãðàììàòèêà. Òîì I. Ì.‚ 1982.
3 Òîìàíîâ Ì. ²àçຠòiëiíi» ãðàììàòèêàñû. Àëìàòû‚ 1988.
4 Òîìàíîâ Ì. Ò¾ðêi òiëäåðiíi» ñàëûñòûðìàëû ôîíåòèêàñû Àëìàòû‚ 1981; Ùåðáàê À.Ì. Ñðàâíèòåëüíàÿ ôîíåòèêà òþðêèñêèõ ÿçûêîâ. Ë.‚ 1970.
5 Ñðàâíèòåëüíî-èñòîðè÷åñêàÿ ãðàììàòèêà òþðêñêèõ ÿçûêîâ. Ôîíåòèêà Ë.‚ 1984.
6 Òóðêïåíáàåâ Í.Ó. Ñðàâíèòåëüíàÿ ôîíåòèêà ñîâðåìåííîãî ðóññêîãî è êàçàõñêîãî ÿçûêîâ. Àëìà-Àòà‚ 1978.


1 Îë êåçäå îðûñòàð ºàçàºòû ºûð¹ûç äåãåíií òàðèõòàí áiëñåê êåðåê-òi.
айтылған. Н.И. Ильминский қазақ тілінің шешендік‚ сұлулығына сұқтанады‚ көне т‰ркілік сөздер көп кездесетініне‚ өзіндік дыбыстық ж‰йесімен ерекшеленетініне назар аударады.
Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш еңбек болғандықтан Н. Ильминскийдің әрбір пікіріне ілтипатпен қарағанымыз жөн.
Оның айтуында‚ қазақ тілінде мынадай дыбыстар бар: дауыстылар – а (ә)‚ е‚ ы‚ і‚ о‚ ө‚ ұ‚ ‰‚ дауыссыздар – п‚ б‚ м‚ w‚ т‚ д‚ н‚ ж‚ з‚ ш‚ с‚ р‚ л‚ й‚ қ‚ ғ‚ к‚ г‚ ң. Яғни дауыстылар – 8‚ дауыссыздар – 19. Бұлардан басқа: ай‚ ей‚ ый‚ ій‚ ой‚ өй‚ ұй‚ й; ау еу оу өу ұу у т‰рде келетін қос дауыстылар (двухгласные) бар деп анықтайды. Мұнысы еуропалық ілімге негізделген‚ шындыққа келмейді.
Ал а және ә дыбыстарын (жуанды-жіңішкелі) бір дыбыс (фонема) деп қарағанымен де келісуге болмайды. Ақ – әк‚ ал – әл‚ ар – әр‚ өн – ән‚ ұн – ән сияқты сөздерді мағыналық жақтан саралауда ә фонемасының өзіндік қызметі барын аңғару қиын емес.
Осы к‰нгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салған Н. Ильминский болды. Тек ол қолданған кейбір қосымша таңбалар (д Ң‚ һ‚ w‚ j‚ k‚ г1 ‚ нь) ғана өзгеріске ұшырады. Осы к‰ні қ‚ к‚ ғ‚ г бас-басына фонема ма‚ әлде екі-ақ (қ-к‚ ғ-г) фонема ма деген сұрақ жиі туып ж‰р. Бұларды осылай төрт т‰рлі таңбалау да осы Н. Ильминскийден басталса керек. Қысқасы‚ Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды біршама дұрыс анықтаған деуге болады. Бұл к‰нде қазақ тіліне қызмет ететін 42 әріп пен 12-15 дауыстының‚ 25-26 дауыссыздың ол кезде елесі
де жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет