Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) қажет етеді. Олай болатыны‚ фонетика бір жағынан акустикамен‚ екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де‚ бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолдануға тиісті. Әдетте мұны эксперименттікәдіс дейді де‚ сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс. Фонетика саласынан мынандай қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны‚ ‰ндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей‚ қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың‚ ат-ға‚ ат-да. Әдейі бұзу ‰шін болмаса‚ бұлай айту қазіргі қазақ тілінде м‰мкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар қарапайым тәжірибеге негізделген. Мәселен‚ айнаға қарап отырып біраз жайды аңғаруға болады.
Дегенмен дыбыстардың акустикалық мінездемесін – к‰шін‚ қарқынын‚ созыңқылығын‚ сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын‚ яғни қандай м‰шелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу ‰шін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз‚ оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.
Экспериментті(грекше – байқау‚ тәжірибе) фонетика (дұрысы‚ экспериментті-фонетикалық әдіс) – сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.
Экспериментті-фонетикалық әдісті екі ‰лкен топқа бөліп қарастырған жөн:
акустикалықәдісарқылы сөйлеу дыбыстары‚ олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялықәдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай м‰шелер қалай қатысып тұрғаны‚ оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.
Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың (аппараттың) т‰ріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда:
Акустикалықәдіс:1.Кимографтықәдіс;2.Осциллографтықәдіс;3.Спектрографтықәдіс. Соматикалықәдіс:1.Палатографтықәдіс;2.Рентгенографиялықәдіс;3.Кинофотоғат‰сіру әдісі.
Экспериментті фонетика қазақ тіл білімінде де кең қолданылады.