І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



бет6/7
Дата08.10.2024
өлшемі51,97 Kb.
#147128
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-лекция

П. Мелиоранский аталған дыбыстардың араб, орыс жазуында қалай таңбаланатынын, қалай айтылатынын (дыбысталатынын) тәптіштеп т‰сіндіреді.
Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп ажыратады. Сингармонизм заңына зор мән беріп, дыбыстар ‰ндестігін жап-жақсы т‰сіндіреді. Сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың ‰шінші буыннан кейін әлсірейтінін мысалмен (көрстрдіңіз деген сияқты) көрсетеді.
Сөйте тұра, еріндіктерді шектеу байқалмайды: төрөлөрдң, төрөлөргө, төрөлөрдөн, төрөлөрдөй, төрөлөрду деп септеп, ждөгөйм‰н‚ ждөгөйсің, ждөгөймзждөгөйсз т‰рде жіктейді.
Бірсыпыра сөздерді В. Радловтың еңбектерінен алғанын дәлелдеу ‰шін кітаптың бетін, тіпті жолына дейін көрсетіп отырады. Мәселен, к‰йөумнөн (326, 6), суйрөтулгөннен (323, 21). Қысқасы, В. Радлов, П. Мелиоранскийлер қазақ тілінде еріндік дауыстылардың қолданылуын теориялық жақтан (‰ш буынмен) шектегенмен, іс ж‰зінде (жазуда) ерін ‰ндестігі толық сақталған. Бұл – қазіргі қазақ тілі туралы айтқанда есте болатын маңызды фактор.
П. Мелиоранский кірме (араб, парсы, орыс) сөздердің игерілуіне көңіл бөлген. Қазақ, “білімпаздары” араб-парсы сөздерін сол тілдегідей етіп жазатынын, шала оқығандар халықтың айтуына жуықтатып бұзып жазатынын (уағда-уәде), кірме сөздердің “қазақыланып” кететінін,
өзінде жоқ жат дыбыстық тіркестерге қазақ тілінің төзбейтінін нақты мысалдармен т‰сіндіреді. Араб-парсы тілдеріндегі алла, молла, міннет‚ асман сөздері қазақ тілінде алда, молда, міндет, аспан болып, ф дыбысының п-ға айналып (пайда, кепіл) айтылатынын ескертеді.
Н. Ильминский, В. Радлов, П. Мелиоранский және басқалардың қазақ тілі жөніндегі т‰сінік, пікірлеріне, сөздерді жазуларында кездесетін кемшілік, қайшылықтарға кешіріммен қарап, қазіргі қазақ тілі фонетикасына пайдалы тұстарын тани білсек болғаны.
XІX ғасырдың соңында орыс графикасымен қазақ тілінде әр т‰рлі кітаптар д‰ниеге келді: “Ақыл бере тугун кнеге” (Қазан, 1884), “Езгілікке ‰йрететін кнеге” (Қазан, 1892), “Балықшы мен балық хақында” (Қазан, 1899), “1897 жылға қазақ ‰шін шығарған календарь”. Бұлардың қай- қайсысы да қазақ жазуының даму тарихын, орфография, орфоэпиясын танып, білу ‰шін біршама материалдар бере алады.1
В. Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (Орынбор, 1897), И. Лаптевтің “Материалы по казах-киргизскому языку” (Москва, 1900), Н. Катановтың “Опыт исследования урянхайского языка” (Қазан, 1903), Н. Созонтовтың “Записки по грамматике киргизского языка” (Ташкент, 1912) деген кітаптарында қазақ тілінің дыбыстық құрылымына қатысты азды-көпті пікірлер кездеседі. Бірақ айтарлықтай жаңалық жоқ. 1908 жылы Қазаннан орыс мектебіне т‰сетін қазақ балалары ‰шін “Букварь для киргизов”, “Букуар” деген 36 беттік кітап жарық көрді. Оқуға ұсынған мәтінде еріндіктер тұнып тұр: құрмөттөп, йрөнугө, тсндр, өмрлк, кншлк, клдругө, өлтуругө, көруңз, өкрпт‰, жгрп т. б.
30-бетте дыбыстарды дауыстар деп алып, оны оңай және қиын деп екіге бөледі. Оңай деп отырғаны – дауыстылар, қиыны – дауыссыздар. Оңай іштей қатты (жуан) және жұмсақ (жіңішке) болып бөлінеді. Негізінен тоғыз дауыстыны меңзейді. Дауыссыздардың ішінде й, у атымен жоқ. Оның есесіне ъ (қатты белгі), ь (жұмсақ белгі) бар.
Қысқасы, Қазан төңкерісіне дейін орыс тілді әдебиеттерде қазақ тілі фонетикасына қатысты негізгі де қарапайым ұғымдар танымдық мақсатта жалпы баяндалады. Қазақ тілінің дыбыстық ж‰йесі мен ‰ндестік заңдарынан біршама мәлімет береді. Қазақ сөздерін орыс графикасымен жазу тәжірибесі қалыптаса бастайды. Мұның бәрі айналып келгенде, қазақ тілінің дыбыс ж‰йесін, айту, жазу нормаларын зерделеуге көмектеседі. Айту, жазудың қалыптасу, даму тарихын айтқанда‚ алғашқы қазақ газеттерін айналып өтуге болмайды.
Тұңғыш қазақ газеті “Т‰ркістан уәләятінің газеті” 1870 жылы сәуірден бастап 13 жыл бойы Ташкент қаласында шығып тұрды. Қазақ тарихындағы екінші газет “Дала уәләятінің газеті” 1888 жылы 1 қаңтардан бастап Омбы қаласында шыға бастады. Бұл екі газет те араб графикасын пайдаланды.
Газеттердің шығу тарихы, мазмұн, бағыты, тілінің фонетика-орфографиялық ж‰йесі, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы Б. Әбілқасымовтың еңбегінде жан-жақты баяндалған. Автордың айтуынша, “Дала уәләяті газеті” бетінде қазақ тілінің сол кездегі хал- жағдайы, оның болашағы, қазақ жазуын жетілдіру жолдары сияқты т‰бегейлі мәселелер көтеріліп, пікір таласы ұйымдастырылып отырды”1. Бұлар ана тілінде айтылған алғашқы пікір, лебіздер болуымен де қымбат.
XX ғасыр басында қазақ тіл білімі қазақ топырағында қаз-қаз басып, қанатын қомдап, бірте- бірте ғылым айдынына шықты. Мұның көш басында қазақ халқының “рухани көсемі” (М. Әуезов), қазақ тіл білімінің атасы, қазақтың ұлы перзенттерінің бірегейі Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1937) тұрды. “1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: “1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда оз бетіммен білімімді толықтырдым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық ж‰йесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып жеңілдету жолында жұмыс істедім. ‡шіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс-қағаз тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды, кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу ‰шін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу ‰лгілерін көрсетумен шұғылдандым”, – деп жазады”2.
Ол бұл мақсаттың ‰десінен шықты. Қазақ тіл білімінің терминдерін жасады, анықтама, т‰сінігін қалыптастырды, алғашқы оқулықтарды жазды. Араб графикасына негізделген қазақ


1 °áiëºàñûìîâ Á. ÕIÕ ¹àñûðäû» åêiíøi æàðòûñûíäà¹û ºàçຠ¸äåáè òiëi. Àëìàòû‚ 1982‚ 74-á.
1 °áiëºàñûìîâ Á. Àë¹àøºû ºàçຠãàçåòòåðiíi» òiëi. Àëìàòû‚ 1971‚ 20-á æ¸íå ñîíûêi: ÕIÕ
¹àñûðäû» åêiíøi æàðòûñûíäà¹û ºàçຠ¸äåáè òiëi Àëìàòû‚ 1982‚ 52-57 á.
2 Áàéò½ðñûíîâ À. Òië òà¹ûëûìû. Àëìàòû, 1992. 16-á. Á½äàí êåéiíãi ñiëòåìåëåð äå îñû êiòàïòàí.
жазуын жетілдірді.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы “Айқапқа” “Жазу тәртібі” дейтін мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқталады; орысша, мұсылманша сауат ашуға көп уақыт кететінін, оның қиындықтарын айтады.
“Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап” (Сонда, 380-б.), оқу құралы “балалардың жанын қинамайтын” болу керек дейді. Ондай оқулық жасау ‰шін алдымен жазу жөнделу керек, дыбыстар анықталып, “сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу керек”, – дейді. Оның айтуынша, “Қазақ тілінде 24 дыбыс бар”, “оның бесеуі дауысты, екеуі (й, у) жарты дауысты,
17 дауыссыз. Мақалада осы дыбыстарды жазу ‰шін өзі ойлап тапқан таңбаларды тәптіштеп т‰сіндіреді. Мәселен, жарты дауысты й, у тек “дауысты дыбыстардың соңында айтылады”, – дейді. Біз ғой оларды дауыссыздармен де тіркеседі, сөз басында тұрады деп ж‰рміз.
Бұл, біздің білуімізше, Ахметтің тіл турасындағы, жазу жайындағы тұңғыш мақаласы.
Ахметтің тырнақ алды елеулі еңбегі – осы 1912 жылғы “Оқу құралы. Қазақша әліппе” деген атпен жарық көрді. Оралымсыз араб графикасын қазақ тіліне икемдеп, әр дыбысқа жеке таңба (әріп) берді, олардың сөздің әрт‰рлі деңгейінде (басында, ортасында, соңында) жазылуын аңғартатын мысалдар, текстер ұсынды, қолданылуындағы ерекшеліктерді ескертті. Арабтың бір ғана у әрпімен бес дыбысты бейнеледі. Олар: о, ө, ұ, ‰, у. Сондай-ақ и әрпін ‰ш дыбысқа (ы, і, и) пайдаланды.
Алайда сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазбау, сөздердің дыбыс, буын құрамын тұмшалап, көп қиындық келтірді. Мысалы: қи (қый), жйн (жиын), кйсқ (қыйсық), алтн (алтын), салқн (салқын), сзқ (сызық), алу (алұу), табу (табұу), сөну (сөн‰у), ж‰ру (ж‰р‰у).
Осы к‰ні бірде жуан, бірде жіңішке дауысты т‰рінде танылып ж‰рген у-дың негізі сол кезде қаланған сияқты.
Кітапта қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасы деп 24 әріпті санамалайды да, оның 5-еуі дауысты, 17-сі дауыссыз деп көрсетеді. Жалпы санда бар й, у бөліс кезінде қалып қойған. Жазуда тоғыз дауыстыға да таңба берілген. Алайда олардың жіңішке сыңарларын (е-ден басқаларын) санға қоспаған.
Сонымен әліппеде тоғыз дауысты мен 19 дауыссыз жеке-жеке таңбаға ие болған. Бұл “Оқу құралы” 1925 жылы 7-рет қайта басылды.
А. Байтұрсынұлы еңбектерінің әсіресе елеулісі – “Тіл құрал” атты оқулықтары.
“Тіл – құрал” деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер,
‰йткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат”, – деп жазды ол алғаш 1914 жылы жарық көрген кітабының алғы сөзінде.
Мұнда ол тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиясын оқулық т‰рінде ж‰йелеп, т‰сіндірді; тілдік ұғымдарға тыңнан атаулар (терминдер) ойлап тапты, сынау, дағдыландыру деген атпен жаттығулар ұсынды.
Ол бірнеше сөйлемнен тұратын мақал, жыр жолдарын алады да, оларды сөйлеу деп атайды. Әрі қарай сөйлеу сөйлемнен, сөйлем сөзден, сөз буыннан, буын дыбыстардан тұратынын нақты мысалдармен көрсетеді.
“Дыбыс таңбасын харіп деп атаймыз... Дыбыс һәм харіп екеуі екі басқа”, – дейді.
Дыбыстардың санын, мақаласында анықтағандай, 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты деп алады. Дауыстыларды іштей жіктемейді. Ал дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөледі. Бірақ олар қазіргідей емес, араласып кеткен.
Кітапта жеке әріптердің, сөз, қосымшалардың жазылу қағидаларына біраз орын берген. Қ, ғ, к, г дыбыстарын “тоң дыбыстар” деп атайды.
Осы к‰ні дауысты болып ж‰рген у-дың негізі осында қаланған сияқты. Ол туралы Ахмет былай дейді: “у дыбысының алдында ы дыбысы келсе, у-мен тұтасып, у сияқты айтылады.. Мәселен: оқы-оқу, тоқы-тоқу” (Сонда, 158-б.)
Алғаш фонетика, морфологияны біріктіріп сарф (грамматика) деп келіп‚ 1923 жылдан бастап фонетиканы дыбыс ж‰йесі‚ синтаксисті сөйлем ж‰йесі деп алған.
А. Байтұрсынұлының тілдің дыбыс ж‰йесіне арналған қорытынды мақаласы 1928 жылы жарық көрді. Қорытынды болатыны‚ “А. Байтұрсынов еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші” (Сонда‚ 443-445 б.) осы мақаламен аяқталады‚ бұдан әрі бас қайғы болып кеткенін т‰сіну қиын емес.
Мақала “Дыбыстарды жіктеу туралы” деп аталады. “Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, әрі айтуына қарай, әрі сөз ж‰зінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек” (Сонда, 372-б.) – деп, акустикалық, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыққа алатынын аңғартады.
Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы) және шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. “Толық” дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып, олар да екі айырылады”, – дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шамасы, ашық, қысаңды мегзеп отырған сияқты.
Бұдан әрі дауыстыларды аңғал (а, е, ы), қымқыру (о,ұ) т‰рлісі деп бөледі. “Аңғалдар орын талғамайды”, “қымқырындылар бас буыннан басқасында келмейді” (374-б.) Аңғалдар – езулік, қымқырындысы – еріндік дауыстылар. Сөйтіп еріндік дауыстыларды тек басқы (бірінші) буында ғана жазылатын етіп заңдастырған – Ахмет Байтұрсынұлы. Қалған буындарда айтыла ма, айтылмай ма? – оған жауап жоқ.
Шала дауыстылар (қазір ‰нділер) ауыз шығысты (р, л, у, й) мұрын шығысты (ң, м, н) боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді.
Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), қысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң – қазіргі ызың, шұғыл.
Осылай “дауыссыздарды да қысаң (п, т, с, ш, қ, к), босаң (б, ж, д, з, ғ, г) жолды” деп екіге бөледі. Мұндағы қысаң, босаңы – қатаң, ұяң. Бұларды әрі қарай ашықтар (с, ш, ж, з), тұйықтар (п, т, қ, б, д) және тұйықтаулар (ғ, г) деп бөледі. Мұндағы ашық деп отырғаны – ызыңдар, ал тұйықтары – шұғылдар екені айқын. Ол тұйықтауларға жататын ғ мен г-нің ерекшеліктерін де дұрыс аңғарған.
Дауыстыларды аңғалы (а‚ е‚ ы) және қымқырулысы (о‚ ұ) деп бөледі. Оған себеп “Аңғалдары орын таңдамайды”‚ ал “қымқырындысы бас буыннан басқасына келмейді”. Бұлай дегенде‚ ол оларды жазылуына қарап айтып отыр деуге болады.
Дыбыстарды осылайша қым-ғуыт жіктегенде неге с‰йенетінін де т‰сіндіре кетуді ұмытпайды. Ахметтің айтуынша‚ дауыстылар мен дауыссыздардың шегін жалғаулар арқылы айыруға болады. Ал “толық дауыстылар буын ішінде дауыссыз дыбыстардың алдында да‚ соңында да келетін” болса‚ шала дауыстылар буын ішінде дауыссыздардан кейін тұра алмайтынын дұрыс
аңғарған.
Оның айтуынша‚ босаң р‚ й‚ у сөз басында келмейді‚ қысаң л келеді. Сондай-ақ қысаң л алдындағы дыбысқа әсер етеді (аздырады)‚ ал тұйық м керісінше‚ әсер етпейді (аздырмайды). Осы соңғы қағида т‰сініксіздеу.
Дауыссыздар турлы да орынды ойлар айтқан. “Қысаңдар мен босаңдары (бізше‚ қатаң‚ ұяң – М. С.) біріне-бірі жуыспайды; екінші сөзбен айтқанда‚ бірі қысаң‚ бірі босаң болып‚ екеуі қатарынан келмейді” (Сонда‚ 375-б.).Біз ғой аллауакбар‚ сұхбат‚ шахбибі‚ шахзада‚ мазхаб т‰рде жазып‚ солай айтуға тырысамыз. Мұндағы кб‚ хб‚ хз айтуда өзге өң алтуға тиіс.
Ахмет ұяң дауыссыздар туралы да жақсы ескерткен: з‚ ж‚ “сөздің басында да‚ аяғында да келеді”‚ б‚ д‚ г‚ ғ “Сөз аяғында келмейді”‚ ғ‚ г “сөз басында да келмейді”.
А. Байтұрсынұлы тілді‚ оның ж‰йе-ж‰йесін жетік біліп қана қоймай‚ барынша бажайлап‚ байыппен баяндаған. Орыс тілін ‰здік біле тұрып‚ қазіргі халықаралық деп ж‰рген тіл терминдерін м‰лде пайдаланбай‚ қазақтың өз сөзімен өзінше т‰сіндірді. Сөйтіп қазақ тілінде тіл терминдерін жасап‚ қалыптастырады. Оның ойынша: “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап‚ ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін‚ ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай‚ ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек.” (Шығармалары‚ 151-б.)
Оның жазу‚ емле‚ терминология жөніндегі пайымдауларының әлі де құны артпаса кеміген жоқ.
Мамандығы дәрігер бола тұрып‚ ғылымның т‰рлі саласында татымды еңбек еткен Досмұхаметұлы Халелді (1883-1939) тіл зерттеушісі ретінде бөле-жара айту керек болады.
Оның: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші‚ тілі бұзылмақшы. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт” (Аламан‚ 49-б.)‚ – дейтін сөздерінің маңызы арта т‰спесе‚ кеміген жоқ.
Алғаш “Шолпан” журналында мақала т‰рінде жарияланып‚ 1924 жылы жеке кітап болып шыққан “Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм” деп аталатын еңбегін қазақ тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу деуге әбден болады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі‚ сингармонизм‚ оның ішінде тіл ‰ндестігі егжей-тегжейлі айтылған. Әсіресе кірме сөздерді игерудің жөн-жосығы жақсы баяндалған.
Ахмет те‚ Халел де тілдің сырын оқулықтан емес‚ бесіктен біліп‚ есіктен (ауыл арасында)
игерген жандар. Көбесі сөгілмеген‚ жазудан теперіш көрмеген‚ бұла тілді білгісі келгендерге бұлардың айтары көп.
“Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері” деген атпен жеке кітапша болып шыққан (1932) Басымұлы Қажымның (1896-1939) еңбегі де елеусіз қалмағаны жөн болар. Оның айтуынша, “Қазақ дыбысының ең соңғы ресми жіктелуі 1929-жылы Қызылордада латыншылардың кәнперенсиесінде болды” (22-б).
Еңбек “Қазақ тілінің норматив грамматикасының программасынан” басталады. Мұнда фонетика ғылымы қарастыратын мәселелер шама-шарқынша айқындалған. Алдымен дыбыс, әріп мәселелері т‰сіндіріледі. Жаңа әріп пен емленің артықшылықтары айтылады.
Халел айтатын сингармонизмді “таңдайлық әуенді заң”деп атайды. Өйткені “Дыбыстарды жуандатып, жіңішікертуде таңдай еңбек сіңіреді”, – дейді де, кірме сөздердің жазылуына тоқталады.
Дауыстылардың саны – тоғыз. “Тоғыз жуанды, жіңішкелі дауысты дыбыстар сөздің жанды тамыры есебінде болып, сөздің әуеніне тірек болатын болғандықтан, бұлардың барлығына бірден тоғыз әріп белгіленді” (16-б.), – дейді де, оларды жуан‚ жіңішке, еріндік, езулік деп қазіргіше бөледі.
Ерін ‰ндестігін “еріндік ‰ндестік заң” дейді. “Бұдан 70 – 80 жылдар бұрын сөзімізде еріндік дыбыстардың ‰ндестігі к‰шті болған. Сөздің бас буынында бір еріндік дыбыс болса, аяғына шейін ерін ‰ндестігін сақтап айтатын болған. Соңғы кезде бұл еріндік ‰ндесті заң өзінің айтылысын өзгертіп, айни бастайды” (17-б.) – дейді, алайда айну себебін айтпайды, “Еріндік дыбыстардың
‰ндестігі к‰шті болған” тұс, шамасы, Н. Ильминский, В. Радловтар еңбегіне негізделіп айтылса керек.
Дауыстыларды “еркін дауыстылар” (а, е, о, ө, ә)‚ қысаң дауыстылар (ұ, ‰, ы, і) деп екіге бөледі. “Еркін” деп отырғаны – қазіргі ашық дауыстылар.
Дауыстылардың жазылуына байланысты: “Қысаң дауыстылар аяғы ашылса, т‰бірдегі орнын жоғалтып жіберіп жазамыз. Мысалы: мұрын – мұрны, ерін – ерні, көңіл – көңлім, орын – орным” (21-б.) – дейді. Сондай-ақ қысаң дауыстылардың сөз басында т‰сіріліп жазылатынына лұу (ұлу), лақ (ылақ), уақыт (ұуақыт), рас (ырас), ұмытпа (мұтпа) сияқты мысалдар келтіреді.
‡ндестік заңын “елікті заң” деп, оның екіге бөлінетінін айтады: 1-итіншек еліктіру, 2-
тартыншақ еліктіру (бұлар қазіргі ілгерінді, кейінді ықпал).
Қ. Басымұлы дыбыстау м‰шелершің т‰ріне, қызметіне тоқталады.
“Өкпенің кеңірдек арқылы тартылған ауаны сыртқа шығарғандағы дем алысынан “дыбыстық ұйытқы” туады. “Дем ұйытқысының ашаланып ‰зілуінен дара екпінді буындар туады, екпін сөздің аяқ буынына келеді” (23-б)‚ – дейді.
Дыбыстау “ауыздың ішінен өту, өтпеу жайына қарай төрт өткелді болады”: 1-ашық өткелді, 2- қақтықпалы, 3-с‰зілмелі, 4-өткелсіз, қазіргіше айтқанда, 1-дауыстылар, 2-‰нділер, 3-ызыңдар, 4- шұғылдар.
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі‚ аса көрнекті ғалым‚ профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) ғылыми зерттеулерінің дені фонетикаға арналған.
Дыбыстардың пайда болуы‚ тіл дыбыстарының табиғаты‚ өзіндік ерекшеліктері‚ қазақ тіліндегі дыбыстардың саны‚ сапасы‚ олардың іштей жіктелуі‚ буын‚ оның т‰рлері‚ ‰ндестік‚ еміле‚ термин т.б. мәселелер төңірегінде ж‰йелі де келелі ойлар‚ тұжырымдар жан-жақты айтылған.1
Қ. Жұбанов: “Фонетика дыбыс жайындағы ілім деу дұрыс емес. Өйткені ол дыбыс біткеннің бәрін қарамайды… Фонетика тілдің дыбысты пайдалану техникасын қарайды”‚ – дейді (70-б.) Мұнысы қазіргі фонологияны мегзейді.
Фонема туралы алғашқы т‰сінікті де Қ. Жұбановтан кездестіреміз: “Фонема бір сөзбен екінші сөзді айыруға жарайды (бал‚ бас)”…
“Баба” сөзіндегі соңғы б басқаша естіледі‚ сонда да бұндағы екі б – бір фонема. Сондай-ақ қайыр – хайыр дегендегі қ мен х екі дыбыс болғанымен бір фонема (50-б.)
Қ. Жұбановтың айтуынша: “Қазақ тілінде сапасы 26 т‰рлі дыбыс бар. Бұлардың е-ден басқаларының бәрі де бірде жуан‚ бірде жіңішке болып‚ екі т‰рлі айтылады да‚ 51 дыбыстың орнына ж‰реді” (184-б.) Мұндағы 26-ны фонема деп т‰сінгеніміз жөн. Бұны А. Байтұрсынұлы 24 фонема‚ 43 дыбыс т‰рінде анықтайтыны бар. Қ. Жұбановтың оған қосқаны – ұу және ый. Бұларды ол: “Қосынды дауыстылар бір дауысты‚ бір дауыссыз екі дыбыстан құралған: ұу ұ+у‚ ый ы+й.


1 ƽáàíîâ ². ²àçຠòiëi æ¼íiíäåãi çåðòòåóëåð. Àëìàòû‚ “±ûëû씂 1999.
Сондықтан бірде таза дауысты дыбыс бола тұрып‚ бірде тігісінен сөгіліп екі дыбыс болып кетеді” (185-б.) дейді.
Кезінде Н. Ильминский бастап‚ В. Радлов‚ П. Мелиоранский қостап‚ қазақ тілінде кездесетін й‚ у ‰нділерін дауыстылармен қабаттастырып‚ қос дауыстыларды (двухгласные) қаптатқаны мәлім. Мынау соның соңғы табан тіреген жері. Осы к‰нгі бірде жуан‚ бірде жіңішке болып келетін‚ жұртты шатастырып ж‰рген и‚ у “дауыстыларының” негізі осылай қаланған.
Қ. Жұбановтың фонетикалық іліміне алда әлденеше қайтара ж‰гінетін боламыз.
1940 жылы қазақ халқы орыс графикасына негізделген осы к‰нгі жазуға к‰рт көшуге мәжб‰р болды. Көп ұзамай орыс (“халықаралық”) сөздерін орыс тіліндегідей айтып‚ жазу басталды‚ к‰ні б‰гінге дейін жалғасуда.
Саясат құрбанына айналған қазақ тілі орыс тілі фонемаларының шырмауына біржола т‰сті. Қазақ тілі қойыртпақтанып‚ әріп‚ дыбыс дейтін ұғымдар сапырылысып кетті. Тіл дыбыстарының саны ала-құла айқындалып‚ тіл заңдары шала-пұла баяндалып келді.
Кеңестік кездегі фонетикалық ілімнің жеткен биігі‚ шырқау шыңы – академик І. Кеңесбаевтың кіріспеде аталған оқулығы. Оқулық ретінде зерделейтін болғандықтан‚ ондағы көзқарас‚ тұжырымдарды таратып айтуды студенттердің өзіне қалдырамыз. Тек қосарымыз‚ соңғы
50 жылдағы ізденіс зерттеулердің дені осы оқулықтағы тұжырымдар мен ойларды қалайда қағидаға айналдыруға қызмет етіп келді.
Қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі төңірегінде соңғы 60 жылда айтылып бір арнаға құятын ой- пікірлерден оқшауырақ көзқарастағы ғалым – профессор Әлімхан Ж‰нісбек. Ол тілді шырмауықтай шырмап алған жат жұрттық дыбыстардан арылтып‚ өзінің табиғи болмысына тән дыбыстары мен ‰ндесім‚ ‰йлесімін терең зерделеп танып білуімізге зор ‰лес қосып ж‰р (алда ретіне қарай таратып айтатын боламыз).
Қазақ тілінің зерттеле бастағанына 150 жыл толды. 150 жылдық зерттеудің қорытындысы іспетті “Қазақ грамматикасы” (Астана‚ 2002) атты зор еңбек д‰ниеге келді. Кітап фонетикадан (19 дауысты‚ 17 дауыссыздан) басталатынын ескерте кеткен артық болмас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет