1 ‚ нь) ғана өзгеріске ұшырады.
Осы к‰ні қ‚ к‚ ғ‚ г бас-басына фонема ма‚ әлде екі-ақ (қ-к‚ ғ-г) фонема ма деген сұрақ жиі
туып ж‰р. Бұларды осылай төрт т‰рлі таңбалау да осы Н. Ильминскийден басталса керек.
Қысқасы‚ Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды біршама дұрыс анықтаған деуге болады. Бұл
к‰нде қазақ тіліне қызмет ететін 42 әріп пен 12-15 дауыстының‚ 25-26 дауыссыздың ол кезде елесі
де жоқ.
Н. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуына‚ өзара ‰ндесуіне‚ дыбыс
алмасуларына да назар аударады. Екпін туралы айтуды да ұмытпайды. Ата сөзіне еке жалғанып‚
әтеке одан әке пайда болатыны‚ тұрған сөзі -тұғын‚ одан -тын жұрнағына айналатыны‚ ем‚ ек‚ қап‚ кеп‚ ап сияқты айтулар да елеусіз қалмаған.
Н. И. Ильминскийдің сөздігі – тұңғыш қазақша-орысша сөздік. Бұл – фонетика ‰шін де құнды
еңбек. Біз бұдан қазіргі орыс графикасына негізделген жазуымыздың тәй-тәй басқан алғашқы
адымын көреміз‚ орфоэпия‚ орфографиямыздың даму жолын зерделейміз. Сөздердің бірыңғай
жуан немесе жіңішке болып келуі т‰ркі тілдерінің бәріне‚ оның ішінде қазақ тіліне де тән екенін
айтып қана қоймайды‚ сөздігі арқылы дәлелдейді.
Қазіргі қазақ емлесі еріндік дауыстыларды тек бас (бірінші) буында ғана жазып‚ айтуымыз да
сонымен шектеліп ж‰р. Тіпті қазақ тілінде ерін ‰ндестігі жоқ деудің алдында тұрмыз. Араб
жазуымен жазылған текстен айтудың жай-к‰йін парықтау қиын. Ал орыс графикасымен жазылған
сөздерде айтудың ізі сайрап тұр.
Мәселен‚ Н. Ильминский сөздігінен: ауұтқу‚ б‰гөлөк‚ б‰лд‰ргө‚ б‰лд‰ргөн‚ бөлт‰р‰к‚ к‰лд‰рөу‰ш‚ мұрұндұқ‚ өм‰лд‰р‰к‚ өт‰р‰к‚ с‰ңг‰у‰р‚ т‰гөндө‚ ‰й‰р‰м‚ ‰р‰птөс (сроду
родившиеся двое) деген сияқты қазіргілерге өрескел көрінетін жазуды көреміз.
Ал екінші буында еркіндікпен жазылған сөздер тіпті көп. Тек еріндік дауыстылардан соң ғана
емес‚ дауыссыз у-дан соң да еріндік әріптер жазылады: ауұл‚ ауұз‚ ауұс‚ ауұтқұ‚ бауұр‚ дауұс‚ сәур‰к т.б. Алайда автор ұстанған берік ж‰йе жоқ. Сөздікте: бөпе‚ бөрі‚ бөле‚ бөге‚ бөдене‚ бөбешік‚ бөтен‚ өзен‚ өзек‚ өкпе‚ өрле‚ өркеш‚ өлше сияқты біраз сөзде еркіндіктер бас буыннан
әрі бармаған. Кейінгі жазу осы жағын қуалап кеткен деуге болады.
Сөздікте ылақ‚ ылай сөздері ы-дан басталып жазылған. Осы к‰ні палуан-балуан‚ айқай-