І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата17.01.2023
өлшемі297,22 Kb.
#61717
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-лекция

салқн (салқын), сзқ (сызық), алу (алұу), табу (табұу), сөну (сөн‰у), ж‰ру (ж‰р‰у). 
Осы к‰ні бірде жуан, бірде жіңішке дауысты т‰рінде танылып ж‰рген у-дың негізі сол кезде 
қаланған сияқты. 
Кітапта қазақ тіліндегі дыбыстардың таңбасы деп 24 әріпті санамалайды да, оның 5-еуі 
дауысты, 17-сі дауыссыз деп көрсетеді. Жалпы санда бар й, у бөліс кезінде қалып қойған. Жазуда 
тоғыз дауыстыға да таңба берілген. Алайда олардың жіңішке сыңарларын (е-ден басқаларын) 
санға қоспаған. 
Сонымен әліппеде тоғыз дауысты мен 19 дауыссыз жеке-жеке таңбаға ие болған. Бұл “Оқу 
құралы” 1925 жылы 7-рет қайта басылды. 
А. Байтұрсынұлы еңбектерінің әсіресе елеулісі – “Тіл – құрал” атты оқулықтары. 
“Тіл – құрал” деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, 
‰йткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат”, – деп жазды ол алғаш 1914 жылы жарық көрген 
кітабының алғы сөзінде. 
Мұнда ол тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиясын оқулық т‰рінде ж‰йелеп, 
т‰сіндірді; тілдік ұғымдарға тыңнан атаулар (терминдер) ойлап тапты, сынау, дағдыландыру деген 
атпен жаттығулар ұсынды. 
Ол бірнеше сөйлемнен тұратын мақал, жыр жолдарын алады да, оларды сөйлеу деп атайды. 
Әрі қарай сөйлеу сөйлемнен, сөйлем сөзден, сөз буыннан, буын дыбыстардан тұратынын нақты 
мысалдармен көрсетеді. 
“Дыбыс таңбасын харіп деп атаймыз... Дыбыс һәм харіп екеуі екі басқа”, – дейді. 
Дыбыстардың санын, мақаласында анықтағандай, 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты 
деп алады. Дауыстыларды іштей жіктемейді. Ал дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөледі. Бірақ олар 
қазіргідей емес, араласып кеткен. 
Кітапта жеке әріптердің, сөз, қосымшалардың жазылу қағидаларына біраз орын берген. Қ, ғ, 
к, г дыбыстарын “тоң дыбыстар” деп атайды. 
Осы к‰ні дауысты болып ж‰рген у-дың негізі осында қаланған сияқты. Ол туралы Ахмет 
былай дейді: “у дыбысының алдында ы дыбысы келсе, у-мен тұтасып, у сияқты айтылады.. 
Мәселен: оқы-оқу, тоқы-тоқу” (Сонда, 158-б.) 
Алғаш фонетика, морфологияны біріктіріп сарф (грамматика) деп келіп‚ 1923 жылдан бастап 
фонетиканы дыбыс ж‰йесі‚ синтаксисті сөйлем ж‰йесі деп алған. 
А. Байтұрсынұлының тілдің дыбыс ж‰йесіне арналған қорытынды мақаласы 1928 жылы 
жарық көрді. Қорытынды болатыны‚ “А. Байтұрсынов еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші” 
(Сонда‚ 443-445 б.) осы мақаламен аяқталады‚ бұдан әрі бас қайғы болып кеткенін т‰сіну қиын 
емес. 
Мақала “Дыбыстарды жіктеу туралы” деп аталады. “Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан 
жіктейтін болсақ, әрі айтуына қарай, әрі сөз ж‰зінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек” 
(Сонда, 372-б.) – деп, акустикалық, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыққа алатынын 
аңғартады. 


8
Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы) және шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. “Толық” 
дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып, олар да екі айырылады”, – дейді. Бірақ 
қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шамасы, ашық, қысаңды мегзеп отырған 
сияқты. 
Бұдан әрі дауыстыларды аңғал (а, е, ы), қымқыру (о,ұ) т‰рлісі деп бөледі. “Аңғалдар орын 
талғамайды”, “қымқырындылар бас буыннан басқасында келмейді” (374-б.) Аңғалдар – езулік, 
қымқырындысы – еріндік дауыстылар. Сөйтіп еріндік дауыстыларды тек басқы (бірінші) буында 
ғана жазылатын етіп заңдастырған – Ахмет Байтұрсынұлы. Қалған буындарда айтыла ма, 
айтылмай ма? – оған жауап жоқ. 
Шала дауыстылар (қазір ‰нділер) ауыз шығысты (р, л, у, й) мұрын шығысты (ң, м, н) боп 
бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. 
Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), қысаң 
бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң – 
қазіргі ызың, шұғыл. 
Осылай “дауыссыздарды да қысаң (п, т, с, ш, қ, к), босаң (б, ж, д, з, ғ, г) жолды” деп екіге 
бөледі. Мұндағы қысаң, босаңы – қатаң, ұяң. Бұларды әрі қарай ашықтар (с, ш, ж, з), тұйықтар (п, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет