2
Қазіргі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқылатын фонетика осы сипаттамалы
фонетикаға жатады. “Қазіргі қазақ тілі курсы” бойынша жоғарғы
оқу орындарында оқылатын
фонетика оқулығы елуінші жылдардың бас кезінде жазылып, 1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі” деген
атпен шыққан тұңғыш академиялық оқулықтың бір тарауы болып енді. Авторы – Қазақстан
Республикасы Ғылым академиясының академигі С. Кеңесбаев. Содан бері екі рет қайта басылып
шықты.
1
Бұл – осы к‰нге дейін жоғары оқу орындарына арналған бірден-бір фонетика оқулығы
болумен бірге, осы саладағы зерттеулердің бәріне бағыт-бағдар сілтеп келе жатқан еңбек. Алайда
50 жыл бұрын жазылған оқулықта бұл к‰ндері сын көзбен қарауды
қажет ететін мәселелер де
жеткілікті.
Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген мың-мыңдаған сөздер бар. Біз
оларды орыс тіліндегідей етіп айтуға, сондай-ақ жазуға тиіспіз.
Мұның өзі орыс тілі
фонетикасымен де етене таныс болуды талап етеді. Орыс тілінің дыбыс ж‰йесін, фонетикалық
заңдылықтарын жақсы білгенде ғана әлгіндей сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге,
жетік білуге м‰мкіндік туады. Орыс тілі оқулықтар мен оқу құралдарына бай.
2
Тарихи (диахрониялық
) фонетика тілдің дыбыс ж‰йесін тарихи тұрғыдан қарастырады.
Дыбыстардың т‰рлері‚ олардың дамуы‚ тарихи өзгерістер‚ буын‚ екпін мәселелері‚ ‰ндестік
заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады.
3
Тілдің дыбыстық ж‰йесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің
фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру‚ даму ж‰йесін
айқындауға
м‰мкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс ж‰йесін салыстыра зерттеп‚ олардың ұқсастықтары мен
айырым белгілерін айқындау
салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады.
4
Салыстырмалы
және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да‚ зерттеулерде қатар
қолданылады
5
. Туыстығы жоқ‚ құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық ж‰йесін
салыстырып
зерттеу
салғастырмалы фонетиканың ‰лесіне тиеді
6
.
Достарыңызбен бөлісу: