Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды:
1) қазақ облыстары автономиясының сипаты;
2) жер мәселесін қайта қарау;
3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты.
Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады.
“Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.
“Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді:
- Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер,
- ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер,
- ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды.
- 1917 жылы 2 қазанда Түркістан қаласында съезд өткізіп, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына өз алдына бөлек депутаттыққа кандидаттар тізімін жасады. 14 адамнан тұратын бұл кандидаттар тізімі қатарында Лапин, С.Мақмұдқожа, С.Алдабергенов, С.Нұрмұхамедов, Садыққожа ишан, Х.Ибрагимов, Т.Ғалым, О.Мерейов, М.Мабирхан, Ә.Топчибашев, І.Бұралқиев, С.Юсупов, С.Наргелов, Ғ.Махдум болды.
- 1917 жылы күзде Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі революциялық комитеттер құруға кірісіп, бар билікті өз қолдарына алуға ұмтылғанда оған “Шуро-и-Улема” ұйымы табанды қарсылық көрсетті. Олар Түркістан өлкесі мұсылмандарын бірлік танытуға шақырып, кезекті өлкелік мұсылмандар съезін ұйымдастырды (қалаТүркістан өлкесі мұсылмандарының үшінші съезі).
“Шуро-и-Улема” 1917 жылы 25 қарашада құрылған Түркістан автономиясына да қолдау таныта қоймады. Керісінше кеңес өкіметімен ымыраға келу мақсатында 1918 жылы 17 қаңтарда өлкелік халық комиссарлар кеңесіне “Орыс социалистеріне” атты мәлімдеме жолдады. Онда жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің бар билікті қолына алуы сөзсіз мұсылмандардың қарулы қарсылығына ұшырататындығы ескертілді және өлкедегі билікті ұйымдастырудың өзге жолы ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |