I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/4
Дата15.03.2023
өлшемі54,52 Kb.
#74498
  1   2   3   4
Байланысты:
психология


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті

БӨЖ
Тақырыбы:Ойлау туралы жалпы ұғым

Қабылдаған: Үмбетова А.
Орындаған: Әнуарбек А.
Тобы: ЗҚТ - 111

Түркістан – 2023
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

  1. Ой тәсілдері

  2. Ойлау формалары

  3. Ой қорытындылары

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспаддағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлүматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең.
Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрйй кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы тайыи Тіледі. Ойлаудың бұл түрі оның тайымын онша кеңіте аямайды; Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шёңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішіндегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) Тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннін не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.
Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты қызығып өздерінде. нерв қалың елдердің, киіндіріп, ұйықтатып ойлау бастаған; Бұған қарап қыз баладарда бңрлогиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижссі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын— оның қажеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет