I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата15.03.2023
өлшемі54,52 Kb.
#74498
1   2   3   4
Байланысты:
психология

Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтезбірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда:загтардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі — абстракцы мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцяға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау абстракциялық ұгамды соған сөйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды қүлын, тай, қүнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мүндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті қүрал — нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз бір текті затгардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмүрт т. б. үқсас белгілері жиналып келіп,. «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белфіерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені » қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың ) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы — дүниенің барған сайын неғүрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен қүбы-лыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі — классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), түщы (қияқ, боз т. б.), қүрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйі үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б.. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқы отына — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т. б. жатқызамыз. Малды сондай-ақ жасына, жынысына, жүрісіне бөлу де ойдың осы тәсіліне жатады. Мөселен, жылқыны басына орай: қүлын, жабағы, тай, қүнан, дөнен, бесті т.б, десек; ал жынысына қарай: байтал, бие, ат деп айтамыз. Сиыр малын: бұзау, баспақ, жынысына қарай тайөгіз (еркегі), қашар (үргашысы) т. б. деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет