Тері ұрықтың екі жапырақшасынан басталып дамиды. Тері эпителиалды бөлігі-эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді қабаты-дерма қабатты – сомиттің туындысы дертомнан дамиды. Ұрықтың алғашқы аптасында терінің бір қабаты жалпақ жасушалардан, ал кейін 2-3 айлық ұрықта эпителий көп қабаттыға айналады. 3-айлық нәрестенің терісінде түктер, бездер мен тырнақ пайда бола бастайды.
Дамуы
Терінің 2 бөліктен тұрады 1. Көп қабатты жазық мүйізделген эпитииден тұратын жоғары эпидермис қабаты. 2. Дәнекер тінінен тұратын дерма қабаты. Жаңа туған еметін балалардың эпидермис қабаты өте жұқа және зақымдануға ерекше бейім. Мүйізді қабаты бар жоғы 2-3 қатар клеткалардан тұрады. Көптеген бөлігінде және жылтырауық қабаты жоқ. Тек алақан табан терлерінде аздап қана кездеседі. Базальды қабаты өте әлсіз дамыған.