Құрамы кератиноциттерден тұрады. Пішіні сопақша келген цитоплазмасында кератин белогы, кератиолинин филлагрин түйіршіктері болатын жасушалар. Филлагрин кератин тонофиламенттердің аггрегациясына қатысып аморфты матрикс түзеді. Аморф ты матрикске белоктор, липидтер, амин қышқылдары байланысып жасушалардағы ядролар мен органеллары ериді. Осының нәтижесінде жасушалардың құрамында көптеген кератогиалин түйіршіктері пайда болады.
Жылтыр қабат
Ядролары мен органеллары жойылған кератиноциттерден түзіледі.
Мүйізді қабат
Алақан,табан терісінде қалың, тіршілігін жойған кератиноциттерден немесе корнеоциттерден тұратын мүйізделген қабыршақты қабат.
Емізікше қабат болбыр қалыптаспаған талшықты дәнекер тіннен тұрады. Мұнда фибробластар, макрофагтар, тінді базафильдер, тегіс салалы бұлшық етті жасушалары болады. Трофикалық қызмет атқарады.
Торлы қабат - құрамында тығыз талшықты қалыптаспаған дәнекер тіннен түзілген. Коллогенді талшықтар будалары қатар және көлденең орналасып тор түзеді. Негізгі жасушалары - фибробластар. Торлы қабықта тер мен май бездері шаш орналасады.