II. Негізгі бөлім Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
“Жемісті, жақсы иісті бәйшешек
Аралайық пайдасын көрем десек
Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап
Үйретер талай тәлім, талай есеп “ – деп Шәкәрім атамыз айтқандай математика нақты ғылым болғандықтан ол барлық ғылымдармен байланысты. Сондықтан "математика біздің өмірімізге қалай әсер етеді?" деген сұрақ туындап, сол арқылы зерттеу жұмысын бастадым. Яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындылығы жайлы мәліметтер жинадым.Оқушыларға математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін көп жұмыс жасадым.
Негізгі сұрақ:
Математика сіздің өміріңізге қалай әсер етеді?
Күнделікті өмірде математикалық терминдерді қолданасызба?
Зат сатып алу үшінде математиканы білу қажетпе?
Математика - менің өмірім. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.
Мақсатқа жетудің әрқашан бірнеше жолы болады, бірақ тек бір жолды - ең жақсысын, ең сәттісін, ең оңтайлысын таңдай білген жөн.Бұл жағдайдағы қиындық - "ең жақсы", "жақсы", "сәтті" түсініктер бір мағыналы емес және олар мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттерге байланысты, Мысалға, бір жағдайда "ең жақсы" өлшем процесті жүргізу жылдамдығы болуы мүмкін, екіншісінде - оның бағасы, үшіншісінде - алынатын сенім сапасы, ал жалпы алғанда осы параметрлер тегіс бір уақытта критерий қызметін атқарады.
Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада....т.б. Дүкенге барғанда мен ойша қанша жұмсағанымды және дүкеншінің маған қайтаратынын есептеп тұрамын. Математика біздің өмірімізді тәртіпке келтіреді.