1.Математика асханада./Мектеп асханасында аспазшымен әңгіме/
Асханада қандай тамақты дайындамас бұрын ең алдымен рецепт дайындап аламыз. Асты дайындау үшін мөлшері бар.Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек.Мысалы,4 кісіден тұратын отбасына жеміс икрасын дайындау үшін 3:4:4 пияз,ащы қияр және сәбіз қажет.15 минут қайнатып, суық күйінде дастарханға қоямыз.Математиканың қажеттілігін күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!Әр қадам сайын жатқан математика емес пе?…
2.Математика бизнесте/ саудада/.
Базарға барып сауда жасасақ немесе өмірге қажетті практикалық өлшеулер жүргізгенде математикалық өте терең білім қажет деп ойламаймын. Математикалық терең білім математика бағытындағы мамандықты таңдаған адамға аса қажет және ол адам өз мамандығы бойынша өз саласын дамытады. Барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сондықтан математикаға қабілетібар адам ғана математикалық терең білім алып, ал математикаға қабілеті төмен адам күнделікті қажетті математикалық есептеулерді білсе жеткілікті. Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады . Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге есептеу мен дәлдіктер қажет болады.
3.Математика тігін саласында./Мектеп технологымен әңгіме/
Киім тігуде ең қажеттісі , ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу.Ол үшін математиканы білуіміз керек.Сантиметрлік өлшеммен оның иығын, ұзынды- ғын,жеңінің ұзындығын,енін өлшейміз.Сосын фасонын таңдап, өлшеп алынған өлшемдер бойынша қиямыз. Математикалық есеп бойынша қайырғанда матадан қосымша қалдыру керек екенін ұмытпай бәрін дәптерге жазып отырамыз.Содан кейін барып тігуге кірісеміз.Дәл, нақты өлшенген матадан сәнді де,әдемі көйлек тігіледі. Жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші , есеп дәлірек болғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |