I. компания туралы


IV.   ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата27.03.2017
өлшемі3,17 Mb.
#10467
1   2   3   4   5   6   7

IV. 

 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК. 

 

4.1. Апатқа қарсы тұрақтылықты қамтамасыз ету. 

 

 

«Богатырь Көмір» ЖШС өнеркəсіпті қауіпті объект бола тұра, үнемі  апатқа қарсы 



тұрақтылықтың жағдайын қамтамасыз ету жəне қолдау бойынша жұмыстарын жүргізеді.  

 

 

18



 

Компанияда 

«Богатырь 

Көмір» 


ЖШС 

қауіпті 


өндірісінің 

қауіпсіздігі 

декларациясы» əзірленді.  

 

Тау-кен  жұмыстарын  жəне  ТӨҚ  КазҒЗИ  өнеркəсіптік  қауіпсіздігінің  өзге  де 



нормаларын  қауіпсіз  жүргізу  жағынан  жобалы-техникалық  жəне  ұйымдастырушылық-

əдістемелік құжаттаманың нормативті келісімі жиі жүргізіледі.  

Кəсіпорын объектілерінде апатты жəне өзге де төтенше жағдайларды ескерту жəне 

жою  үшін  жыл  сайын  апатты-құтқару  жəне  техникалық  жұмыстарды  орындауға 

«МƏТҚО»  РМКК    ҚР  ТЖМ  ТЖ  жəне  ӨҚ  МБК  «КƏАҚҚ  ОШ»  филиалдарымен  келісім 

шарт жасалады. Шарт аясында қаралды: 

 кеніш ауасының құрамын, шахтаның тау-кен қазбаларының жəне өзге де қызмет 



көрсететін объектілердің шаң жарылғыш қаупін жəне шаң басуын, кəсіпорынның жаппай 

өртке қарсы қорғанудың жағдайын тексеру бойынша жоспарлық жұмыстарды жүргізу; 

 арнайы  жабдықтаумен  жəне  тыныс  алуды  онашалаудың  қорғану  құралдарын 



талап  ететін  техникалық  жұмысты  орындау  (шахтаның  тау-кен  қазбаларында 

бөлшектенетін құрылысын ашу немесе тұрғызу); 

 апатты жағдай, өрттер туындаған кезде жұмыстарды орындау, кəріз шахтасында 



сияқты, ашық тау-кен жұмыстарында да апатты-құтқару жұмыстарын өткізу. 

 

Өндірістік объектілердің барлығында апатты жоюдың тиісті бағдарламалары жəне 



жоспарлары  əзірленді, «МƏТҚО»  РМКК    ҚР  ТЖМ  ТЖ  жəне  ӨҚ  МБК  «КƏАҚҚ  ОШ» 

филиалының  мамандарымен  бірлесіп,  өртке  қарсы  жəне  апатқа  қарсы  жаттығулар 

өткізіледі.  

Кəсіпорында  қысым  астында  жұмыс  істейтін  жүк  көтергіш  машиналарды  жəне 

ыдыстарды  қауіпсіз  пайдалануды  бақылау  бойынша  топтар  құрылды.  Ғимараттардың 

техникалық жағдайына бақылау ұйымдастырылды. 

 

4.2. Еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік саласындағы саясат. 

 

Компанияда  негізгі  принциптері  өндірістік  жетістіктегі  жəне  экономикалық 

нəтижелердегі адам өмірінің жəне оның денсаулығының басымдылығы болып табылатын 

еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік,  өрт  жəне  өнеркəсіптік  қауіпсіздік  саласындағы  саясат 

əрекет  етуде,  ГОСТ 12.0.230-2007 еңбекті  қорғауды  басқарудың  жүйесі,  сонымен  қатар 

ҚРСТ OHSAS18001-2008  «Денсаулық жəне өнеркəсіптік қауіпсіздік менеджментінің жүйесі» 

табысты енгізілді жəне əрекет етуде. 

Еңбекті  қорғауды  басқарудың  белгіленген  жүйесімен  сəйкес  барлық  құрылымдық 

бөлімшелерде қамтылады: 

-  жұмыс  орындарында  жəне  технологиялық  үрдіс  терде  алдын  алу  шараларын 

өткізу,  өндірістік  жабдықтарды  жəне  технологиялық  үрдістерді  аса  қауіпсізге  ауыстыру 

жолымен кез келген қауіпті болдырмау бойынша шаралар; 

-  еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік,  өнеркəсіптік  жəне  өрт  қауіпсіздігі  мəселелері 

бойынша білімдерін тексеру; 

-  апатты  жағдайларды  жəне  жарақаттанатын  факторлардың  əсерін  болдырмау 

бойынша шұғыл шаралары; 

- жұмыс жағдайын жəне өткізілетін іс-шараларды талдау жəне бағалау; 

- еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік бойынша іс-шараларды, жұмыстарды жоспарлау; 

- тексеріс жəне түзеткіш əрекеттер; 

- жұмысты ұйымдастыру жəне қауіпсіз еңбекті шұғыл басқару; 

- еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ынталандыру. 

«Богатырь  Көмір»  ЖШС  құрылымдық  бөлімшелерімен  еңбекті  қорғау  жəне 

қауіпсіздік бойынша 2013 жылы өткізілген алдын алу жұмыстары туралы мəлімет. 

 

 



 

 


 

 

 



р/с №.  Атауы 

2012 


2013 

1. 


ЕҚ  жəне  Қ    өнеркəсіптік  тазалығының  жағдайына  

құрылымдық  бірліктердің  ИТЖ,  мамандарымен, 

басшыларымен тексерулер жүргізілді 

1983 2028 

2. 

Бұзушылықтар анықталды 12237 



12622 

3. 


Пайдалануға 

тыйым 


салынды 

(объектілерді, 

жабдықтарды, т.с.с) 

16 27 


4. 

Мемлекеттік    бақылау  органдарымен  тексеріс 

жүргізілді 

4 4 


4.1 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы.  

Анықталды/ Жойылды 

122/122 38/38 

4.2 

ӨТТББ. Анықталды/ Жойылды 62/ 



62 

30/30 


4.3 

МӨББ. Анықталды/ Жойылды 2/2 

54/54 

4.4 


МСЭББ Анықталды/ Жойылды 17/17 

14/14 


5. 

  

Еңбекті 



қорғау 

жəне 


қауіпсіздік 

бойынша 


бұйрықтар жəне үкімдер шығарылды 

 

386 



 

416 


6. 

Тəртіптік жауапкершілікке тартылды, адам 207 164 

7. 

  

Еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік  жағдайының 



жақсарғаны үшін мадақтау, адам/мың тг 

274/1684,0 

286/ 

2436,1 


8. 

ТƏК отырыстары өткізілді 

(ЕҚ  жəне  Қ  бойынша  тұрақты – əрекет  етуші 

комиссия) 

86 92 

 

Ережелердің жəне тазалық нормалардың талаптарына сəйкес жұмыс орындарында 



еңбек жағдайына тазалық-гигиеналық тексерістер жүргізілді, оның ішінде:  

 - 


ішкі  өрттер  аймағындағы  жұмыс  орындарында  азот  диоксидінің  жəне  көміртек 

тотығының барына; 

 - 

 

жұмыс аймағының ауасында күкіртті сутегінің барына; 



 - 

ашық тау-кен жұмыстарының аймағындағы жұмыс орындарында көмір шанының 

барына;  

 - 


желдеткіш құрылғылардың жұмысын тиімділікке сынау; 

 - 


еңбек  жағдайы  бойынша  өндірістік  объектілердің  аттестациясын  өткізу 

мақсатында. 

 

Компанияда  барлық  өндірістік  объектілер  аттестацияланды.  Зиянды  жағдайдағы 



жұмыс үшін жұмысшылар жеңілдіктермен өтемақы алады. 

 

Еңбектің  зиянды  жағдайымен  жұмыс  орындарының  əр  қайсысы  бойынша  «Еңбек 



жағдайын сауықтыру жəне жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» əзірленді. 

Еңбекті  қорғау  жəне  қауіпсіздік  талаптарын  сақтау  мақсатында 2013 жылдың 12  

айы ішінде келесі іс-шаралар орындалды: 

-  жұмысшылар  жеке  қорғану  құралдарымен,  арнайы  киіммен  жəне  аяқ  киіммен 

қамтылды; 

- кестеге сəйкес жұмыс орындарының еңбек жағдайы бойынша міндетті мерзімдік 

аттестациясы өткізілді; 

- жоспарға сəйкес ғимараттарға жəне құрылыстарға сараптама жүргізілді; 

- құрылыстар мен ғимараттардың ағаш құрылмаларын өрттен қорғайтын құраммен 

өндеу жүргізілді; 

-  бақылау  құралдарына,  оның  ішінде  радиоизотопты  құралдарымен,  иондармен 

қанықтырылған сəулеленудің жағдайын мемлекеттік тексерісі жүргізілді; 

 

 

19



 

 

20



- Бүкілəлемдік еңбекті қорғау күніне іс-шаралар өткізілді. 

 

Еңбек  жағдайын  жақсарту,  жұмыс  қауіпсіздігін  көтеру  мақсатында  келесі 



мақсатты іс-шаралар өткізілді: 

- «Богатырь»  кенішінің  «ПИТ-СТОП»  учаскесіндегі  шина  құрастыру 

жұмыстарының ғимаратын құру сомасы 11,9 млн.тенгеге жүргізілді. 

- КД СОБ блок-контейнерінен душтыларды құру сомасы 8,6 млн. тенгеге жүргізілді  

«Богатырь  Көмір»  ЖШС  бойынша  жалпы  іс-шараларынан  басқа  құрылымдық 

бөлімшелерде  əр  түрлі  өндірістің  жағдайларды  ескеретін  еңбекті  қорғау  бойынша  іс-

шаралар əзірленуде жəне орындалуда. 

 

4.3. Өндірістік жарақаттану. 

 

2013  жылы 2012 жылғы  есеп  беру  кезеңімен  салыстырғанда  қайғылы 



жағдайлардың төмендеуі байқалуда. 

 

№ 



Көрсеткіштер  

2012 


2013 

Ұйымда  жұмыс  істейтін  адамдардың  жыл  соңындағы 

саны, мың 

7283 7138 

1. 

оның ішінде əйелдер  



1833 

1843 


Жазатайым оқиғалар саны  



2. 

оның ішінде топтық  



Зардап шеккендер саны  



10 

3. 



оның ішінде əйелдер  



Зардап шегіп өлгендер саны  



4. 

оның ішінде əйелдер - 

Ауыр халдегі зардап шегушілер саны  



5. 



оның ішінде əйелдер - 

Тобымен жазатайым оқиғаға душар болғандар саны  



6. 



оның ішінде өлгендер  



Тобымен жазатайым оқиғаға душар болған əйелдер саны   - 

7. 



оның ішінде өлгендер - 

8. 



Кəсіби аурудан зардап шеккендер саны  

(алғаш рет анықталғандар) 

- - 

9. 


1000  жұмыс  істейтін  адамға  шаққандағы  жазатайым 

оқиғаның жиілік коэффициенті 

1,39 0,56 

 

Əр  жазатайым  оқиға  бойынша  тікелей  жəне  жүйелі  себептер  анықталып,  оларды 



жою бойынша шаралар əзірленді.  

 

Жазатайым оқиғалардың мынадай негізгі түрлері анықталды: 



- зардап шегушінің өрескел абайсыздығы; 

- көлік құралдарын пайдалану барысында қауіпсіздік талаптарын бұзу;  

- еңбек қауіпсіздігі жəне оны қорғау ережелерін бұзу. 

 

4.4. Денсаулықты қорғау жəне кəсіби аурулардың алдын алу. 

 

2013  жыл  бойы  «Богатырь  Көмір»  ЖШС  «Салауатты  өмір  салты»  бағдарламасы 



бойынша  іс-шараларды  іске  асыруды  жалғастырды.  Аталмыш  бағдарламаның 

үйлестірушісі  болып 2006 жылдан  бері  Компанияның  қызметкерлеріне  медициналық  

қызмет көрсетіп келе жатқан «Казанада» ЖШС табылады.  

«Казанада»  ЖШС  жарақат  алған  жəне  ауырған  кезде  жедел  жəрдем  көрсетеді, 

сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары бойынша ауысым алдындағы 

медициналық куəландыру жүргізеді. Жедел жəрдем бекітілген медициналық стандарттар 



 

 

21



бойынша  көрсетіледі. «Казанада»  ЖШС-де  оған  арналып,  оқытылған  жеке  құрам  жəне 

құрамына  заманауи  құрал-жабдық,  көлік,  дəрі-дəрмек  кіретін  материалдық  база  бар. 

Қажет  жағдайда  науқасты  оңтайлы  тасымалдауға  арналған  жүректі  жұмыс  істету 

аппараты – дефибриллятормен жабдықталған реанимобиль алдын ала қарастырылған.   

Құрылымдық  бөлімшелерде  санитарлық-эпидемиологиялық  ахуалды  жақсартуға 

арналған  санитарлық  дəрігер  бар.  Ол  душ  бөлмелеріне,  асханаларға,  тұрмыстық  жəне 

өндірістік  бөлмелерге  санитарлық  бақылау  жүргізуді,  қызметкерлердің  декрет 

шығарылған топтарына диспансерлік байқау жүргізуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, ауыра 

бастаған қызметкерлерді қабылдау жүргізіліп, қаланың емдеу мекемелеріне жолдама қағаз 

беріледі.  Вирустық  аурулардың  тарауын  алдын  алу  үшін  маусым  алдындағы  мерзімде 

вакцинация  жүргізіледі. 2013 жылы  «Инфлювак»  грипке  қарсы  вакцинасын  2000 адам 

алды.  Компанияның  бөлімшелерінде  қызметкерлерге 3800 қорап  «Ревит»  витамині  жəне 

1200 қорап «Ремантадин» дəрісі үлестірілді. 

Созылмалы  аурулар  мен  кəсіби  паталогияның  бастапқы  белгілерін  ерте  анықтау 

мақсатымен  кəсіпорында  жыл  сайын  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалаудың 

ұйғарымы  бойынша  профилактикалық  медициналық  тексерулер  өткізіліп  тұрады. 

Профилактикалық  тексерудің  қорытындысы  бойынша  «қауіп-қатер  тобы»  қалыптасады. 

Мұндай топты іріктеу критерийі болып жұмыс өтілі, зиянды еңбек жағдайларының болуы 

(діріл,  шуыл,  шаң,  газ  жайлаған  жағдай,  шамадан  тыс  дене  еңбегі  жəне  т.с.с.),  жасы, 

қосалқы  аурулар  табылады. «Қауіп-қатер  тобы»  бойынша 176 қызметкер  Компания 

қаражаты  есебінен  емделді.  Еңбекке  жарамсыздық  парағы  бойынша  əлеуметтік 

жəрдемақы төлеу 100%  орташа жалақы көлемінде төленеді.  

Қаланың жекеменшік клиникаларында 2000-нан астам адам жыл сайын жоспарлы 

стационарлық  емдеуден  өтеді.  Шамамен 4500 адам  поликлиникада  тексеріліп,  

амбулаторлық емдеуден өтеді.  

2013  жылы  жыл  сайынғы  кəсіби  дəрігерлік  тексеруден  жəне  флюорографиядан 

өткен  қызметкерлер  саны 6365 адамды  құрады.  Дəрігерлік  тексеруді  өткізуге  жұмсалған 

жалпы сома — 7,9 млн. тг. 

Күкіртті  сутек  пен  сутек  тотығы  бөлінетін  аймақта 50%-дан  кем  емес  жылдық 

жұмыс  уақытымен  жұмыс  істеген  қызметкерлерге  Компания  санаторий-курорттық 

емдеуден өтуге тегін жолдамалар береді.  

Есеп беру кезеңінде барлығы Компания қызметкерлеріне Ресей мен Қазақстанның 

шипажайлары мен емдеу-сауықтыру орындарына 376 жолдама берілді.  

Оның ішінде жыл бойы күкіртті сутек бөлінетін жағдайда 50% жұмыс уақытымен 

жұмыс  істеген 58 қызметкерге  жолдамалар  тегін  берілді  жəне 90 қызметкерге  аванс 

берілді. 

Компания үздіксіз жұмыс өтілі 5 жыл жəне одан да көп  қызметкерлерге санаторий-

курорттық емдеуден өтуге бір жаққы жол ақысы құнын өтейді.  

Компанияның  «Жасыбай»  атты  жекеменшік  демалыс  орталығы  бар.  Оның 

құрамына  Баянауыл  ұлттық    қорығындағы  Жасыбай  көлінің  жанында  орналасқан 

«Қарлығаш» балаларды сауықтыру орталығы жəне «Березка» демалыс үйі кіреді. 

«Жасыбай» 

демалыс 

орталығында 

сауықтырудан 

Компанияның 2571 

жұмысшыларымен  олардың  отбасы  мүшелері  өтті,  оның  ішінде  аз  қамтамасыз  етілген 

отбасынан 27 бала «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығында тегін демалды. 

 2013 

жылы  Инвестициялық  шығын  бюджетіне  жəне  «Березка»  демалыс  үйін 



көркейту  бойынша  дизайн-жобасына  сəйкес  демалыс  үйі  аумағын  көркейту 

бағдарламасының мынадай кезекті кезеңі іске асырылды: демалыс үйінде болу жағдайын 

жақсарту  үшін  тұрғын  үй  қорына  күрделі  жөндеу  жүргізу («люкс»  сыныбының 8 орны 

пайдалануға  берілді),  табиғи  тастан  төселген  жаяу  жүруші  жолын  жайластыру,  жаңа 

балалар алаңын жайластырып орналастыру, тұрғын үй корпустары арасындағы жаяу адам  

жүретін жолды жайластыру. Жыл сайын «Жасыбай» демалыс орталығының қолданыстағы 

ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу жəне оларды жақсарта түсу бойынша жұмыстар 


жүргізіліп отырады. 2013 жылы күрделі жəне ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша жалпы 

шығын сомасы 40,3 млн. теңгені құрады. 

 

4.5. Бұқаралық спортты дамыту. 

 

 



Компания үшін кəсіпорын қызметкерлері арасында салауатты өмір салты идеясын 

дамыту бағдарламасы маңызды да басымды орын алады.  

 

«Богатырь  Көмір»  ЖШС-нің  спорт-сауықтыру  кешеніне  мыналар  кіреді:  футбол 



алаңы,  ойын  залы,  ауыр  атлетика  залы,  фитнес  класс,  үстел  теннисін  ойнауға  арналған 

фойе, бассейні бар сауна, душ бөлмелері бар киім шешетін орын, үлкен тенниске арналған 

жасанды төсемі бар алаң жəне жағажай волейболын ойнауға арналған алаң.  

           ТКЖЖ  зауыты  аумағында  ойын  залы,  қалашық  алаңы,  футбол  алаңы  жұмыс 

істейді.  

           Есеп  беру  кезеңінде  Компанияның,  қаланың,  облыстың  жəне  ҚР-ның  бұқаралық 

спорт  іс-шараларын  өткізуге  жəне  оларқа  қатысуға 5,2 млн.  тг.,  спорт  жабдығы  мен 

бұйымын, спорт керек-жарағын сатып алуға  3,3 млн. тг. жұмсалды.  

Ауруға  шалдығуды  азайту,  қызметкерлердің  өмір  сүру  ұзақтығы  деңгейін  көтеру, 

өндірісте жұмыс уақытын ысырап етуді азайту үшін «2010-2020 жылдарға арналған дене 

шынықтыру  жəне  спорт  қозғалысын  дамыту  бағдарламасы»  іске  асырылуда.  Бұл 

бағдарлама  «Жаңа  он  жылдық – жаңа  экономикалық  өрлеу – Қазақстанның  жаңа 

мүмкіндіктері»  деп  аталатын  Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдауын  іске  асыруға 

сəйкес  əзірленді.  Бағдарламаның  мақсаты – өз  денсаулығы  үшін  адамның  ортақ 

жауапкершілігі принципін енгізу, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты 

дамыту жəне тарату. Түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жас категорияларының 

қызметкерлері тартылған. «Богатырь Көмір» ЖШС өнеркəсіп кəсіпорындары арасында өз 

қызметкерлерін спортпен шұғылдануға жұмылдыру бойынша көшбасшы орында келеді.   

 

Жыл  бойы  дене  шынықтыру  жəне  спортпен  шұғылданатын  қызметкерлер  санын 



ұлғайту бойынша (үгіт пен насихат арқылы) жұмыстар атқарылды.  

 

Серіктестік  қызметкерлерінің  көбі  өз  денсаулықтарын  нығайту  табысты  еңбек 



қызметінің, кəсіби өсуінің кепілі деп түсінеді. 

 

 



Дене  шынықтыру  жəне  спортпен  шұғылданатын  қызметкерлер  мен  олардың 

отбасы мүшелерінің саны:  

 

Жылы 


Спортты-сауықтыру  кешеніне 

қатысушылар, барлығы 

Серіктестіктің, қаланың, облыс пен ҚР-ның 

спорттық шараларына қатысқан 

қатысушылар саны 

2011 


1730 

320 


2012 

1860 


340 

2013 

1940 

380 

 

Спорттың 18 түрі  бойынша  Серіктестік  қызметкерлері  қатысқан  спорттық 



шаралардың саны:  

 

Жылы 



Серіктестік ішінде 

Сыртында (қала, облыс пен ҚР) 

Жалпы 

2011 43 


51 

94 


2012 46 

52 


98 

2013 48 

58 

106 

 

 



22

 

 



 

 

23



2013  жылы  Екібастұз  қаласының  кəсіпорындары  мен  ұйымдарының  арасында 

спорттың 13 түрінен  өткен  жұмысшы  Спартакиадасында  «Богатырь  Көмір»  командасы 

бірінші  орынға  ие  болды;  Астана  қаласындағы  «Самұрық-Энерго»  АҚ-ның 1-ші 

Спартакиадасында  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниясының  топ  қызметкерлері  арасында 

өткен спорттың 5 түрінен 1-ші орынды иеленді.  

 

 



 

V. 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  МЕНЕДЖМЕНТ  ЖƏНЕ  ҚОРШАҒАН  ОРТАНЫ 

ҚОРҒАУ. 

 

 



5.1. Экологиялық менеджмент жүйесі. 

 

 



«Богатырь Көмір» ЖШС-де тиімді енгізілген жəне қызмет етіп жатқан экологиялық 

менеджмент жүйесі баршылық.  

 

Мəскеу  қаласындағы  «ТЮФ  ЗЮД  РУС»  ЖШҚ  аудиторларымен  жүргізілген 5-ші 



байқау  тексерісінің  қорытындысы  ашық  тəсілмен  көмір  өндіру  жəне  көмірді  өткізу 

аясындағы ISO14001:2004 талаптардың  орындалғанын растайды. 

 

Серіктестік  басшылығы  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  бағдарламалар  мен 



міндеттерді  іске  асыруға  қажетті  ресурстарды  ұсынып  отырады.  Өзекті  міндеттер 

қоршаған  орта  көрсеткіштерін  жақсартумен  жəне  қоршаған  ортаға  зиянды  əсер  етуін 

қысқартумен байланысты.  

 

5.2. Табиғатты қорғау шаралары. 

 

2013 жылы төмендегідей қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар бағдарламасы 



орындалды:  

 Шаңды  басу  мақсатында – көмірді  экскавациялау  кезінде  суару  жəне  кеніште 



технологиялық  көлік  жолдарына  су  себу. 188,9 мың  м

көлеміндегі  шахта  суын 



технологиялық көлік жолдарын суаруға пайдалану шахта суымен бірге ластайтын заттар 

тасталындысының  көлемін 28,8 тоннаға  қысқартты.  Шаңды  басуға  жұмсалған  ағымды 

шығындар 111,6 млн. теңгені құрайды; 

 Үйінділерде  эндогенді  өрттерді  алдын  алу,  ауыздықтау  жəне  сөндіру  бойынша 



жүргізілетін  жұмыстар. 50,0 млн.  теңге  болатын  жоспар 89,5 млн.  теңгені  құрады.  Газ 

тəріздес ластайтын заттардың атмосфераға бөлінуінің төмендеуі 4,4 мың тонна; 

 Кəсіпорындағы  құрылымдық  бөлімдердің  аумақтары  абаттандырылып, 



көгалдандырылды. 15,6 мың  данадан  астам  ағаштар  мен  бұталар  отырғызылды.  Жасыл 

көшеттерді күту жұмыстарына жұмсалған шығындар 6,6 млн. теңге; 

 2013  жылы  «Северный»  кенішінің  «Южный»  үйіндісін  қайта  қалпына  келтіру» 



жұмыс  жобасына  сəйкес  қайта  қалыпқа  келтірудің  техникалық  кезеңі  бойынша 

атқарылатын жұмыстар жалғасын табуда.  

Есеп  беру  кезеңі  аралығында  табиғатты  қорғау  шаралары 1 262,8 млн.  теңгеге 

атқарылды. Шараны енгізуден түскен экономикалық əсері 195,9 млн. теңгені құрайды.  

 

5.3. Кəсіпорын қалдықтарының азаюы. 

 

Өндіріс  құрылымына  оңтайлы  өзгерістерді  енгізіп,  тұтыну  үшін  қалдықтарды 



азайтудың  оперативті  саясатын  өндіру  мақсатында  кəсіпорын  ішінде  жиналған 

қалдықтарды қайта өңдеумен, залалсыздандырумен, кəдеге жаратумен, қауіпсіз жою жəне 

тиімді  пайдаланумен  айналысатын  заңды  жəне  физикалық  тұлғаларға  жолымен 

қалдықтарды екінші рет пайдалану шаралары қарастырылған.  



 

 

24



 

 Ішкі  үйіндінің  қалыптасу  есебінен  аршу  жыныстарын  орналастырудың 



төмендеуі 11,1 мың м

3

 құрайды;  



 3224 тонна көлеміндегі қазандықтың күл қоқыстары батпаққа айналған аумақты 

абаттандыруға пайдаланылды; 

 234,9 тонна қайта өңделген май жиналды, соның 182,7 тоннасы өзге ұйымдарға 



берілді; 93,9 тоннасы жеке меншік мұқтаждыққа асырылды; 

 Құрамында  сынабы  бар  өтелген  шамдардың 8 400 данасы  пайдаға  асырылуға 



берілді; 

 Қолданыста  болған  шпалдардың,  қырлы  бөренелердің 1 288,2 м



3

, 915 өтелген 

автошиналар, 2410 п.м.  өтелген  транспортерлік  таспалар,  қолданыста  болған  металл 

бөшкелердің 936 данасы,  өтелген  аккумуляторлардың 9,52 тоннасы  тұтынушыларға 

берілді; 

 Өтелген электролиттің 4,0 тоннасы кейінгі пайдаланылуға берілді;  



 Қауіптілікі  Кəріптас  деңгейлі  қалдықтардың 121,8 тоннасы,  қауіптілігі  Жасыл 

деңгейлі қалдықтардың 3 399 м

3

, тұрмыстық қалдықтардың 3 881 м



3

 көмілуге жіберілді.  

 

5.4. Топырақ құнарлығын қалпына келтіру. 

 

Қазақстан Республикасының энергетика жəне минералды ресурстары министрімен 



келісілген  жəне  Павлодар  облысының  «Богатырь»  жəне  «Северный»  аясында  Екібастұз 

тас  көмірін  өндіру  келісім  шартымен  қарастырылған  қызмет  салдарын  жою 

бағдарламасына  сəйкес, 2013 жылы  «Южный»  үйіндісін  қайта  қалпына  келтіру 

жұмыстары жалғасын тапты.  

«Южный» үйіндісін қайта қалпына келтіру 2010 жылы «Қарағандыгипрошахт жəне 

К» ЖШС əзірлеген «Южный» үйіндісін қайта қалпына келтіру» жұмыс жобасына сəйкес 

іске асуда.  

2013  жылы  жерді  қалпына  келтіру 12 га  алаңға  жасалды.  Жұмыс  құны 

29,3 млн. теңгені құрайды.  

           Жерді  қалпына  келтіру  көмірді  өндіру  келісім  шартының  шарттарына  сəйкес 

құрылған жойылған қордан қаржыландырылады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

25



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет