И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары



бет2/6
Дата02.12.2023
өлшемі35,93 Kb.
#131679
1   2   3   4   5   6
Физиология дамуының қысқа тарихы. Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) – Ежелгі РимКлавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғасырда ғылыми физиология дамыды. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. И.М.Сеченов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:

  1. қан айналу;

  2. ас қорту;

  3. жоғарғы жүйке іс әрекеті.

Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.
Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдар Әбу Насыр Әл-Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді.
Павлов физиологиясының негізгі принциптері.
Тірі ағза - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді болады. Организмнің өзін-өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін ағзаның көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.
Зат алмасу – өмір белгісі және қажетті шарт болып табылады.
Адаптация – органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі ағзадан) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне ағзаның тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет