Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушылардың өзара кері есептерді шешу аспектісінде математикалық білім дағдыларын тиімді қалыптастырудың әдістемелік шарттарын анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
Курстық жұмыстың міндеттері:
Әдебиеттік шолу жасау;
Математика сабақтарында өзара кері есептерді шешуге және құрастыруға үйретудің маңызын анықтау;
Математика сабақтарында өзара кері есептерді шешуге және құрастыруға үйретудің ерекшелігін сипаттау;
Өзара кері есептерді шешуге және құрастыруға үйретуді іс-тәжірибеде пайдалану және нәтижесін талдау.
Зерттеу нысаны –бастауыш сынып оқушылардың математика сабағында білім деңгейін дамыту.
Зерттеу пәні – өзара кері есеп тапсырмаларын пайдалана отырып, бастауыш мектеп оқушыларының математика сабағында білім деңгейін дамыту.
Зерттеу әдістері: 1. Теориялық:
- психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқу және талдау.
2. Эмпирикалық:
- тестілеу;
- педагогикалық қадағалау;
- нәтижелерді жалпылау және мәліметтерді интерпретациялау.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе; 2 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Математика сабақтарында өзара кері есептерді шешуге және құрастыруға үйретудің маңыздылығы Математика сабағында өзара кері есептің мәні мен мазмұны
Математиканы оқыту процесінде есеп шығару үйрену өте маңызды. Себебі, мұның өзі ойлаудың дәлме-дәлдігін, негіздеулердің нақтылығын неғұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Қандай мамандық саласында болса да математика үнемі қолданыста болады.
Оқушының есепті шығару шеберлігі арқылы, оның математикалық ойлау жүйесінің дамуын және оның іс-әрекетінің белгілі бір сатысын анықтауға болады. Оқушыларды есептер шығару арқылы дамыту – бұл қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі.
Мәселе есептерді шығарудың тиімді әдісінің бірі – кері есептер әдісі.
Математика сабақтарында және арнаулы таңдау курстарда, мәтінді есептер шешу барысында кері есептер әдісін пайдалануға көп назар аударамын.
Кері есептер әдісінің маңыздылығы:
Есептің шешімі табылғанымен, жұмыс тоқталмайды: есепте қайтару арқылы кері есептер жасалып, есептегі шамалар арасында жаңа өзара байланыстар және қосымша мәлімет қалыптасады.Жана заман өсіп келе жатқан жастардың білім жүйесіне деген жаңа ағымдар талап етеді. Қазіргі уақытта, яғни жылдам өзгеріп отыратын әлемде қоғамның сұраныстарына сай келетін білімнің мықты жүйесі қажет.
Әсіресе, математикалық қабілеттіліктері жоғары оқушыларға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Әдетте математикалық қабілеттіліктер туралы түсінік екі түрде сипатталады:
1. математикалық қабілеттілікті шығармашылық қабілет деп түсінуге болады, яғни ғылыми математикалық қабілеттілік;
2. математикалық қабілеттілікті оқу қабілеттілігі деп түсінуге болады, яғни математика пәнінің іліміне деген қызығушылықтан пайда болатын қабілеттілік (ұғыну, меңгеру).
Математикалық қабілеттілік логикалық тұрғыдан ойлай білу белгілерімен, өзінің назары мен ойын басқара білумен сипатталады. Егер біртіндеп кейбір мәселелерді оқушылардың өздері қойып, оны өздері шешуге қол жеткізсе, онда мұғалім оқушылардың математикалық қабілеттіліктерінің дамуын ең жоғарғы деңгейіне жеткізді деп есептеледі.
Есепті шығару барысында осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығы пайда болады, математика пәнін оқуға деген ынтасы арта түседі, себебі олар білімдерін іс жүзінде қолданатынын көреді.
Тура есепті кері есептерге түрлендіру барысында оқушылар есептегі шамалар арасындағы өзара кері байланыстарды анықтап, өз бетінше есеп мәтінін, есепке орынды сұрақтар құрастырады. Осындай әрекет арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті артады.
Кері есептер әдісін қолдану арқылы оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениеті, математикалық тілі дамиды, шығармашылық және ойлау қабілеті артады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына тура және кері есептерді жеке-жеке қарастырғаннан гөрі бір есепті екінші есепке айналдыру, яғни түрлендіру процесі құнды.
Білім жаттанды түрде емес, керісінше ойлау нәтижесінен және шығармашылық жұмыстардың арқасында алынған болса ғана оқушының білімі терең және нақты болар еді. Сондықтан да, оқушыларға жаңа бағытта математика пәнін оқытудың маңызы зор.