2.2 Математика сабағында өзара кері есепті шешу және құрастыруға үйрету әдістемесі
Сабақтардың үзіндісін мысал ретінде қарастырайық.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Бастауыш сынып оқушылардың «Математика сабақтарында өзара кері есептерді шешуге және құрастыруға үйрету» арналған тапсырмаларды таңдау және практикалық қолдану.
Эксперименттік жұмыс Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2 «Д» сыныбында жүргізілді. Оған 15 адам қатысты. Эксперименттік жұмыстың мақсаты:
• - оқушылардың кері есеп және өзара кері есеп сияқты ұғымдарды ажырата білу қабілетін қалыптастыру;
• - оқушылардың өзара кері есепті шешу мен құрастыру дағдысын қалыптастыру;
• есепті шешу техникаларын пайдалану дағдыларын бекіту.
Эксперименттік жұмыс үш кезеңнен тұрады:
1. Анықтау эксперименті.
2. Оқыту эксперименті.
3. Бақылау эксперименті.
Кезеңдердің әрқайсысының өз мақсаттары бар.
1) Анықтау эксперименті.
Мақсаттар:
- осы тақырып бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау;
- осы тақырыпты оқудағы қиындықтарды және олардың себептерін анықтау.
Анықтау эксперименті барысында оқушыларға бақылау жұмысы ұсынылды. Сыныптағы ынтымақтастықты анықтау мақсатында алынған сауалнама нәтижелері төменде көрсетілген (кесте-1).
Кесте-1. Математика сабағынан балалардың білім деңгейін анықтау мақсатында алынған бақылау нәтижелері
Деңгей, кезең
Балалардың Т.Ә.А
|
Анықтаушы кезең
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Рустем Б.
|
|
|
х
|
2. Карим С.
|
|
х
|
|
3. Алауаддин Н.
|
|
х
|
|
4.Даниярқызы А.
|
|
|
х
|
5.Нұрстұлтанқызы Р.
|
|
|
х
|
6.Парсахан М.
|
|
х
|
|
7. Аллабергенова Д.
|
|
|
х
|
8. Сабыржанқызы К.
|
|
|
х
|
9.Сайфулла Б.
|
|
х
|
|
10.Сейсенбекқызы Ш.
|
|
|
х
|
11.Алмат Б.
|
|
|
х
|
12. Усеров С.
|
х
|
|
|
13. Сайфиддин К.
|
|
х
|
|
14. Заутбек А.
|
|
х
|
|
15.Нуржанатқызы К.
|
х
|
|
|
|
13,3 %
|
33,4 %
|
53,3 %
|
Математика сабағын оқыту барысында оқушылардың білім деңгейін анықтау әдістемесі бойынша келесі пайыздық көрсеткіштерді алдық (Жоғары деңгей: 13,3%; Орташа деңгей: 33,4%; Төменгі деңгей 53,3%). (№2 кестені қараңыз).
Кесте 2. Сандық, пайыздық көрсеткіш (анықтау кезеңі)
Екінші кезең (оқыту эксперименті). Оқыту экспериментінің барысында оқушыларға өзара кері есептерді шығару бойынша оқытудыі әртүрлі әдіс-тәсілдері пайдаланып сабақатар жүргізілді. Сабақ барысында қолданылған тапсырмалар жиынтығы төменде 1-суретте берілген.
Сурет-1. Өзара кері есепке берілген тапсырмалар үлгісі
Сабақ соңында білім деңгейін қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында оқушылардан «Өзара кері есеп» тақырыбынан бақылау тапсырмалары алынды. Нәтижесі 3-кестеде берілген.
Кесте-3. Математика сабағында білім деңгейінің даму нәтижелері нәтижелері (қалыптастыру кезеңі)
Деңгей, кезең
Балалардың Т.Ә.А
|
Анықтаушы кезең
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Рустем Б.
|
|
х
|
|
2. Карим С.
|
х
|
|
|
3. Алауаддин Н.
|
х
|
|
|
4.Даниярқызы А.
|
|
х
|
|
5.Нұрстұлтанқызы Р.
|
|
х
|
|
6.Парсахан М.
|
х
|
|
|
7. Аллабергенова Д.
|
|
х
|
|
8. Сабыржанқызы К.
|
|
х
|
|
9.Сайфулла Б.
|
|
х
|
|
10.Сейсенбекқызы Ш.
|
|
|
х
|
11.Алмат Б.
|
х
|
|
|
12. Усеров С.
|
х
|
|
|
13. Сайфиддин К.
|
|
х
|
|
14. Заутбек А.
|
|
х
|
|
15.Нуржанатқызы К.
|
х
|
|
|
|
40 %
|
53,3 %
|
6,7 %
|
Кесте 4. Сандық, пайыздық көрсеткіш (бақылау кезеңі)
Жұмыстан кейін біз анықтау кезеңі мен зерттеудің қалыптастыру кезеңінен алынған мәліметтерді салыстырдық. Көрсеткіштерді талдай отырып, біз әзірлеген сабақтар кешенін өткізу барысында топтық жұмысты қолдануды ұйымдастыру кезінде сыныптағы ынтымақтастық деңгейі артқанын қорытындылауға болады
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, оқушылардың білім деңгейін, сондай-ақ қызығушылығы мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзара кері есеп тапсырмалардың рөлі зор екенін көрсетті. Өзара кері есептерді шешу нәтижені алдын ала болжау, түсініксіз жағдайларда дұрыс жолды іздеу қабілеттерін дамытады. Математиканы оқу көп және қажырлы еңбекті қажет еткенімен, қаншама пайда әкеледі және қиындықтарды жеңеді.
Мәселе есептерді шығарудың тиімді әдісінің бірі – өзара кері есептер әдісі.
Математика сабақтарында және арнаулы таңдау курстарда, мәтінді есептер шешу барысында кері есептер әдісін пайдалануға көп назар аударамын.
Кері есептер әдісінің маңыздылығы:
Есептің шешімі табылғанымен, жұмыс тоқталмайды: есепте қайтару арқылы кері есептер жасалып, есептегі шамалар арасында жаңа өзара байланыстар және қосымша мәлімет қалыптасады.Жана заман өсіп келе жатқан жастардың білім жүйесіне деген жаңа ағымдар талап етеді. Қазіргі уақытта, яғни жылдам өзгеріп отыратын әлемде қоғамның сұраныстарына сай келетін білімнің мықты жүйесі қажет.
Әсіресе, математикалық қабілеттіліктері жоғары оқушыларға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Әдетте математикалық қабілеттіліктер туралы түсінік екі түрде сипатталады:
1.математикалық қабілеттілікті шығармашылық қабілет деп түсінуге болады, яғни ғылыми математикалық қабілеттілік;
2.математикалық қабілеттілікті оқу қабілеттілігі деп түсінуге болады, яғни математика пәнінің іліміне деген қызығушылықтан пайда болатын қабілеттілік (ұғыну, меңгеру).
Математикалық қабілеттілік логикалық тұрғыдан ойлай білу белгілерімен, өзінің назары мен ойын басқара білумен сипатталады. Егер біртіндеп кейбір мәселелерді оқушылардың өздері қойып, оны өздері шешуге қол жеткізсе, онда мұғалім оқушылардың математикалық қабілеттіліктерінің дамуын ең жоғарғы деңгейіне жеткізді деп есептеледі.
Есепті шығару барысында осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығы пайда болады, математика пәнін оқуға деген ынтасы арта түседі, себебі олар білімдерін іс жүзінде қолданатынын көреді.
Тура есепті кері есептерге түрлендіру барысында оқушылар есептегі шамалар арасындағы өзара кері байланыстарды анықтап, өз бетінше есеп мәтінін, есепке орынды сұрақтар құрастырады. Осындай әрекет арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті артады.
Кері есептер әдісін қолдану арқылы оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениеті, математикалық тілі дамиды, шығармашылық және ойлау қабілеті артады.
Өзара кері есептерді шешудің бұл әдістері оқушыларды алғашқы абстракцияларға дағдыландырады, логикалық мәдениетті тәрбиелеуге мүмкіндік береді, оқу үшін қолайлы эмоционалдық фон құруға көмектеседі, мектеп оқушыларының проблеманы шешуге және математиканы оқуға байланысты эстетикалық сезімін дамытады, бірінші кезекте қызығушылықты оятады.
Практикада есептерді шешудің әртүрлі әдістері қолданылады.
Тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу, шешудің әртүрлі әдістерін қолдану, мәселені түсінуге көмектесетін әдістерді қолдану, шешім жоспарын құру, оны орындау, шешімді тексеру, шешімнің әрбір кезеңдерін орындай білу дағдыларын дамыту.
Бұл жұмыстың нәтижесі қарапайым мәтіндік есептерді шешудің оқыту әдістерін ашу, олардың классификациясы болып табылады.
Мәтіндік есептерді шешу мектептегі математика курсының тақырыптарын оқудың міндетті нәтижесі ретінде қарастырылады;
- оқушыларға есеп мәтінін математика тіліне аударуды үйрету керек. Тапсырма арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтауға, оқушыларда аналитикалық және синтетикалық белсенділікті қалыптастыруға үйрету қажет.
- өзара кері есептерді шығару қабілетін қалыптастыру жұмысы қарапайым есептерді шығару әдістерін қарастырудан басталуы керек;
- бір мәселені шешуді әртүрлі әдістермен қарастыру мақсатқа сай;
- оқытудың соңында осы тақырыпты жүйелеу және жалпылау қажет (шешу әдістері жағынан да, мазмұны жағынан да тапсырмалардың жіктелуін қарастыру);
- оқу жұмысының өзара кері тапсырмаларды құрастыру, өзара кері тапсырмаларды оқушылардың өздері құрастыру сияқты түрлерін қолданған тиімді.
Осы әдістемелік ұсыныстарды орындасаңыз, қарапайым өзара кері есептерді шығаруға үйретудің тиімділігін арттырып, оқушыларды құрама есептерді сәтті шешуге дайындауға болады.
Бұл жұмыста бірқатар міндеттер шешілді:
- өзара кері есеп тапсырмалардың не екенін анықтадық және олардың жіктелуін қарастырдық;
- өзара кері есеп тапсырмамен жұмыс істеу формалары мен әдістерін қарастырып, талдап, тиімділерін анықтады;
- қарапайым тапсырмамен жұмыс істеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін жүйелеу.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша айтқым келеді, мектеп оқушыларының есеп шығаруға үйрету процесінде дамуындағы ең үлкен нәтижеге математика сабақтарында және рефераттық және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған сыныптан тыс жұмыстарда арнайы тапсырмаларды жүйелі қолдану нәтижесінде қол жеткізуге болады. Стандартты емес есептер мен күрделілігі жоғары есептерді шешу бастауыш сынып оқушылардың математикалық көкжиегін кеңейтеді және оларға айналадағы шындықтың қарапайым үлгілерін сенімдірек шарлауға және математикалық білімді күнделікті өмірде белсендірек пайдалануға мүмкіндік береді.
Курстық жұмысты жазу кіші жастағы оқушыларды өзара кері есептерді шешуге үйрету үдерісін тереңірек зерттеуге және ең алдымен бастауыш мектепте, содан кейін білім берудің басқа деңгейлерінде есептерді шешудің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |