I мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер жүріп, түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан белгілі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі64,22 Kb.
#43959
түріЛекция
1   2   3   4

3 бет

  • Түрік қағанаты езіне бәсекелес тайпаларды, этникалық құрамы мен шаруашылығы әр-түрлі елдер мен халықтарды тәуелді етті. Тәуелді ету екі бағытта жүргізілді. Бірі - саяси тұрғыда, яғни билеуші әулеттің билігін мойындату, екіншісі - кесімді алым-салықты төлету арқылы экономикалық тұрғыда жүзеге асырылды. Нәтижесінде көшпенділер құрған мемлекет империялық дәрежеге жетті. Бұл тұрғыдан алғанда Түрік қағанаты ғұндардың дәстүрін жалғастыра отырып, Еуразия кеңістігіндегі күшті империяға айналды. Ежелгі түркі тайпалары өзіндік сапалық ерекшеліктері бар өркениет ошағын қалыптастырды. Онда көшпенді және отырықшы мәдениеттердің өзара ықпалы, қала мәдениеті мен урбанизация үдерісі ерекше орын алды. Діни құндылықтарға деген сұраныс Түрік Елінде буддизм, христиандық және кейінірек ислам сияқты әлемдік діндердің таралуына жол ашып берді. Мұның бәрі қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымына да әсер етпей қойған жоқ еді. Түркі өркениетінің үздік үлгісі - тастағы жазулардан қолжазбаларға дейінгі жолдан өткен өзіндік, дербес түркі жазуының қалыптасуы болып табылады.
  • Түркі Елінің бастауы мен оның тұңғыш қағаны туралы ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде алғашқы түркі шежірешісі Йоллығ тегін: «Биікте Көк тәңірі, ал төменде Қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған Адам баласы үстіне ата-тегім - Бумын қаған мен Истеми қаған отырған. Олар түркі халқының Ел-жұртын қалыптастырған, иелік еткен… Басыбарды идірген, Тізеліні бүктірген! Шығыста Қадырқан қойнауына дейін, батыста - Темір қақпаға дейін жайлаған. Екі аралықта жүрген иесіз көк түріктерді осылай қоныстандырған екен. Білге (дана) қағандар екен, алып (ер) қағандар екен!» деп жазады. [34, 51-б.] Бұл деректерде қағанаттағы билік жүйесі - Будун - Ел - Торю, яғни «Халық - Мемлекет - Заң» үлгісінде келтірілген.

4 бет

  • Түрік қағанатының ыдырауына бір жағынан, сол кезеңге дейін бытыраңқы болып келген Қытай Суй ( 581-618 ) әулеті тұсында айтарлықтай күшейіп, Түрік қағанатына қысымын арттыра бастаған еді. Екінші жағынан, түрік қоғамындағы билеуші Ашина руының ішінде билікке талас басталған болатын. Ал, 581-583 жылдары Түрік қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұралатып кеткен зор жұт болды. «Түркілер нанның орнына үгітілген сүйектермен қоректенді», - деген, сол қасіретті кезеңнің куәгерлері. Сонымен бірге, осынау ұлан-ғайыр аумақты ұзақ уақыт басқару да аса қиын болатынды. 603 жылы Түрік қағанаты дербес екі мемлекетке белінді: Шығыс Түрік қағанаты (Орталық Азия аймағында орналасты) және Батыс Түрік қағанаты (Орта Азияда орналасты). Шығыс Түрік қағанаты Қытайға бағынышты болып, саяси дағдарыстың ұзақ кезеңін бастан кешірді. Оның қайта өрлеуі Құтлық-Елтіріс қағанның тұсында басталды. Шығыс Түрік қағанатының едәуір күшейген кезеңі оның ағасы Қапаған қағанның және игілікті істері «мәңгілік тасқа» түсірілген Білге қаған мен Күлтегін билігі тұсында жетті.
  • Батыс Түрік қағанатының ( 603-704 ) негізін «Он ок будун» (Он Оқ елі) құрады. Олар Қаратаудан Жоңғар тауларына дейінгі байырғы үйсіндер жерін, сонымен бірге Шығыс Түркістан мен Орта Азияның отырықшы-егіншілік жазираларын алып жатты. Соғды мен Бұхарада да қағанның уәлилері отырды. Батыс Түрік қағанатының ондағы иелігі Амудария мен Гиндукуштың бастауларына дейін, Исфиджаб пен Шаштан Оңтүстік Ауғанстан мен Солтүстік-батыс Пәкістанға дейін жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет