I мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер жүріп, түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан белгілі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі64,22 Kb.
#43959
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Тарих 2

5 бет

  • 630-634 жылдары Батыс Түрік қағанаты Сырдариядан батысқа қарай Орта Азиядағы саяси ықпалынан айырылып қалды. Осы кезеңнен бастап мемлекетте дағдарыс кезеңі басталды. Оның басты себебі, сыртқы жаулардың қысымы және тайпалық одақтар арасындағы билік үшін күресі еді.
  • Жетісуға қытайлар басып кіріп, 657 жылы Батыс Түрік қағанатының әскері жеңіліске ұшырап, саяси дербестігінен айырыла бастады. Енді қағанатты басқару Қытай әкімшілігінің бақылауымен жүзеге асырыла бастады.
  • Батыс Түрік қағанатының құлауының нәтижесінде, оның басқа аймақтарында күшті мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Еділ жағалауында және Солтүстік Кавказда Хазар қағанаты, Сырдария мен Арал жағалауында Оғыз мемлекеті, Жетісуда - Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылды. Ал, Енесей аймағында Қырғыздардың мемлекеттік бірлестігі, Моңғолияда - Ұйғыр (тоғыз оғыз) қағанаты пайда болды. Бұл этникалық-саяси бірлестіктер Түрік қағанатының әлеуметтік, мәдени, әскери, мемлекеттік әкімшілік дәстүрлерін жалғастырды.
  • 2. Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Қидан мемлекеттері
  • 699 жылы Жетісудағы түргеш тайпаларының көсемі Үшелік Батыс түрік ағанатындағы Қытай императорының қолшоқпарын шеттетіп, билікті өзқолына алады. Түргештер Шу-Іле өзендерінің арасындағы аумақта, Батыс Түрік қағанатының батыс бөлігін мекендеген және Жетісудан өтетін керуен жолының маңызды бөлігін бақылауында ұстаған тайпа еді. Олар іле қара түргештері және Шу сары түргештері болып екіге бөлінген.
  • Үшелік қаған Түргеш қағанатының ( 704-756 ) негізін қалады. Оның астанасы алғашқыда Суябта орналасты, кейін Таразға ауысты. Түргештер осы аймақта өз ықпалын орнатуға ұмтылған қытайлармен, арабтармен үздіксіз күрес жүргізді. Бұл кезеңге дейін арабтар Иран, Ирак, Сирия, Палестинаны жаулап алды да, Батыс түрік қағанатының қарсылығын жеңе отырып, оның оңтүстік бөлігін Араб халифатының құрамына қосып алды. Қағанаттың оңтүстік аймақтарына арабтардың енуімен бірте-бірте ислам діні де тарала бастайды.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет