I мыңжылдықта Евразия аймағында этникалық өзгерістер жүріп, түркі тілдес тайпалар басым бола бастайды. Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылдан белгілі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған



бет4/4
Дата18.10.2022
өлшемі64,22 Kb.
#43959
түріЛекция
1   2   3   4

6 бет

  • Түргеш қағанаты Іле қара түргештерінің көсемі Сұлық (Сұлу) қағанның билігі тұсында күшейе бастаған. Сұлық дипломатиялық саясатты белсенді жүргізеді. Ол Түргеш қағанатына одақтас мемлекеттердің қатарын көбейту мақсатында Шығыс Түрік қағанаты қағанының қызына, сондай-ақ Тибет патшасының қызына үйленеді. Осындай дипломатиялық қадамдарының нәтижесінде Сұлық қаған Қытайдың агрессиясын уақытша болса да тоқтатады. Алайда, түргештер үшін зор қауіп Сұлықты өздерінің ықпалына көндіруге тырысқан арабтардың тарапынан да төне бастаған еді. Бірақ Сұлық қаған оларға қарсы табанды күрес жүргізгендіктен, арабтар оны Абу Музахим (Сүзеген) деп атады.
  • VI-VIII ғасырларда соғдылардың Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс аударуы жүрді. Соғдылардың көшіп-қонуы халықаралық сауданың дамуымен және Орта Азияда арабтардың ықпалының күшеюімен тығыз байланысты болды. Арабтардың үстемдігіне кенгісі келмеген соғдылар Қазақстан аумағына қоныс аударып, мұнда арабтармен күресте түрік тайпаларымен одақтасады.
  • Жетісудағы Түргеш қағанатының орнына Қарлұқ қағанаты келді. Қарлұқ қағанаты 756-942 жылдар аралығында тарих сахнасында болды. VIII ғасырға дейін қарлұқ тайлалары Батыс Алтай мен Тарбағатай аймағын мекендеген түркі тілдес тайпалар болатын. VIII ғасырда ұйғырлардың ығыстыруымен олар Жетісуға және одан әрі батысқа қарай қоныс аударып, Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі, Балқаш пен Ыстықкөл аралығына қоныстанады. Қарлұқтардың көсемдері елтебер, жоғарғы билеушісі жабғы, ал 840 жылдан бастап қаған атағын иемденді. Қарлұқтардың тайпалық одағына бірқатар көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай-ақ түркіленген соғдылар кірді.

7 бет

  • XII ғасырда Қарахан мемлекеті саяси дағдарысты басынан кешірді. Қарахан билеушілері Жетісуды басып алып, өз мемлекетін құрған қидандардың ықпалына түседі. Қарахан әулетінің ислам дінін қабылдауы мемлекет тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 955 жылы Сатұқ Бограхан ислам дінін қабылдайтынын жариялайды. Ал 960 жылы Қарахан мемлекетінің Жетісу аймағындағы 200 мың отбасы исламды қабылдаған. (Сатұқ Бограханның арабша аты - Абд-әл-Керим). Осыған байланысты Қарахан мемлекеті кезінде мұсылмандық мәдениет қанат жая бастады. Дінмен бірге араб жазуы, ғылым, мұсылмандық білім беру жүйесі, сәулет өнеріндегі мұсылмандық стиль кең тарады.
  • XI ғасырдың басында Жетісуда Қарақытай (қидан) мемлекеті (1128-1213) орнады. 916 жылдың өзінде-ақ қидан билеушісі өзін Ұлы ханмын деп жариялап, Қашғардан Ұлы Қытай қорғанына дейін, ал кейін бүкіл солтүстік Қытайды жаулап алып, Ляо (темір) империясын құрған еді. Бірақ, кейіннен Амур бойынан көшпенділердің аса күшті тайпалары келіп, қидандарды батысқа қарай ығыстыра бастады. Сөйтіп Қазақстан мен Орта Азия жерінде Қарақытай (Қидан) мемлекеті пайда болды. Қарақытай мемлекетінің билеушісін урхан деп атаған. Олардың ордасы Баласағұнда орналасты. Жетісумен бірге қарақытайлар өз иеліктерін Оңтүстік Қазақстан мен Мауераннахрға дейін жеткізді. XII ғасырдың аяғында Қидан мемлекеті Орталық Азиядағы ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Оған Ертіс пен Амудария аралығындағы жерлер кіріп, Ферғана мен Самарқанд билеушілері алым-салық төлеп тұрды. Бұл аумақтағы түбегейлі өзгерістер қидандардың соңғы гурханы Чжилугудің (Чжулху, 1169-1203ж (немесе 1214 жыл)) билігі кезінде болды. Себебі, XIII ғасырдың басында Шығыс Қазақстан мен Моңғолия аймағынан Күшлік хан бастаған наймандарды моңғолдар ығыстырып, олар Жетісуға келіп орналасу үшін күрес жүргізген еді. Найман ханы Күшлік бір жағынан, хорезмшах Ала-әд-Дин Мұхамедке, екінші жағынан, қарақытайларға ойсырата соққы беріп, олардың Жетісудағы иелігін өзіне қаратып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет