I Модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері болып табылады:
Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай білу, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдық, шығармашылық. Қазіргі жаңашыл педагогтардың негізгі идеясы:
Баланы мәжбүр етпей оқыту, өзін-өзі қадірлеу, мақсаттылық, өзін іс жүзінде көрсете білу. Педагогикалық функция – бұл:Оқыту процесін жүргізу, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.
Педагогикалық іс-әрекет анықталады:Теориялық зерттеумен.
Педагогтың жоспарлау жолындағы міндеті:Тәрбие процесін жоспарлауда әрекет бағытын анықтау.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі педагогтың міндеті:Әрбір бағыттағы адам үшін нақты міндеттерді анықтау.
Әлеуметтік орта – бұл:Адамның қоғамдық, материалдық, рухани тіршілік ету жағдайы, іс-әрекеті
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, ішкі күштер. «Индивид» ұғымы білдіреді:Ешқандай қасиеттері ескерілмейтін адамзат тұқымының жеке бір өкілін.
Тұлғаны әлеуметтендіру:Адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне ықпалдастыру.
Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары 4 топқа бөлінеді:Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.
«Даралық» ұғымы сипаттайды:
Адамның басқа адамнан, тұлғаның басқа тұлғадан ажыратылуын, қайталанбастығын, ұқсамастығын, ерекшелігін. Адамды әлеуметтендіру факторлары:Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.
Әлеуметтендірудің мезофакторлары (А.В.Мудрик бойынша) :Этномәдени жағдайлар, аймақтық жағдайлар, орналасу типтері.
Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету жағдайлары:Қоғамның талабын ескеру, тәрбиенің мазмұндылығы, дамудың ең жақын аймағына бағдарлану, тұлғаның белсенді ұстанымы, дамудың жалпы заңына сүйену, жеке және жас ерекшелігін ескеру.
Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуін сипаттайтын сапалар: Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивті қатынас, толеранттылық.
Даму - бұл:Адамның танымдық-шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, көзқарасы мен сенімінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.
Қалыптасу – бұл:Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі.
Мемелекеттік құндылық, қоғамдық құндылық, тұлғалық құндылық – бұл құндылық сипаттамасы:Білімнің.
Көпмәдени тұлға:Түрлі мәдениеттер арасында ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға.
Білім беру мен мәдениеттің байланысы:Мәдениет адамға білім берудің алғы шарты мен нәтижесі ретінде қатысады.
Этномәдени орта – бұл:Халықтың этникалық санасын көрсететін мәдени құндылықтар.
Мәдениет – бұл:Адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде құрастырған материалдық және моралдық құндылықтарының жиынтығы.
Белсенді өмір позициясын қалыптастыру.Белгілі бір мінез-құлықты іштей өзінің қабылдауы.
Жеке және қоғамның мінез-құлықтық, терең рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар мен дүниетанымдық негіздері :Менталитет.
Жалпы адамзаттық құндылықтың қалыптасуы:Патриотизм, интернационализм, борыш.
Қоғам мен тұлғаның өзара қатынасы:Адамның құқықтары мен еркіндігін сақтау.
Адамды тұлға ретінде қалыптастыру үшін қоғамға қойылатын талаптар:Рухани дамыған көпмәдени тұлғаны қалыптастыру.
Этномәдени білім беру – бұл:Тұлғаны этномәдени ұқсастыру бағытын сақтауда ана тіліне, дүниежүзілік мәдени құндылықтарды меңгертуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі.
Этнопедагогикалық білім – бұл:Ұлттың әлеуметтік, мәдени тәжірибелерін танытатын ақпарат жиынтығы.
Педагогикалық мамандықты таңдау байланысты:Адамның қызығушылығы мен қабілеттілігіне.
А.Климовтың жіктемесі бойынша педагогикалық мамандық жататын жүйе:«Адам-адам».
Педагогикалық білім:Педагогикалық категорияларды, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру заңдылықтарын, әдістерін, қағидаларын білуі.
Мұғалімнің профессиограммасы – бұл:Мұғалім тұлғасына қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері:Саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипаты.
Іс-әрекеттің құрылымы компоненттердің бірізділігі түрінде қарастырылады:Мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.
Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің маңызды көрсеткіштері:Білімді, тәрбиелі, дамыған тұлға.
Педагогикалық іс-әрекеттің конструктивті компонентін құрайтын біліктер тобы:Іс-әрекет түрлерін жоспарлау, жобалау, оқу материалын таңдау және жүйелеу.
Педагогикалық іс-әрекеттің коммуникативтік компонентін құрайтын біліктер тобы:Оқу-танымдық біліктілігі.
Педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық компонентін құрайтын біліктер тобы: Оқушыны түрлі іс-әрекетке қатыстыруға, ұжымды қалыптастыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағыттау біліктілігі.
Педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік бағыттылығының мәні:Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, шығармашылық даралығын дамыту.
Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипатының мәні:Оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен тұрақты ынтымақтастық қарым-қатынаста болу.
Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мәні:Оқу-тәрбие жұмысының жаңа тиімді формаларын іздестіру және жетістікке жетудегі белсенді процесс.
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын зерттеген:Н.В.Кузьмина, А.И. Щербаков.
Педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі:Мұғалім тұлғасы.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі:Тұлғаның білімділігі, тәрбиелілігі, жан-жақты дамуы.
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жүзеге асырылады:
Оқушының білімді теориялық меңгеруі және оны қолдану білігі мен дағдысын, шығармашылық іс-әрекет тәсілін қалыптастырумен, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеяларды саналы түсінуімен. Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайды:Ізденіс.
«Субьектілік» ұғымы сипаттайды:Тұлғаның іс-әрекетке белсенді, саналы және өз бетімен қатысуын.