«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»



бет20/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері емтихан сұрақтары Асылтас

5. Сыбайлас жемқорлықтың мәні.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізгі терминдердің бірі ретінде анықталған сыбайлас жемқорлық латын тілінен "соггитреге" сөзі мағынасына қарай "мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы" дегенді білдіреді, "сатып алу" терминінің мәні ретінде - әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен Қазақстанда мемлекеттік саясат басымдықтарының заңнамасы мен моральдық нормаларына қайшы келетін пайдалануын білдіретін термин.
6. Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін қауіп-қатері.
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет