«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың пайда болу тарихы



бет21/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
7. Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың пайда болу тарихы.
Ендеше “Сыбайлас жемқорлық”, - ұғымына, тарихына көз жүгіртсек.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екіншіжартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздіңэрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырғанМану Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмніңдіни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді.
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі.
Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзжұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері депатаған.
Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі депсанаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек», - деп жазылған.
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. Әбу Насыр Әл-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған. ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама меннашар шенеуніктер деп көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет