Міржақып Дулатов



Дата18.12.2023
өлшемі15,09 Kb.
#140696
Байланысты:
stud.kz-28110


Міржақып Дулатов
(1885-1935)
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді.
Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді.
«Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек.
Екі жасында шешеден,он екі жасында әкеден жетім қалған жас өспірімнің бұдан былайғы тәрбие қамқорлығы Асқар ағасыныңмойнында қалады.1897 жылы ол Торғай қаласындағы жаңағы екі кластық орыс – қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шығады.Содан алты жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
Әлі шәкірт жасындағы ұстаз жігіттің кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді әлеуметтік, саяси,шығамашылық қызметі, міне, осы кездерден басталады.Мыржақып туралы сөз қозғағанда біздің де жітірек ойланып, оның өмір жолына үңіле қарайтын тұсіміз осы.
Бұл қай кез? Уақыт жағынан алсақ, талай халықтардын үстінен небір сұрапыл дауылдарды соқтырып өткен 20 ғасырдың басы. Ал қазақ қауымының хал жағдайына орайластыра ой жіберсек, бұл кезең даланың денесіне жан бітіп, қимылға келе бастаған кезі.
Әлеуметтік саяси жағынан алғанда, бұл кезең патшалықтың қазақ даласында отаршылдықты құрт күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге тізесін батыра түскен жылдар еді. Өткен ғасырдың аяқ кезіндегі атышулы Столыпин заңынан кейн қауымнан босатылған орыс шаруалары жаппай қазақ өлкесіне көшіріліп, патша әкімшілігінің зорлығымен жергілікті халықтың оты суы мол, ең шұрайлы жерлері жаңа қоныстанушыларға тартып әперілген.
Бұл жағдай сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана сезімдері оянып, туған халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қағаберіс қалып, марғау жатқан елдің тағырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Сол қапастан құтылудың ең бірінші қамы ілгергі елдердің қатарына қосылып, өнер білімге тартылу деп білген олар өздерінен бұрын өткен ағыртушы ағаларының дәстүрін жалғастырып, қалың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысын өрістетті.
Алғашында осындай таза ағартушылық сарында туындап, кейін саяси сипат ала бастаған бұл қозғалыс ғасырдың бас кезінде патшалықтың саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің әр түрлі ұлттық аймақтарында, әзірісе біздің түркі тілдес ағайындардың арасында ұлт азаттық, либералдық демократиялық сарындағы сана сезімнің ояна бастауы жағдайында аңық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсете бастаған.
Міне, осындай тарихи ахуалда ел ішінде жас ұрпаққа білім ұрығын сеуіп жүрген Міржақып сияқты көңілі сергек, көкірегі ояу жас мұғалім халықтың тағдырына байланысты саяси әлеуметтік мәселелерден оқшаулынып самарқау қала алмағаны, әрине, заңды еді.
Қалың қазақты ортадан шығып, айналасы 4-5 жылдың ішінде уездік мектептен дүниелік пәндерің негізі жөнінде жалпылама ғана мағлұмат алып шыққан жас жігіттің болашақта үлкен білімдар болып шығуы үшін және заманның аяқ алысын аңғарып, соған қарай қаракет жасайтын қайраткер болып қалыптасуы үшін, өзгені былай қойғанда, мынадай екі қажет сияқты болып көрінеді.
Біріншісі – мектептен алған білімдік танымдық мағлұматтарды өздігінен оқу арқылы жүйеге келтіріп жетілдіру және екіншісі сол білгенін ел өмірімен салыстырып , оның тілек талабына бағындыра білу, соған орайластыра іс қимыл жасауға бейімделу.
Жасы жиырмаға толмаған балаң жігіттің бойында осы екі қасиеттің екеуі де бар еді. Оның үстіне, іздену түйгенін де, күн сайын көзі көре жүріп, өзгеге айтқысы келген әсерін де жұрт көңіліне қонымды өлең шумақтарымен жеткізе алатын , табиғаттың бағалы сыйындай ақындық дарын да жігіт бойынан белгі бере бастап еді.
Қысқасы, өрелі ой мен өршіл талап өз бойынан сәтті ұштастық тапқан жайсаң жас алыс қияндарды аңсаған алғыр қырандай өмірден кең өріс іздеді, үлкен мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш сермейтін даңғылға қарай асықты.
Ол кезде Міржақып осынау тың сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет ағасының есімін де еміс еміс естіп жүретін. Өйткені жақсының аты әрбір қыр асқан сайын өсіп, зорайып отыратын қазақ даласында осы өңірдің өз түлегі, кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қарқаралы жақты дүбірлеткен атақ даңқы Торғай табанында да жаңғырығып жатпауы мүмкін емес еді.
Ынтық көңілге соны нысана етті ме, әлде қалың өмірдің қайнаған ортасын аңсады ма, қалай болғанда да Мыржақып 1904 жылы алыс та ұзақ сапарға аттанып, сол кезде Арқадағы қазақ оқығандарының бас қосатын бір орталығы- Омбы қаласына тартады.
Бұл Россиядағы буржуазиялық-демократиялық бірінші револю- цияның қарсаңында ел іші дүрлігіп, қоғамдық қозғалыс қазандай қайнап, бұрқырап тұрған шақ болатын.
Міржақып Омбыда әуелі астыртын жұмыстан басталып, кейін жария сипат алған революциялық жұмысқа белсене араласады.
Осындай қызу қимылмен көзге түскен жиырмадағы жас жігіт осы сапарында қазақ Конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
Кеше ғана Торғай топырағынан аттанған ауыл мұғалімінің әлеуметтік саяси көзқарасының қалыптасуында, ой өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінде бұл сапардың шешуші маңызы болғаны, әрине, түсінікті. Саяси күрескерліктің алғашқы сабақтарын Омбы мен Қарқаралыда Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов мектебінен алған Міржақып астанаға барғанда одан әрі кеңейтіп, пысықтай түседі. Сол замандағы ұлттық, демократиялық қозғалыстың басқа да бірсыпыра қайраткерлерімен жүздесіп танысады. Өзін де танытып қайтады.
1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңінің басылу сырында да осындай сабақтастық қисын бар еді.Ал осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында Дулатов қаламынан туған «Біздің мақсатымыз» атты басмақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп те осы мақала болса керек.
Өйткені осыдан екі жыл кейін жарық көрген. «Оян, қазақ» атты өлеңдер жинағы конфескеленіп, автор патшалықтың әкімшілігі тарапынан саяси қуғынға ұшыраған кезде, жандарм қызметкерлерінің тағатын негізгі кінасының өзі сол Петербургте тұтқындалған газет мақаласының идеяларын әрі қарай уағыздағандығы деп көрсетілген.
Міржақып Петербург сапарынан туған Торғайына белсенді қайраткер, саяси күрескер ғана емес, сонымен бірге шабатты ақын да болып оралады.
Сонау мектептегі шәкірт кезінде әредік ойына оралып кететін ұйкыста ырғақтарға қаншама мен бермей жүрсе де, одан берегіректе ауыл мұғалімі болған кезінде сабақ арасындағы оймен қалған оңашалықта сүйкей салған шумақтарды болашағым осы болар ау деп ешқашан ойламаса да, мына сапардан кейін, өз өлеңі «Петерборда тасқа басылып» газет бетінде шыққанын көргенде, айтсам ау деп көкейін тесіп жүрген бір ойын жастарға өлең арқылы тәп тәуір етіп жеткізе алғанын сезінгенде, ол өз бойындағы дарын нышанына мүлде басқаша қарайтын болады. Енді ол бүтіндей шабытқа беріледі. Ойына түйген жайларды, айналасындағы ел жұртына айтар сөзін ол деоеу өлең жолдарына өріп, қағазға түсіре бастайды.
Сөйтіп, біріне бірін жалғастыра, жеделдете жазып, әр түрлі тақырыптар төңерегінде ой толғаған тебіреністері бірер жылдың ішінде әжептәуір жинақ болып тізіледі. Болашақ кітабының арқалайтын әлеуметтік жүгін айқын түсінген ақын дереу Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасын «Оян, қазақ!» деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.
Шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусының қадірі қандай болса, тұған халқының рухани өміріндегі бұл үш жинақтың да маңызы дәл сондай еді. Сондықтан, алдыңғы екеуі сияқты «Оян, қазақ» та қолдан қолға, ауздан ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның атақ даңқын өте алыс қияндарға алып кетті. Ізін суытпай, оны екінші рет бастыруға тура келді.
Бірақ бұл кітап жас авторға халық арасындағы абырой беделмен бірге патша әкімдерінің тарапынан қуғын сүргінді ала келеді. Мұғалім жігіт тергеу орындарының бақылауына алынады. Ақыры ол тұған жерден тайғақтап, өзі көрген Омбы жаққа, Ақмола облысындағы Қызылжар қаласына қарай жылыстап кетеді. Осының артынша «Оян, қазақ !» та кофескеленеді.
Қызылжарға барғаннан кейін бақылауда жүрген Міржақыптың ресми орындарда белсене жұмыс істеуіне мүмкіндігі болмайды. Сот кеңесінде там тұмдап тілмаштық қызмет атқарады. Жеке адамдарға жалданып, мұғалімдік қызметін жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінде сабақбереді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алса керек.
Революция толқыны күшпен басылып, ел ішін реакцияның қара түтіні қайта торлағанкезде, әрбір қадамы санаулы болған саяси сенімсіз жігіт басқа қоғамдық қаракетке бара алмай, көбінесе шығармашылыққа шоғырланады. Тынымсыз ізденіс үстінде тың сонарларға ұмтылып, соныға қалам сілтейді. Поэзияда қаламы төселіп қалған автор енді жаңа бір шабытпен проза саласында, күрделі жанрда күш сынап көрмек болады.Ол дереу жазуға кіріседі. Айтқандай ақ, шығарма тез жазылады да, дәл сол 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен басылып шығады.
Бұл кезде Міржақып өз творчествосын өлең мен проза жанрында қатар дамытады. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе «Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Сонымен бірге қағілез жігіт қазақ даласындағы әлеуметтік өмірден де қол үзбей, жіті құлақ түріп, халық тұрмысының жай жапсарын қадағалап отырады.
Әр өлкедегі ел тұрмысын өз көзімен көріп білгісі келеді. Осындай ниетпен 1911 жылы қалың қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай саяхатқа шығады. Бірақ бұл кезде патшалық тыңшыларының қалт еткізбес аңдуына алынған еркін ойлы азамат Семей қаласына келген бойда ақ полицияның тырнағына ілінеді. Осындай алдында ғана саяси айыппен қамауға алынып, сотсыз, тергеусіз сегіз ай абақтыда отырған Ахмет ағасының артынша бұл кісі де Семей түрмесінде табаны күректей бір жарым жыл отырады.
Бұл кезде атақ даңқы ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, патшаның әкімшілік орындарына соншалықты құбыжық көрінген Міржақыптың атын атап, баспа жүзінде хабар берудің өзі әжептәуір айыпты іске айналады. Мәселен, Міржықып Семейде қамауға алыныпты деген хабар жариялағаны үшін «Айқап» журналына 300 сом, «Уақыт» газетіне 100 сом айып салынады.
Абақтыдан шыққан бойда Міржақып тағы сол ел шетінен жер аударылған Ахаңның ізімен Орынборға қарай беттейді.
Арада алты жеті жыл өтіп, ел өмірінде, халық тұрмысында күрделі өзгерістердің куәсі болған , өз бастарынан да талай оқиғаларды кешкен аға мен іні, ұстаз бен шәкірт, ал одан да гөрі дұрысырағы ортақ мұрат жолында бас байлаған жанкешті екі дос арасында айтылар сыр да, талқыға салар кеп те көп еді.
Қыр өлкесінің ағартушылық демократиялық бағыттағы тұңғыш биресми басылымы айтулы «Қазақ» газетін шығару жөніндегі Байтұрсынов пен Дулатовтың бірлескен қызметі осылай басталады.
Келелі іске газеттің бас редакторы Байтұрсыновпен бірге қазіргі ұғым бойынша оның орынбасары, редаккцияның жауапты хатшысы сияқты міндеттерді қоса атқарған сенімді серігі Дулатов қосқан үлес те ұшан теңіз болған.
«Оян, қазақтан» бергі кезеңде жазылған өлеңдерін 1913 жылы Орынборда «Азамат» деген атпен жинақ етіп шығарып, 1914 жылы «Бақытсыз Жамалды» Қазанда қайтадан бастырып,1915 жылы «Терме» атты жинақ пен «Оян, қазақтағы» өлеңдерін Орынборда тағы бір жаңғартып, өзінің ақын жазушылық тұғырын әбден нығайтып алған Міржақып осы жылдары журналистік, публицистік дарынын да мейлінше аша түседі.
М.Дулатов қаламынан туған осындай татымды мақалалар ішінде әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтыған, солар жайынан оқырманға өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады.
Мәселен, 1914 жылғы 23 июньде шыққан 67- санында «Абай» атты мақаланы Міржақып ұлы ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына орайластырып жазған. Онда автор Абайды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп атап, туған әдебиетіміздің болашақ дамуындағы оның орны мен маңызын тап басып айтқаны біз үшін өте көп нәрсені аңғартады.
Газеттің 1913 жылғы 6 апрельдегі санында М.Дулатовтың Ғабдолла Тоқайдың қайтыс болуына байланысты тебіреніп жазған мақаласы, 1915 жылғы 31 октябьдегі санында этнограф, фольклорист Әбубәкір Диваев туралы қызықты деректер келтірілген зерттеу материалы жарияланған
Енді Міржақыптың әдеби мұрасы жөнінде біраз сөз.
Ақынның революциядан сегіз жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны «Оян, қазақ» деген атынан ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылған:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекр жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас ты.
Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы тағы неше түрлі қасірет атаулы осы төрт жолға толық сыйғызылған.
Жинақты қара сөзбен жазылған шағын кіріспесінен кейінгі «Қазақ халқының бұрынгы һәм бүгінгі халі» деген өленінде халықтың басындағы ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, оныңелдік мүддесіне қызмет ету әрбір саналы азаматтың ең бірінші борышы екенінақын былай деп түйіндейді:
Адасып қараңғыда сорлы қазақ,
Ай тумай, күні һәм шықпай, тұр таң атпай?
Сөндірмей жанған өртті көрген адам
Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?!
Содан кейінгі «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты», «Қазақ жерлері» сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін еркін көшіп қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы дәстүрлерін жырға қосады.
Бірақ ол өткеннің бәрі жақсы еді деп жоқтамайды, сол заман қайта келсе екен деп көксемейді. Оны халқымыздың басынан өтіп кеткен бір тарихи кезең деп қарайды да, қазіргі тұрмыстың, бүгінгі күннің қам қаракетін бірінші орынға қояды. Өткен тарихты ғибрат, тағылым ретінде ғана ұсынады.
Қанекей, осы айтқанның бірі бар ма,
Айтылса сөздің кәміл хақиқаты?
Бұл күнде бұларды ойлап қайғыда жүр
Бар болған данышпандар парасаты.
Оқыған пайда берер жастарымыз
Һәр істен болса егер мағлұматы.
Дәріптеу былай тұрсын, қайта өткен заманның келе келе аза бас таған көлеңкелі жақтарын сыншыл көзбен, сарапшыл оймен таразыға салып, бүгінгі мүшкіл халіміздің бір себебін сол кездегі бейқамдық пен берекесіздіктен іздейді.
Сол кезде біздің қазақ ала болған,
Көлденең дұшпандары және болған.
Күштісі нашарларын шауып алып,
Бұрынғыдай болмаған, пәле болған.

Ел шауып кісі өлтірсе батыр деген,


Батырлар пақырлардың хақын жеген.
Біз мұндай бұл уақытта болар ма едік,
Істесе халық пайдасын ғақылменен?
Бір кезде өз еркімен Россияға қосылып, соның құрамындағы әр түрлі ұлыс ұлттармен бірге ел қатарлы тіршілік етерміз деген халық үмітінің ақталмағанын, патшалықтың отарлау саясаты бұратана атанған бұқараның арқасынан аяздай қысып бара жатқанын шерлі жүректен запыран төгіп айтқан ақын зары осынау қарңғы қапастан құтылудың бірден бір жолы бірлік пен ынтымақта, болашақты ойлаған саналы іс әрекетте, өнер білімге ұмтылған өршіл талапта екенін қайта қайта ұғындырған жан айқайы «Таршылық халіміз хақында аз мінажат». «Насихат ғұмұмия» атты ұзақ өлеңдердің негізгі арқауы болған.
Бірі жеті бөлімнен тұратын (небірі 53 шумақ), енді бірі жиырма жеті бөлімнен тұратын (140 шумақ) осы екі өлеңдіавтордың негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы баяндалған поэзиялық монологтар деп бағалауға болар еді.
Жас орнына көзімізден қан кетіп,
Қолымыздан ата мирас заң кетіп...
Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,
Кұр әншейін рухы қалып, жан кетіп...
Кім жазалы өзімізден көрмесек,
Төбемізге шығардық қой дәндетіп.
Осындай творчетсволық кемел шағында, республикадағы мәдениет революциясы ісіне белсене ат салысып жүрген кезінде Міржақып Дулатов Сталин Голощекин озбырлығының қармағына ілінді .Баяғи өткен оқиғалардың жаңғырығы қайта қоздырылып, 1928
жылдың желтоқсанда бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясыныңүкімі бойынша алғаш ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жылға абақтыға қамау жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қыркүйектін 5 күні, елу жасқа толуына бір ай қалғанда, Ақтеңіз Балтық каналының бойындағы Сосновец станциясында лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болды.Сөйтіп, есіл ер жалған жаланың жазалы мерзімін өтей алмай, азап бейнетпен дүниеден өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет