Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
Ресурстар проблемасы;
Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
Энергетикалық проблема;
Демографиялық проблема;
Климаттың өзгеруі;
Экологиялық проблемалар;
«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
Қауіпті ауруларды жою;
Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
Қылмыспен және терроризммен күрес;
Наркобизнеспен күрес.
Экологиялық проблемалар:
Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
Парникті эффект (жылу эффекті).
Қышқыл жаңбырлар.
Әлемдік мұхит проблемалары.
Аймақтық экологиялық проблемалар:
Ормандардың азаюы.
Шөлейттену
Өнеркәсіптік қалдықтар
Қала экологиясы:
көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы;
адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).