«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстарды жіктеу



бет5/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстарды жіктеу.

Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген
Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.

  1. В.И. Вернадскийдің Биосфера мен ноосфера туралы ілімі.

В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары (принциптері):
1) биосферадағы химиялық элементтердің биогендік миграциясы өзінің максималды көрінуіне ұмтылады. Яғни өмір әрқашан өзіне жайлы кеңістікті толтыруға тырысады;
2) геологиялық уақыт аралығында түрлердің эволюциясы биосфера атомдарының биогендік миграциясының ұлғаю бағытында жүріп отырады, яғни олар өсіп өнуге, көбеюге ұмтылады;
3) Жер тарихы бойында оны қоныстану сол кездерде тіршілік еткен тірі заттар үшін ең жоғарғы мүмкіндікте болды.

  1. Табиғатты ұтымды пайдалану тұрақты даму аспектілерінің бірі ретінде.

Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды.
Мониторинг жүйесінің деңгейлері
Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар: санитарлық-улылық, экологиялық және биосфералық мониторинг.
Санитарлық-улылық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайларын, ең алдымен зиянды заттар, ұсақ ағзалар және паразиттердің ластандыру дәрежесін бақылау, осы ластанудың адамға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі (биогеоценоздардағы) және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу, сондай-ақ су, жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау. Табиғи кешендер, биогеоценоздар, биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыру жолымен анықтайды. Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі, белгілі уақыт аралығындағы құрлық немесе су аудандарының бірлігі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортаға адамның антропогендік өзара әсерінің дәрежесі туралы жер құнарлылығының, тұщы су қоры мен сапасының төмендеуі, тұрғылықты жердің шөлге немесе батпақты жерге айналуы, минералдық ресурстар қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады. Табиғи құрамбөліктердің сипаты мен бұзылу шамасы туралы пікір айтуға болады. Олар қорғалатын, қорыққа айналған аумақтармен, үлгі өлшем (эталон) деп аталатын тұрақты тәжірибелік үлескілермен байланыстырылып, жануарлар қылығымен (олардың жылыстауы, тағамдық байланысының өзгеруі және т. б.) теңдестіру немесе салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмір қышқыл газының, озонның,жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озон қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны, қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкен кеңістіктердегі өсімдік жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестердің үлкен зиян келтіруі тәрізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жою немесе бәсеңдетуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұған әр түрлі ұшу құралдары (ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет