Авторлық және сабақстас құқықтар - өнертапқыштық құқығы, тауарлық белгі, тауардың шығатын жерінің атауы кіретін өнеркәсіптік меншік;
- әдебиетке, музыкаға, көркем, аудио-визуалды шығармалар енетін әдеби-көркем. Интеллектуалдық меншіктің екі түрі де мазмұнына қарай абсолютті құқыққа ие, тек қана құқық иесі туындыларын табыс табу мақсатында пайдалана алады, ал үшінші жақты тұлғалардың оның келісімінсіз мұндай құқығы жоқ
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЬЪЕКТІЛЕРІ
Фотосурет туындылары
Драмалық және музыкалық-драмалық туындылар
Карталар, жоспарлар
Хореография және пантомимо туындылары
Аудио-бейне туындылары
Кескіндеме, мүсін, графика туындылары
ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар
Мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар
Сәулет, қала құрылысы
Әдеби туындылар
- Сабақтас құқықтар – орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады.
- Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын адамға тиесілі болады. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ісінде елімізде біршама жұмыстар жасалуда. Сабақтас құқық саласындағы заң бұзушылықтар үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер көзделген.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде туындыларды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 129-бабында интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сату, тасымалдау және дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |